Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой

Қазақ тілі · 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Бастауыш

Бұл сабақта оқушылар сөйлемнің негізгі мүшелерінің бірі — бастауыш туралы түсінік алады, оны сөйлем ішінен табуға үйренеді және жаттығулар арқылы білімін бекітеді.

Сабақтың мақсаты

  • Бастауыш туралы түсінік беру және сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
  • Байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту, сөздік қорды молайту, ой белсенділігін арттыру.
  • Шыншылдыққа, сауаттылыққа, тазалыққа, жылдам ойлауға және көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақ туралы

Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап
Көрнекілігі
Ереже жазылған плакат, тірек схема, төрт түлік малдың суреттері

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру және ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

  1. 1 Оқушыларды түгелдеу.
  2. 2 Сабаққа әзірлігін тексеру.
  3. 3 «Ыстық алақан» жаттығуы: көршіңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын бөлісіңдер.

II. Үй тапсырмасын пысықтау (қайталау)

Өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап жүргізіледі және оқушылар сөйлем түрлері арқылы топтарға бөлінеді.

Топқа бөлу

  • 1-топ: Хабарлы сөйлем
  • 2-топ: Сұраулы сөйлем
  • 3-топ: Лепті сөйлем

Қайталау сұрақтары

  • Сөйлем дегеніміз не?
  • Сөйлемнің түрлерін ата.
  • Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
  • Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

Жазылым тапсырмасы

Төмендегі сөйлемдерге сөздер қосып, сөйлем мүшелерінің санын көбейтіп жаз:

Айдана жазды.
Олар шықты.
Сиыр ішті.

III. Жаңа сабақ

Тірек сызбаны пайдаланып, бастауыштың анықтамасы мен сұрақтары түсіндіріледі.

Бастауыш — қимылдың, іс-әрекеттің иесін білдіретін сөйлем мүшесі.

Бастауыштың сұрақтары

кім? кімдер? не? нелер? кімі? несі?

Мысалдар

  • Жәния дайындалды.
  • Боран соқты.
  • Ауылдан әкесі келді.

Дәптерді ашып, күн ретін жазыңдар.

Тақтамен жұмыс

Тапсырмалар топтарға бөлініп орындалады. Қарамен берілген немесе қимыл иесін білдіретін сөздердің астын сызып, сұрақ қойыңдар.

22-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз:

  • Жел соқты.
  • Бұлт қоюланды.
  • Жаңбыр себеледі.
  • Оқушы оқыды.
  • Малшы бақты.

Қарамен берілген сөздердің астын сыз, сұрақ қой.

1-топ · 23-жаттығу

Оқып, көшіріп жаз:

  • Мұғалім түсіндірді.
  • Лақ маңырады.
  • Мұз қатты.
  • Күн шықты.
  • Сәкен оқыды.

Қимыл иесін білдіретін сөздердің астын сыз, сұрақ қой.

2-топ · 24-жаттығу

Жұмбақтың шешуін тауып, жатқа жаз:

Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды.

(Күз)

3-топ · 25-жаттығу

Өлеңді көшіріп жазып, бастауышты тауып, астын сыз:

Төсегіне күн жатты,
Жердің бетін түн жапты.
Маужырады шың-құздар,
Көзін ашты жұлдыздар.

Жылқы жусап далада,
Қой ұйықтады қорада.

IV. Сергіту сәті

«Адасқан сөздер» ойыны арқылы сөздерді дұрыс сәйкестендіріп, жаттығуды орындау.

26-жаттығу · Адасқан сөздер

Жануар Дыбысы
Арыстан боздайды
Түйе мөңірейді
Жылқы ақырады
Қой кісінейді
Сиыр маңырайды

Ойын барысында дұрыс сәйкестендіріп, дәптерге жаз.

28-жаттығу · Сурет бойынша әңгіме

Сурет бойынша шағын әңгіме құра. Жазған сөйлемдеріңнен бастауышты тап.

V. Сабақты қорыту

  • Бастауыш дегеніміз не?
  • Бастауыштың сұрақтарын ата.

VI. Үйге тапсырма

27-жаттығу

Сұрақтарға бағанның оң жағындағы сөздерді пайдаланып жауап бер.

Ереже

Ережені жаттау.

VII. Бағалау

Тексерілді

ДОІЖО

Күні

13.11.2014 ж.