Бөлімдері бірдей бөлшектердің қосындысы мен айырмасыСабақтың мақсаты:Білімділік
Сабақтың тақырыбы
2.1. Бөлімдері бірдей бөлшектердің қосындысы мен айырмасы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосудың ережесін тұжырымдау.
Дамытушылық
Оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту. Тұжырымдамаларды іс жүзінде қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өзара көмекті қалыптастыру арқылы жауапкершілікке баулу, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдістері
Сұрақ–жауап, түсіндіру–тексеру.
Көрнекіліктер
Оқулық, таратпа материалдар, бағалау парақшалары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа назар аударту, сыныптың дайындығын тексеру, жұмыс ырғағын қалыптастыру.
II. Үй тапсырмасын пысықтау
- Қандай өрнекті бөлшек өрнек деп атайды?
- Берілген тапсырма бойынша бөлшек өрнектерді бір бағанға, ал бүтін өрнектерді бір бағанға бөліп жазыңдар (алгебралық диктант).
- Тепе-теңдік және теңбе-тең түрлендіру дегеніміз не? (мини-тест)
- Айтылған бүтін және бөлшек өрнектерді жалпы қалай атаймыз?
III. Жаңа сабақ
2.1. Бөлімдері бірдей бөлшектердің қосындысы мен айырмасы.
Бұл бөлімде бөлімдері бірдей бөлшектермен амалдар орындаудың негізгі қағидаларын қарастырамыз және оны есептерде қолдануды пысықтаймыз.