Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу
Балауса естиярлар тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметі
Бұл материал балалардың жыл мезгілдерін ажырата білуін, көктем көріністерін сипаттап, еркін әңгімелеуін және үй жануарлары туралы түсінігін кеңейтуді мақсат етеді. Сонымен қатар қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға, сөз ойлап табуға, сөйлем құрастыруға және сөздік қорды тиімді қолдануға үйретеді.
Білім беру саласы
Қатынас
Тақырып
Көктем көріністері
Мақсаты
- Жыл мезгілдерін ажыратып айта білуге дағдыландыру.
- Көктем мезгілін суреттеп, әңгімелей білуге үйрету.
- Табиғат көріністерін сипаттай білу қабілетін дамыту.
- Үй жануарлары туралы түсінік беру, төлдерімен таныстыру.
- Үй жануарларын жабайы аңдардан ажырата білуге үйрету.
- Байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру.
- Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға, сөз ойлап, сөйлем құрастыруға баулу.
- Сөздік қорды орынды қолдануға машықтандыру.
- Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс
тәуірленді
қақырап
бүршік
абыр-сабыр
әсем
сыртылдатып
титтей
шүйіреді