Қара қоңыр топырақты зона

Сабақ тақырыбы

Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі.

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, ес картасы

Көрнекілік

Физикалық карта, бейнематериал, интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс

  • Биология
  • Химия
  • Тарих

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Қазақстан аумағындағы өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің таралу аймақтарын сипаттау.
  • Өсімдік пен жануарлардың зоналар бойынша таралу себептерін түсіндіру.

Дамытушылық

  • Жеке тапсырмалар арқылы өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруды жалғастыру.
  • Икемділіктері мен дағдыларын дамыту.
  • Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне тоқталу.

Тәрбиелік

  • Топырақ эрозиясы туралы түсінік қалыптастыру және мәселені шешу жолдарын іздеуге бағыттау.
  • Ойлау дағдыларын жетілдіру, туған жерге жауапкершілік пен сүйіспеншілікті арттыру.

Сабақтың құрылымы

I. Ұйымдастыру

  1. 1 Амандасу
  2. 2 Түгендеу
  3. 3 Сабаққа назар аударту

II. Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылардың ынтасын арттыру және жігерлендіру мақсатында ұран-өлең айтылады.

Міне, міне тірі гүлдер, тірі гүлдер тұр өсіп,
Бұл далада бақыт шақтың баяны үшін күресіп...

Өткен күндер дауылымен құмдар толқып шайқалған,
Сол бір дауыл талай ізді кетті-ау көміп, майталман!

О, ғажайып, жаңа гүлдер ескі жұртта тұр өсіп,
Бұл даланың рухы үшін мәңгі-бақи күресіп.

Сол гүлдерді иіскеп, сүйіп жүрсе біреу далада,
Ұқсайды ол өз баласын жетектеген анаға.

Топырақ зоналары бойынша қайталау сұрақтары

Қара топырақты зона

Қай аймақтарға тән?

Солтүстік Қазақстан: Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан.

Негізгі түрлері

Гумусы аз қара топырақ; жай гумысты қара топырақ; қуаң даланың қара топырағы.

Қара қоңыр топырақты зона

Қай жерде кездеседі?

Орталық Қазақстанда және ШҚО-ның жазық өңірлерінде.

Сипаты және зонасы

Тым құрғақ; шөлейт аймаққа тән.

Қоңыр және сұр қоңыр топырақ зоналары

Таралуы

Оңтүстік Қазақстанның басым бөлігін қамтиды.

Құрамы және маңызы

Гумусы аз; мал шаруашылығына және суармалы егіншілікке қолайлы.

Талқылау

Қазіргі таңда топырақ қалай ластанып жатыр? Өз өңіріңде эрозияға ұшыраған топырақты қорғау үшін қандай шара ұсынар едің? Оқушылар ойларын дәптерге жазады.

Кескін картамен жұмыс

Топырақ зоналарын және негізгі таралу аймақтарын картаға түсіру арқылы білімді бекіту.

«Тапқыр болсаң, шешіп көр» (жұмбақтар)

1) Топырақтың құнарлылығын кемітетін табиғи апат?

Жауабы: топырақ эрозиясы.

2) Күшті жел әсерінен егістік жерлер жарамсыз болып қалды. Бұл эрозияның қай түрі?

Жауабы: жел эрозиясы.

3) 1955–1958 жылдары 805 мың гектар жер эрозияға ұшырады. Павлодардан бөлек қай өңірде тіркелді?

Жауабы: Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы.

4) Топырақ қабатының қайта қалыптасуы қанша жылға созылады?

Жауабы: 1400–7000 жыл.

5) Суарған сайын ұсақ жыралар тереңдеп, сайға айналды. Бұл қай түрге жатады?

Жауабы: су эрозиясы.

III. Жаңа сабақ

Кіріспе

Жұмбақтарды шешкен соң, жетонның сыртындағы суретке назар аударыңдар: не бейнеленген деп ойлайсыңдар? Қазақстан өсімдіктерінің қалыптасуына өте ұзақ уақыт қажет болды. Тіршілікті өсімдіксіз елестету мүмкін емес.

Палеоген дәуірі

Палеоген дәуірінде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлді.

Өсімдіктердің таралу айырмашылығы

  • Торғай бұғазынан шығыста (Алтай, Сарыарқа) жалпақ жапырақты және мәңгі жасыл қылқанжапырақты түрлер басым болды.
  • Батыста (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік өсімдіктер дамыды.

Неоген дәуірі және қазіргі өсімдік жамылғысы

Палеогеннің алғашқы жартысында теңіз жағалауларындағы қыраттар мен тауларда субтропиктік жалпақ жапырақты ормандар өсті. Кейін неоген дәуірінде климат суып, таулы өңірлерді мұз басқанда жылусүйгіш өсімдіктердің көбі жойылып, қазіргі орман типтері біртіндеп қалыптасты.

Сақталып қалған түрлер

Грек жаңғағы, өрік, алма сияқты өсімдіктер жекелеген аймақтарда сақталып қалды.

Осылайша, Қазақстанның қазіргі өсімдік жамылғысы ұзақ геологиялық кезеңдер бойы біртіндеп қалыптасты.