Табиғатқа қатысты ырым - тыйымдарБіздің ата - бабаларымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі мен табиғат тылсыман бақылай отырып, оларды өз өмірлерімен байланыстырып отырды
Табиғатқа қатысты ырым-тыйымдар
Біздің ата-бабаларымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшеліктерін және табиғаттың тылсым құбылыстарын бақылап, оларды өмір тәжірибесімен ұштастырған. Уақытты айқындап, әр күн мен әр жылдың ерекшеліктерін терең таныған. Жан-жануарлардың қимыл-қозғалысына, ай мен жұлдыздарға қарап ауа райын болжаған. Осындай байқаулардың нәтижесінде көптеген ырым-тыйымдар қалыптасты.
Ырым-тыйымдар — табиғатпен үйлесімді өмір сүруді, қауіптен сақтануды және тұрмыстағы тәртіпті бекітуді көздеген халықтық тәжірибе.
Отқа қатысты тыйымдар
Жанып тұрған отпен ойнама: тамызықты кеппеген күйде үрлеп, еппен жақ. От — киелі. Онымен абайсыз әрекет ету «өміріңді өшірумен» тең деп ұққан.
-
Отты шашуға, аттауға және басуға болмайды. Бұл — отбасының берекесін қашырады деп сенген.
-
Отқа түкірмейді. Қазақ ұғымында от — қасиетті.
-
Отты су құйып өшірмейді. Себебі кейін оны қайта тұтату қиын болады деп есептеген.
-
Түнде үйден күл шығармайды. Күл төгілген жерді басып кету қаупі бар деп сақтанған.
-
Күл төгілген жерді баспайды. «Жаманшылық күлмен кетеді, оны басу — сол жамандықты қайта үйге әкелумен тең» деген түсінік болған.
Аспан құбылыстары мен ауа райына қатысты ырымдар
Жұлдызды қолмен көрсетпейді. «Көрсетсе, қолға сүйел шығады» деген ырым бар.
Күн алғаш күркірегенде кей адам темірді алып, ауырған жеріне тигізсе ауру жазылады деп сенген; немесе арқасын қабырғаға үйкесе, ауру-сырқау жоламайды деген наным болған.
Найзағай ойнап, жауыннан кейін жаңбыр суына жалаң аяқ жүру — ауырмауға немесе дерттен айығуға сеп болады деп ырымдаған.
Күн алғаш күркірегенде тілеген тілек қабыл болады деген сенім де кең тараған.
Өреден жас құрт алып жесе, жаңбыр жауады деген ырым айтылады.
Аспаннан ағып түскен жұлдызды көргенде «Менің жұлдызым жоғары» деп айтқан.
Айға, жұлдызға және отбасына қатысты ырымдар
-
Жаңа ай туғанда түскен келіншек көп бала табады деген ырым бар.
-
Екі жас үйленген түні жұлдыз көп болса, ұрпағы да көп болады деп жорыған.
-
Жаңа айды көргенде «Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» деп бата жасап, ырымдайды.
Табиғатты қорғауға бағытталған тыйымдар
Бұл тыйымдардың бір бөлігі табиғатқа зиян келтірмеуді, тіршілік иелерін қадірлеуді және жер-суға ұқыпты қарауды үйретеді.
Далада, жол бойындағы жалғыз ағашты кеспейді. Қыста — белгі, жазда — пана деп сақтаған.
Құмырсқаның илеуін бұзбайды. «Илеуді басқан әйел бала көтермейді» деген ырым айтылады.
Бақаны өлтіруге болмайды. Мұны жауын-шашынмен байланыстырып ырымдаған.
Өсіп тұрған ағашқа балта тигізбейді. Отынға қураған ағашты, ал кей өңірде малдың тезегін (қиын) пайдаланған.
Тұрмыс пен әдепке қатысты тыйымдар
-
Күн күркіремей суға түспейді, дала жуасын жемейді деген тыйым бар.
-
Күнге, айға қарап дәрет сындырмайды. Бұл — «өлім-жетім шақырады» деп саналатын жаман ырым.
Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі ММ
Абаильденова Нұргүл Қуандыққызы