Мектеп кітапханашысы
Тақырып
«Жануарларды жақсы көремін»
Мақсаты
- Оқушылардың екпінді дұрыс қою, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
- Өлеңнің ой-мазмұнына сай баяу, жігерлі, тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнмен оқи білуін байқау және бағалау.
- Балалардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге қызығушылығын арттыру.
- Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
- Жануарларды қорғауға, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер
Көрме
Балалар ақын-жазушыларының кітаптарынан жасалған көрме.
Иллюстрациялар
Жан-жануарлардың суреттері.
Нақыл сөздер
Тақырыпты ашатын тәрбиелік мәні бар нақыл сөздер.
Сайыстың барысы
Жүргізушілердің кіріспе сөзі
1-жүргізуші
Армысыздар, көрермен қауым! Бастауыш сынып оқушылары арасында өтетін «Жануарларды жақсы көремін» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші
Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем?
Жансыз өлең жанымды алды күнің.
Бір ойым жүрегімде қаза болып,
Бір ойым көмейімді қалды тіреп.
Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем?
Негізгі ережелер
- 1 Тақырыпқа сай ақындардың өлеңдерінен бір шығарма таңдалады.
- 2 Өлеңнің тақырыбы айқын болуы шарт.
- 3 Өлең жатқа әрі мәнерлеп оқылады (сахнаға кітаппен немесе қағаз парақшаларымен шығуға рұқсат етілмейді).
- 4 Қатысушының жүріс-тұрысы, сахна мәдениеті, дауыс мәнері мен ырғаққа сай оқуы бағаланады.
Қазылар алқасы
Әділ бағасын беретін қазылар алқасымен танысайық:
- Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
- Мектеп кітапханашысы
- Координатор
Сайыскерлер
Сайысқа қатысатын оқушылар:
4-сынып
Оқушылары
3-сынып
Оқушылары
2-сынып
Оқушылары
Оқушылар кезекпен сахнаға шығып, дайындаған өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Қорытынды сөз және марапаттау
1-жүргізуші
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір — күрес, жеткізе ме мұратын?
«Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжімеген,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық. Сайыстың шешімін оқиды.
2-жүргізуші
Демеңіздер, біз өнерді аяп қалдық,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар, көріскенше,
Осыменен байқауымыз аяқталды!
Назарларыңызға көп рақмет!