Оқушыларды компьютерлік вирустар түрлерімен және олардан қорғану әдістерімен таныстыру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Білім беру ұйымы
- И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжі
- Оқытушы
- Молдабаева Н.
- Сабақтың тақырыбы
- Компьютерлік вирустардан қорғау
- Сабақтың түрі
- Теориялық сабақ
- Сабақтың типі
- Жаңа білімді меңгерту
- Сабақтың әдісі
- Түсіндірмелі-көрнекілікті, пікірталас
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды компьютерлік вирустардың түрлерімен және олардан қорғану әдістерімен таныстыру, кең тараған вирусқа қарсы бағдарламаларды қарастыру.
Дамытушылық
Тез ойлап, ұтымды жауап беруге үйрету; жүйелі әрі еркін сөйлеу дағдыларын дамыту; пәнге қызығушылықты арттыру.
Тәрбиелік
Компьютермен жұмыс істеуде қауіпсіздік ережелерін сақтауға, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері
Мазмұндық
- Компьютерлік вирустардың түрлерін ажыратады.
- ДК-ні вирустардан қорғау әдістерін меңгереді.
- Вирусқа қарсы бағдарламалардың жіктелуін түсінеді.
- Бағдарламаларды жүктеу және жаңарту дағдыларын қалыптастырады.
Сын тұрғысынан ойлау
- Ой-өрісі мен дүниетанымы кеңейеді.
- Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.
Топтық жұмыс
- Топта бірлесіп жұмыс істеуді үйренеді.
- Тақырыптың түсініксіз тұстарын нақтылайды.
- Бір-бірін толықтырып, ортақ қорытынды жасайды.
Көрнекі құралдар және әдістер
Көрнекі құралдар
- Интерактивті тақта
- Activote құралы
- Антивирус бағдарламалық дискілері
- Электрондық оқулық
Пайдаланылатын әдістер
Сабақтың барысы
-
1
Қызығушылықты ояту
Тақырыпқа дейін ой қозғау, оқушылардың бастапқы түсінігін анықтау.
-
2
Мағынаны тану
Жаңа тақырыпты түсіндіру, мысалдармен бекіту.
-
3
Ой толғаныс
Қорытындылау, рефлексия және негізгі ұғымдарды нақтылау.
I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, сабаққа назар аударту және үй тапсырмасына қысқаша шолу жасау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Activote құралы арқылы тест тапсырмаларын орындау және нәтижені талқылау.
Тест тапсырмалары
-
1) Компьютерде кез келген файлды тез тауып бере алатын команда:
- A) Жою (Удалить)
- B) Іздеу (Поиск)
- C) Рәсімдеу (Оформление)
-
2) Файлды іздеу үшін нені білу қажет?
- A) Файлдар мен буманың тұрған жерін
- B) Объектіні, оның атын, құрылу күнін, өлшемін
- C) Файлдарды
-
3) Файлдар мен бумалар атын іздеу өрісіне не енгізу керек?
- A) Құжатты
- B) Файл атын немесе оның фрагментін
- C) «Табу» сөзін
-
4) Мәтінді іздеу өрісіне не енгізуге болады?
- A) Файл атын
- B) Қапшық (папка) атын
- C) Мәтін фрагментін
-
5) Іздеудің қосымша параметрлерін енгізу үшін қандай жазуға шерту керек?
- A) «Табу параметрі»
- B) «Файл фрагменті»
- C) «Іздеу параметрлері»
Жаңа тақырып: компьютерлік вирустар
Қызығушылықты ояту сұрақтары
- Күнделікті өмірде «компьютерлік вирус» ұғымын қалай түсінесіз?
- Компьютерлік вирустармен күресу үшін қандай әрекеттер жасау керек деп ойлайсыз?
Анықтама және негізгі түсінік
Қазіргі кезде кез келген операциялық жүйеге жұғып, желі арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі. «Вирус» атауы биологиядағы ұғымға ұқсас: ол да өздігінен көбейіп, таралуға бейім болады.
Компьютерлік вирус — өздігінен көбеюге қабілетті арнайы бағдарлама. Ол компьютер жадындағы бағдарламалар мен файлдарды бүлдіруі, жоюы және жүйенің істен шығуына әкелуі мүмкін.
Мекендеу ортасына қарай вирустардың түрлері
Файлдық
Қолданбалы бағдарламалардың ішіне енгізілетін зиянды код блоктары.
Жүктейтін
Негізгі жүктеу жазбасын (MBR) немесе жүктеу секторын зақымдайды.
Макровирустар
Word құжаттарына және Excel электрондық кестелеріне жұғады.
Вирустардан қорғану: антивирус бағдарламалары
Вирустардан қорғану үшін компьютерге вирусқа қарсы арнайы бағдарламалар орнатылады және оларды тұрақты түрде жаңартып отыру қажет. Антивирус бағдарламаларының негізгі жұмысы — файлдар мен бағдарламаларды тексеру, вирустарды анықтау және жою.
Вирусқа қарсы бағдарламалардың жіктелуі
- Детекторлар
- Міндеті: вирустарды табу. Қазіргі уақытта сирек қолданылады.
- Полифагтар
- Қызметі: вирусты табу ғана емес, жұққан бағдарламадан оның кодын жою.
- Ревизорлар
- Міндеті: бағдарламалардың, каталогтардың вирус жұқпай тұрғандағы бастапқы күйін есте сақтау және өзгерістерді бақылау.
Есіңізде болсын
Компьютерлік вирус жазатын бағдарламашылар немесе хакерлер қорғаныс құралдарын айналып өту және бөтен компьютерлерге заңсыз кіру мақсатында жаңа вирустарды үнемі әзірлеп отырады. Мұндай әрекеттер көптеген мемлекеттерде заңмен қудаланады.
Тәжірибелік әдет
Антивирусты және операциялық жүйені уақтылы жаңартыңыз.
Қауіпсіздік
Күмәнді файлдарды ашпау және белгісіз тасымалдағыштарды тексерусіз қоспау.