Отбасы ойыны
Сабақ тақырыбы: «Өнеге отбасынан»
Бұл тренингтің өзегі — отбасы құндылығын терең түсіну, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту және ұлттық салт-дәстүрге құрметті арттыру.
Сабақ түрі
Тренинг
Әдістері
- Пікір алмасу
- Психологиялық жаттығулар
- Психологиялық минут
- Анкета
- Сұрақ–жауап
- Тыныштық сәті
Қажетті құрал-жабдықтар
Мақсаты
1) Білімділік
Отбасы құндылықтары туралы түсінікті кеңейту, отбасы ұғымын тереңдету және оны қадірлеуге, сүйе білуге үйрету.
2) Дамытушылық
Ата-ана мен бала қарым-қатынасының өзара байланысын қалыптастыру; отбасының өмірдің ұйытқысы әрі киелі құндылық екенін түсіндіру; отбасы тәлімінің мәнін ашу.
3) Тәрбиелік
Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын айқындау, ұлттық салт-дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу және алдағы өмірге жауапкершілікпен даярлау.
Тренингтің құрылымы
- 1 Ұйымдастыру кезеңі
- 2 Таныстыру ойыны
- 3 Психологиялық минут
- 4 Ой жинақтау және тапсырма орындау
- 5 «Отбасы» ойыны
- 6 Тыныштық сәті
- 7 «Ашығын айтсам» анкета
- 8 Қорытынды
Тренинг барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме, оқушылар және ата-аналар! Бүгінгі тренингке қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Бірлескен жұмысымыз сабақтың мазмұнын байытып, нәтижесін арттырады деп сенемін.
Алдымен, үстел үстіндегі үш түрлі стикер арқылы топтарға бөлінеміз.
2) Танысу жаттығуы
«Сын есім» дегеніміз не және ол қандай сұрақтарға жауап береді? Осыны еске түсіре отырып, әрқайсымыз өз есімімізге бір сын есім қосамыз да, өз бойымыздағы үш жақсы қасиетті кезекпен айтып шығамыз.
3) Психологиялық минут
Бүгінгі сабаққа қандай көңіл күймен келдіңіз? Табиғаттағы ауа райын сипаттау арқылы өз көңіл күйімізді қысқаша жеткіземіз.
Егер көңіл күйіміз көтеріңкі болса, бір-бірімізге қарап жымиып, жылы қарым-қатынас орнатамыз.
4) Ой жинақтау: 1-тапсырма
Отбасы дегеніміз не?
Отбасының іргетасы — ер азамат пен әйел адамның заңды некеге тұрып, шаңырақ көтеруінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі — бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы ерекше.
Отбасы құру — тек ұрпақ әкелу ғана емес. Ол — баланың бойына жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-баба салт-дәстүрін сіңіру, өмірлік бағыт-бағдар беру.
Негізгі ой: Баланы қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп тәрбиелеу — ата-ананың ең маңызды міндеті.