Қосу амалын тексеру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы
Қосу амалын тексеру
Сабақтың мақсаты
Қосу амалын тексеруді түсіндіру; есептер шығарту арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттыру; әдемі, сауатты, ұқыпты жазуға және бір-біріне көмектесуге үйрету.
Көрнекілігі
«Жеті лақ» ертегісі бойынша интерактивті тақтадағы сызбалар мен слайдтар.
Сабақтың түрі
Ертегі-сабақ
Әдіс-тәсілдері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

Өлең жолдары

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.

Мұғалім: «Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтан өзгеше. Бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ертегі тыңдауға қалай қарайсыңдар?»

Оқушылар: «Иә, тыңдаймыз».

Бүгінгі сабақ басынан аяғына дейін «Жеті лақ» ертегісіне арналады.

2) Ертегілік кіріспе: «Жеті лақ» оқиғасы

Ерте-ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде бір ешкі мен оның жеті лағы өмір сүріпті (слайд). Ешкі өріске кетерде лақтарына үнемі ескертіп отырады:

«Лақтарым, шұнақтарым, құлақтарым! Егер қасқыр келіп, есікті қақса — ашпаңдар!»

Қасқыр ешкінің жем іздеп кететін уақытын аңдып жүріп, бір күні есік қағады (слайд). Аңқау лақтар есікті ашып қалғанда, қасқыр оларды ұрлап әкетеді. Содан бері ешкі лақтарын іздеп жүр екен.

Енді біз ешкіге көмектесейік: қасқыр лақтарды қамап қойыпты және хат жіберіпті. «Тапсырмаларды орындасаңдар — лақтарды жемей, қайтарып беремін», — дейді.

3) Қасқырдың тапсырмалары

1-тапсырма

Өткенді қайталау
  • Жақша ішіндегі амалдар қалай орындалады?
  • Қосудың ауыстырымдылық қасиетін айт.
  • Қосудың терімділік қасиетін айт.
  • Көпбұрыштың периметрін қалай табамыз?

2-тапсырма

Жаңа тақырып

Дәптерімізді ашып, күннің жадын жазамыз. Сандарды көркем әрі ұқыпты жазуға мән береміз.

Жаңа сабақ: Қосу амалын тексеру

Мысал: 42 + 7 = 49

Қосылғыш
42
Қосылғыш
7
Қосындының мәні
49

Қосу амалын азайту амалымен тексереміз. Ол үшін қосындыдан қосылғыштардың біреуін азайтамыз:

49 − 7 = 42

Егер қосындыдан бір қосылғышты азайтқанда екінші қосылғыш шықса, есеп дұрыс орындалған.

Қорытынды: Екі қосылғыштың қосындысынан олардың біреуін алып тастасақ, екінші қосылғыш шығады.

3-тапсырма

Жаттығу

Оқулықтағы 1 және 3-есептерді орындау.

4-тапсырма

Сергіту сәті

Орнымыздан тұралық,

Алақанды ұралық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

5-тапсырма

Жаттығу

Оқулықтағы 4 және 5-есептерді орындау.

6-тапсырма

Шығармашылық

Шығармашылық тапсырма орындау.

7-тапсырма

Қорытынды

Бүгін біз нені үйрендік? «Шифрді шеш» ойыны арқылы қорытынды жасаймыз.

Шифрдің кілті

55, 21, 23, 51, 53, 25, 27, 57, 29, 59

Көп рақмет!

Барлық тапсырмалар орындалды — біз қасқырдың шарттарын орындап, ешкінің лақтарын құтқардық (слайд).

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

Оқулық: 8 және 9-есептер

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.