Армысыздар ұстаздар, ата - аналар
Сыныптан тыс іс-шара сценарийі
Қош бол, құтты Әліппе
Бүгін біз барлық білімнің бастауы саналатын, алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан жақын досымыз — Әліппемен қоштасамыз. Бұл мерекеде оқушылар алған білімдерін ән-күймен, өлеңмен, жұмбақпен, мақал-мәтелмен өрнектеп, өнерлерін ортаға салады.
Мақсаты
- Оқушылардың Әліппеге деген сүйіспеншілігін ояту.
- Әліппеге арналған өлең-тақпақтарды мәнерлеп оқыту.
- Оқушылардың өнерін танытып, сахналық мәдениетін дамыту.
Көрнекілігі
- Нақыл сөздер
- Интербелсенді тақта
- Шарлар, суреттер
- Қима әріптер
Өтілу барысы
Көрініс
Музыка ойнап тұрады. Балалар екі-екіден сыныпқа кіреді.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Аяулы да ардақты ата-аналар! Міне, бүгін біз білімнің бастауы болған, алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан жақын досымыз — Әліппемен қоштасамыз.
Балалар, осы уақытқа дейін алған білімдерімізді ән-күймен, өлеңдермен, жұмбақтармен, мақал-мәтелдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық. Біліміміздің артқанын, сөз байлығымыздың молайғанын, санамыздың өскенін көрсетейік.
Интербелсенді тақтадан көрсетілім
Әліппенің ерекшелігі — ол Елбасы Н. Назарбаевтың балаларға арналған «Айналайын» деген жылы лебізімен басталады. Мұғалім «Айналайын» сөзін оқып береді.
Уәде
Балалар, сендер Елбасына, ұстаздарға, ата-аналарға жақсы оқып, Отанын қорғайтын жігерлі де білімді азамат болып өсуге уәде бересіңдер ғой?
Оқушылар: Иә, уәде береміз!
Сұрақ-жауап
Мұғалім:
Іші толған әріпке, білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар — ол сүйікті Әліппе!
Әліппені ортаға шақыру
Мұғалім: Олай болса, өздерің алғаш қолдарыңа ұстаған аяулы Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Ортаға Әліппе мен Математика келеді.
Әліппенің сөзі
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ұстаздар, ата-аналар!
Болашаққа жол бастар Әліппен келді ортаға.
Білім деген ғажаптың Әліппесін меңгерген,
Келешегі қазақтың басталады сендерден.
Әліппе: Иә, балалар, сендердің жыл бойы алған білімдеріңді «Мектеп — кеме, білім — теңіз» дегендей, білім теңізіне құйып, әрі қарай дамытып, көп нәрсені үйренеді деген үмітпен келіп отырмын.
Мұғалім: Иә, Әліппе, бүгін балалар білімін де, өнерін де ортаға салады.
Топтық би
«Балдәурен»
Қатысушылар: Ақжол, Қ. Мәдина, Назым, Қ. Арайлым, Жанерке, Жансая.
Ертегі: «Алтын балық Айбалық»
Мұғалім: Әліппе, сіздің сиқырлы әріптеріңізбен білім теңізіндегі Алтын балық Айбалық туралы ертегіні баяндап берейік.
Әліппе: Қане, тыңдайық.
Оқушылар қолдарына әріп жазылған шарларды ұстап тұрып, ертегіні өлеңдетіп айтады. Соңында «алтын сарай» тұрғызу көрінісі жасалады.
Аружан
Айдай алып Айбалық,
Айдай жарық Айбалық.
Аспай-саспай жайланып,
Айналасын барлады.
Алтын сарай салғалы,
Ақыл қосар жолдас көп.
Асықпасақ болмас деп,
Асар жасап ақыры
Ағайынын шақырды.
Жанасыл
Әтеш балық сайрап жүр,
Әнші еді қандай бұл!
Әне-міне дегенше,
Әркім қолдан келгенше
Әрлі-нәрлі іс қылды,
Ә дегенше іс қызды.
Балнұр
Балға балық түріп жең,
Бел бүкпеді күнімен.
Бағанасын сарайдың
Болды өзі қалайтын.
Балға балық ол дағы
Бастаманы қолдады,
Бірі шеттеп қалмады,
Берекелі іс жалғанды.
Мәди
Зерлі күмбез, мұнара
Зорайып тым ұзара.
Зәулім сарай жарқылы
Зеңгір көкке шарпылды.
Заулап уақыт ағады,
Зерлеп алтын сарайды.
Арайлым
Ваху балық бұл дағы,
Вестибюль салып тынбады.
Вахтаға қонып ақыры,
Веранданы да қатырды.
Максим
Үдете түсіп барлық іс,
Үлгілі тынды әр жұмыс.
Үмітті күндер молайды,
Үлкен үй — сарай зорайды.
Жансая
Гауһардан Ақ сарайға
Гүлзар керек қалайда.
Губан балық гүл екті,
Гүл алаңын гүлдетті.
Гүлзар қандай, бақ қандай!
Гүл жайнады Ақ сарай!
Ақжол
Түсте жұртта дамыл жоқ,
Түнде де алаулап жалын от.
Тынымсыз еңбек тынбады,
Табан шалғы шыңдады.
Тынымсыз еңбек қайнады,
Төңірек гүлдей жайнады!
Қорытынды ой
Бұл кеш — алғашқы кітапқа деген алғыс пен құрметтің белгісі. Әліппе әр баланың жүрегінде білімге бастайтын алғашқы баспалдақ болып қалады.