Графикалық редактордан кірістіру
Сабақ туралы мәлімет
- Аймақ
- Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы
- Мектеп
- №14 жалпы орта мектебі
- Пән
- Информатика
- Мұғалім
- Сарсенбаева Гүлмира Мұратовна
- Сабақ тақырыбы
- Суреттермен жұмыс істеу
- Сабақ типі
- Жаңа сабақ
- Сабақ түрі
- Панорамалық сабақ
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға Microsoft Word бағдарламасының графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа бағдарламалардан, сканерден және файлдардан сурет алып құжатқа енгізу жолдарын түсіндіру. Құжат бөліктерін көшіру және жылжыту дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін және танымдық белсенділікті арттыру. Компьютерде жұмыс істеу шеберлігін жетілдіру, білімді күнделікті өмірде қолдануға бағыттау және пәнге қызығушылықты күшейту.
Тәрбиелік
Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, нәтижеге жетуге, ұйымшылдыққа және жан-жақтылыққа тәрбиелеу. Компьютерлік сауаттылық пен ізденімпаздықты дамыту.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар
Көрнекіліктер
- Буклеттер
- Карточкалар, кеспе қағаздар
- Интерактивті тақтада дайындалған слайдтар
Құрал-жабдықтар
- Компьютер
- Интерактивті тақта
- Компьютерлік слайдтар
- Оқулық
- Microsoft Office Word 2007
Сабақ жоспары
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, сынып тазалығын тексеру, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару; топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Жазбаша тест жұмысын орындау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Word бағдарламасында суреттермен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру.
IV. Сабақты бекіту
- 1) Деңгейлік тапсырмалар (компьютерде орындау)
- 2) Информатикалық диктант
- 3) «Ғажайып алаң» сұрақтары
V. Сабақты қорытындылау
Электронды оқулықпен тапсырмаларды орындау.
VI. Үй тапсырмасы
Үйге тапсырма беру.
VII. Бағалау
Оқушылардың жұмысын бағалау.
Сабақтың өту барысы
І. Ұйымдастыру
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін біз MS Word мәтіндік процессорында жұмысымызды жалғастырамыз. Сабақты бастамас бұрын, тақырыпқа байланысты екі топқа бөлінеміз:
- І топ: Сурет
- ІІ топ: Автофигуралар
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Жазбаша тест жұмысы арқылы өткен тақырып бойынша білім тексеріледі.
Жазбаша тест сұрақтары
-
1) MS Word мәтіндік процессорын қалай іске қосамыз?
- A) Пуск батырмасы арқылы
- B) Пуск → Все программы → Microsoft Office → Microsoft Office Word
- C) Пуск → Стандартные → Microsoft Office Word
-
2) Курсордың сол жағындағы символды жоятын перне?
- A) Shift
- B) Alt
- C) Backspace
-
3) Курсордың оң жағындағы символды жоятын перне?
- A) Ctrl
- B) Delete
- C) Home
-
4) Бас әріппен жазуға арналған перне?
- A) Shift
- B) Backspace
- C) Alt
-
5) Құжатты редакциялау дегеніміз не?
- A) Мәтіндік құжатқа сурет енгізу
- B) Мәтін қаріптерін өзгерту
- C) Өңдеу, енгізу, өшіру, көшіру, орын ауыстыру немесе құжат мазмұнын түзету
Жаңа сабақ: Word бағдарламасында суреттермен жұмыс
Жұмыс дәптерін ашып, бүгінгі күнді және сабақ тақырыбын жазамыз: «Суреттермен жұмыс істеу». Бұл сабақта төмендегі дағдыларды меңгереміз:
- Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері
- Мәтіндік құжатқа суретті кірістіру тәсілдері
- Автофигуралар көмегімен бейне құрастыру
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
- Графикалық редактордан кірістіру: басқа бағдарламаларда дайындалған суреттерді құжатқа енгізу.
- Сурет салу құралдары: панель арқылы графикалық бейнені тікелей Word ішінде жасау.
- Дайын суреттер кітапханасы (ClipArt): кітапханадан суреттерді таңдап енгізу.
- Фигуралық мәтін (WordArt): мәтінді ерекше стильде безендіріп енгізу.
Көптеген құжаттарда иллюстрациялар түріндегі объектілер кездеседі. Word редакторында мәтіндік құжатқа алдын ала басқа бағдарламаларда дайындалған фирмалық таңбаларды, диаграммаларды, графиктерді, суреттерді және қажет болған жағдайда дыбыстық объектілерді де енгізуге болады. Құжат ішіндегі объектіні белгілеп, кез келген өңдеу командаларын орындау мүмкіндігі бар.
Суретті құжатқа кірістіру қадамдары
MS Word құжатына сурет енгізу үшін мәзірден «Кірістіру (Вставка)» командасын таңдаймыз.
-
1) Файлдан сурет енгізу (Рисунок)
«Кірістіру (Вставка)» → «Сурет (Рисунок)» батырмасын шертеміз. Ашылған диалогтік терезеден қажетті файлды таңдап, OK батырмасын басамыз.
-
2) Кітапханадан сурет енгізу (Клип / ClipArt)
«Кірістіру (Вставка)» → «Клип (Clip)» батырмасын шертеміз. Диалогтік терезеден өзімізге қажет суретті таңдаймыз.
-
3) Автофигуралармен сурет салу (Фигуры)
«Кірістіру (Вставка)» → «Фигуралар (Фигуры)» бөлімін таңдап, қажетті фигураны белгілейміз де құжатта сурет саламыз.
-
4) WordArt арқылы фигуралық мәтін енгізу
«Кірістіру (Вставка)» → WordArt батырмасын шертеміз. Ашылған терезеден мәтін стилін таңдап, қажет мәтінді енгіземіз де OK батырмасын басамыз.
WordArt: мүмкіндіктері мен қолдану тәсілі
Фигуралық мәтінді енгізу үшін арнайы WordArt құралы қолданылады. Оны «Сурет салу» саймандар тақтасындағы WordArt батырмасы арқылы немесе Кірістіру → Сурет → WordArt командасымен қосуға болады.
WordArt мәтінді әртүрлі тәсілмен безендіруге мүмкіндік береді:
- көлеңке беру
- қисайту
- айналдыру
- созу/қысқарту
- үлкейту/кішірейту
Ескерту: WordArt объектісін енгізгеннен кейін оны белгілеп, пішімдеу (Format) параметрлері арқылы сыртқы көрінісін толық баптауға болады.