Биік таудан бөдене қалай асты
Сабақ туралы мәлімет
Ақтөбе қаласы, №21 үш тілде оқытатын орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі — Мажитова Алтын.
Пән / сынып
Ана тілі, 1-сынып
Сабақ тақырыбы
«Бөдененің құйрығы неге қысқа?» және тасымал
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға мәтінді түсініп оқыту, мазмұнын ұғындыру, байланыстырып сөйлеуін дамыту және құстар туралы қорытынды ой айтуға жетелеу.
- Оқу-жазу дағдыларын жетілдіру, сөздерді буынға бөліп тасымалдауға үйрету арқылы сөздік қорын және сөйлеу тілін дамыту.
- Достыққа, адамгершілікке, батылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Суреттер, кесте, сызбалар, қима қағаздар, интерактивті тақта
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, бейнелеу өнері
Әдіс-тәсілдер
Көрнекілік, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, оқу, ойын, топтастыру, «ой қозғау» стратегиялары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындау, оқу құралдарын түгендеу, сынып назарын сабаққа шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) «Ой қозғау» сұрақтары
- Сөз неден құралады?
- Сөзді буынға қалай бөлеміз?
- Тасымал деген не?
Өлеңмен жұмыс: «Ағайынбыз бәріміз»
Өлеңді мәнерлеп оқыту, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу:
- Өлеңде не туралы айтылған?
- «Ағайынбыз бәріміз» дегенді қалай түсінесің?
Сәйкестендіру тесті
Берілген сөздерден тасымалданатын және тасымалданбайтын сөздерді бөліп көрсет:
2) Жаңа тақырыпқа көшу: ребус
Ребусты шешіп, «Бөдене» сөзін буынға бөліп, тасымалдау түрлерін айту:
Буынға бөлу
Бө-де-не
Тасымал 1
бө-дене
Тасымал 2
бөде-не
III. Жаңа сабақ: «Бөдененің құйрығы неге қысқа?»
98-жаттығу
- Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу, мұғалімнің түсіндіруі және мәнерлеп оқуы.
- Мәтіндегі қиын сөздерге түсінік беру.
Сөздік жұмысы
- ызаланған
- қатты ашуланған
- зымырап
- зулап, өте шапшаң
Оқулықпен жұмыс
- Оқушылардың мәтінді кезекпен оқуы.
- Мәтін бойынша сұрақ-жауап.
Мәтін бойынша сұрақтар
- Әңгіме не туралы?
- Биік таудан бөдене қалай асты?
- Бөдене қандай құс?
- «Ең», «ал», «аса» сөздерін тасымалдауға бола ма?
Ереже: тасымалданбайтын сөздер
«Ең» және «ал» — бір буынды, ал «аса» — екі буынды (а-са), алғашқы буыны бір дыбыстан тұрады. Сондықтан бұл сөздер тасымалданбайды.
Жалпы, бір буынды және алғашқы буыны бір дыбыстан тұратын екі буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: ер, көл, шаш, ө-зен, е-мен.
Сергіту сәті
Қыран құстай самғаймыз,
Әлемді біз шарлаймыз.
Биік-биік шыңға өрлеп,
Тыныштықты қорғаймыз.
99-жаттығу
«Сиқыршы жолда қапшығындағы сөздерді шашып алыпты». Оқушылар сөздерді жинауға көмектеседі.
Дәптермен жұмыс: 100-жаттығу
Жұмбақты көшіріп жазып, шешуін тап:
Бір қазанның ішінде,
Екі түрлі сүт тұрар.
Жауабы: ( )
Тасымалдауға болмайтын сөздердің астын сыз.
Шығармашылық жұмыс
Берілген сөздерді «өзеннің ар жағына» қалай тасымалдауға болады? Тасымалдап болғаннан кейін, әр сөзді өз орнына қойып сөйлем құрастыр.
IV. Сабақты бекіту
- Мәнерлеп оқу дағдысы
- «Не үйрендік?» қорытындылау
- Әдемі жазу дағдысы
- Сөзді дұрыс тасымалдау
- Бөденедей батыл болу
Қорытынды ой: бөдене сияқты батыл, күшті, өжет болуға ұмтыламыз.
V. Сабақты қорытындылау
Бөдененің суретін салу.
VI. Бағалау
Оқушыларды білім деңгейіне қарай бағалау.
VII. Үй тапсырмасы
- «Бөдененің құйрығы неге қысқа?» мәтінін мәнерлеп оқу, мазмұнын айту.
- Тасымал ережесін жаттау.