Оқушылардың дәрілік өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту
Сабақтың тақырыбы
Дәрілік өсімдіктер
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың дәрілік өсімдіктер туралы білімін кеңейту.
- Табиғатта өзін дұрыс ұстау дағдыларын қалыптастыру.
- Дәрілік өсімдіктерді тұрмыста тиімді қолдануға, аулада мәдени өсімдіктерді өсіріп, күтіп-баптауға бағыт беру.
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
1) Психологиялық дайындық
КіріспеСабаққа назар аудару, жағымды көңіл күй қалыптастыру және бірлескен жұмысқа дайындық.
2) Үй тапсырмасын тексеру
ҚайталауТопырақ туралы сұрақтар
- Топырақтың құрамын атаңдар.
- Топырақтың құнарлығы азаймауы үшін қандай жұмыстар жүргізіледі?
- Құнарлы топырақ не үшін қажет?
Өсімдіктер тіршілігі
Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды атаңдар.
Өсімдіксіз өмір
Адам өсімдіксіз өмір сүре ала ма? Егер Жер бетінде өсімдіктер болмаса, не болар еді?
Жемістердің түрлері
Жемістер құрғақ және шырынды болып бөлінеді. Құрғақ жемістерге қайсысы жатады, ал шырынды жемістер қайсысы?
3) Жаңа материалмен жұмыс
Негізгі бөлімҚазақстанның өсімдік әлемі пайдалы өсімдіктерге өте бай, соның ішінде дәрілік өсімдіктердің орны ерекше. Дәрілік препараттардың 40%-дан астамы өсімдік тектес шикізаттан жасалады.
Республика аумағында шамамен 6000-ға жуық өсімдік түрі кездеседі. Түр алуан түрлілігі жағынан Қазақстан кең көлемде алдыңғы қатарда. Осындай мол қор дәрілік өсімдіктерді зерттеудің маңызын айқын көрсетеді.
Мал шаруашылығымен ерте заманнан айналысқан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Ел ішінде науқастарды дәрілік өсімдіктермен емдеу тәжірибесі кеңінен таралған.
Әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Бируни, әл-Джуржани секілді және басқа да Шығыс ғалымдарының еңбектері халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып-білу мен пайдалануға үлкен ықпал етті.
Ескерту
Әр аймақтың табиғи ерекшелігіне қарай дәрілік өсімдіктерді қолдану тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін. Себебі кейбір өсімдіктердің бірнеше емдік қасиеті қатар кездеседі.
4) Слайд арқылы дәрілік өсімдіктермен таныстыру
ТаныстыруАюқұлақ
- Биіктігі
- 0,4–1,2 см
- Сипаты
- Қалың қабығы түктенетін, екі жылдық өсімдік.
- Жапырағы
- Ұзынша, кезектесіп орналасады.
- Гүлі
- Ашық сары, масақ тәрізді шоғырланады.
- Гүлдеуі
- Маусым–тамыз.
- Таралуы
- Еліміздің еуропалық бөлігінің орталық және оңтүстік өңірлерінде; шабындықта, тоғайлы құмды жерлерде өседі.
Алтын тамыр
- Түрі
- Көп жылдық шөптесін өсімдік.
- Тамыры
- Ірі әрі жуан; кейбірінің салмағы 900 г-ға дейін жетеді.
- Түсі
- Сырты алтын түстес сары, іші ақ; кепкенде сынған жері ашық қызыл болады.
- Гүлі
- Сары, өсімдіктің жоғары бөлігінде шоғырланады.
- Гүлдеуі
- Маусым–шілде.
Шашыратқы
- Биіктігі
- 1,5 м-ге дейін.
- Тамыры
- Жуан, ұзындығы 1 м-ден асады.
- Гүлі
- Көгілдір, жапырақтарының арасында 2–3-тен орналасады.
- Гүлдеуі
- Шілде–қыркүйек.
- Таралуы
- Қазақстанның оңтүстік-батысында кең тараған.
Жалбыз
- Биіктігі
- 20–60 см.
- Сабағы
- Тік өсетін, төрт қырлы.
- Тамыры
- Көлбей тарамдалып, ұзын болып өседі.
- Гүлі
- Ұсақ, қызыл-жасыл реңді; масақ тәрізді шоғыр түзеді.
- Гүлдеуі
- Маусымнан қыркүйекке дейін.
- Таралуы
- Украина, Молдова, Краснодар өлкесі, Қиыр Шығыс, Беларусь, Прибалтика және Қазақстанда өседі.
Тақырып: дәрілік өсімдіктер.