Иіс сезу мүшесінің қызметі
Сабақ туралы мәлімет
Тақырыбы
Сезім мүшелері
Түрі
Аралас сабақ
Типі
Жаңа сабақ
Әдістері
Түсіндіру, тірек-сызба
Көрнекілігі
Интерактивті сурет
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Оқушыларға сезім мүшелері туралы нақты және түсінікті мағлұмат беру.
Дамытушылық
Тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеу, жинақтау және қорытындылау.
Тәрбиелік
Топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке, ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу; өзара достық көмекті қолдап, ой-өрісін кеңейту және сана-сезімін ояту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сабаққа дайындау.
- Топтық жұмыс ережелерін қысқаша еске түсіру.
II. Үй тапсырмасын шолу: «Кім жылдам?»
Қайталау сұрақтары:
- Сезім мүшелері қандай?
- Иіс сезу мүшесінің қызметі қандай?
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Негізгі ұғым: рецептор
Рецептор — сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіштерді қабылдайтын қабылдағыш құрылым.
Сыртқы рецепторлар
Терінің үстіңгі қабатында орналасады.
Ішкі рецепторлар
Ағзаның ішінде, яғни ішкі мүшелердегі құбылыстар туралы хабар береді.
Сезім мүшелері
- Көру мүшесі — көз
- Есту мүшесі — құлақ
- Иіс сезу мүшесі — мұрын
- Сипап сезу мүшесі — тері
- Дәм сезу мүшесі — тіл
Анализатор дегеніміз не?
Анализатор — рецепторлық мүше, жүйке жолдары және үлкен ми сыңарлары қыртысындағы орталықтардан тұратын біртұтас жүйе.
Рецепторлық бөлім
Тітіркендіргішті қабылдайтын шеткі бөлік.
Өткізгіш бөлім
Қозуды рецепторлардан ОЖЖ-ге жеткізеді.
Орталық бөлім
Ми қыртысында қозуды талдайды.
Көздің құрылысы (қысқаша)
- Ақ қабық
- Тамырлы қабық
- Торлы қабық
- Қасаң қабықша
- Нұрлы қабықша
- Қарашық
- Рецепторлар: таяқшалар және құтышалар
Құлақ — есту мүшесі
Сыртқы құлақ
- Құлақ қалқаны
- Есту жолы
Ортаңғы құлақ
- Балғашық
- Төс
- Үзеңгі
Ішкі құлақ
- Сүйекті шытырман
- Жарғақты шытырман
Иіс сезу анализаторы
- Иіс сезу рецепторлары жүйесі
- Иіс сезу жиынтығы
- Иіс сезу орталығы
Дәм сезу рецепторларының орналасуы
- Тілдің ұшында
- Тілдің артқы бөлігінде
- Тілдің жиегінде
- Жұмсақ таңдайда
- Жұтқыншақтың артқы жағында
Сипап сезу (тері арқылы)
- Қаттылығын
- Жұмсақтығын
- Тегістігін
- Жылылығын
- Суықтығын
IV. Бекіту
- Сезім мүшелерінің шеткі бөлімін атаңыз.
- Сезім мүшелері неше түрге бөлінеді?
V. «Ойлан, тап» ойыны арқылы бағалау
Оқушы білімі төмендегі бағыттар бойынша бағаланады:
- Сезім жүйесінің маңызы. Рецепторлар.
- Анализатор бөліктері.
- Көздің құрылысы мен қызметі.
- Есту мүшесінің құрылысы.
- Дәм сезу, иіс сезу және тепе-теңдікті сақтауға жауап беретін рецепторлар туралы түсінік.
VI. Үй тапсырмасы
Сезім мүшелері туралы қосымша мәліметтер тауып, оқып келу.
VII. Тест тапсырмалары
1. Ми қыртысында қозуды талдайтын анализатор бөлігі:
- а) өткізгіш
- ә) орталық
- б) шеткі
2. Анализатордың тітіркендіргішті қабылдайтын шеткі бөлігі:
- а) орталық
- ә) өткізгіш
- б) рецепторлық
3. Тепе-теңдік мүшесі (вестибула) орналасады:
- а) ішкі құлақта
- ә) ортаңғы құлақта
- б) сыртқы құлақта
4. Адам көзіндегі таяқша саны:
- а) 130 млн
- ә) 150 млн
- б) 110 млн
5. Сыртқы дыбыс өткізу жолының ұзындығы:
- а) 50 мм
- ә) 30 мм
- б) 70 мм
6. Есту сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) қай бөлікке жатады?
- а) сыртқы құлақ
- ә) ішкі құлақ
- б) ортаңғы құлақ
7. Есту анализаторының шеткі бөлімі:
- а) Кортиев мүшесі
- ә) Евстахиев түтігі
- б) эндолимфа
8. Ауырсынуды сезетін рецептор:
- а) ноцицептор
- ә) хеморецептор
- б) осморецептор
9. Иіс және дәм сезгіш рецепторлар:
- а) механорецепторлар
- ә) хеморецепторлар
- б) ноцицепторлар
10. Дыбыс қаттылығы не арқылы өлшенеді?
- а) децибел
- ә) дегустатор
- б) диоптрий
Жауап кілті
1 — ә, 2 — б, 3 — а, 4 — а, 5 — ә, 6 — б, 7 — а, 8 — а, 9 — ә, 10 — а.
Тест қорытындысы шығарылып, оқушылардың білімі бағаланады.