Мәтіндегі түбір сөздерді тауып, екі сөйлем құраңдар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Бос уақыт және хобби»

Пән: Қазақ тілі, сынып: 5

Сабақ тақырыбы: «Уақыт алтыннан қымбат»

Оқу мақсаттары

5.О6 — Оқылым стратегияларын қолдану

  • Жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу
  • Нақты ақпаратты табу үшін оқу

5.ӘТН4.1 — Сөзжасамды қолдану

Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер мен күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.

Бағалау критерийлері

  1. Оқылым стратегияларын қолданып, мәтінді жалпы мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты табу үшін оқиды.
  2. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер мен күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында орынды қолданады.

Кері байланыс және бағалау тәсілдері

  • «Бас бармақ» әдісі
  • «Алақан, үш саусақ, жұдырық»
  • Смайлик арқылы бағалау
  • Өзара бағалау және «жұлдызша» арқылы ынталандыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады

  • Мәтін тақырыбын болжайды.
  • Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды.
  • Туынды және күрделі сөздерді ауызша әрі жазбаша қолданады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

  • Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты табады.
  • Мәтін бойынша сұрақтар қояды.
  • Туынды және күрделі сөздерді тілдесімде орынды қолданады.

Кейбір оқушылар орындай алады

  • Мәтіндегі ақпаратты бүгінгі өмірмен байланыстырады.
  • Туынды және күрделі сөздерге сүйеніп, шағын мәтін құрастырады.

Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология

уақыт, жаз, күз, қыс, сағат, мезгіл, түбір сөз, жұрнақ, туынды сөз, күрделі сөз

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер мен тіркестер

бірінші сынып, қалың қар, шөп салу, алтындай қымбат уақыт, бағалай білу

Талқылауға арналған сұрақтар

  1. Уақыт дегеніміз не?
  2. Уақытты тиімді пайдалану дегеніміз не?
  3. Бос уақытты қалай дұрыс қолдануға болады?

Құндылықтар және байланыстар

Құндылықтарды дарыту

Отансүйгіштік, елге және жерге құрмет, ұлтжандылық.

Пәнаралық байланыстар

Музыка, бейнелеу өнері, дене шынықтыру, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, сілтемелер.

Бастапқы білім

Балалық шақ тақырыбы бойынша базалық түсініктер.

Сабақ барысы

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу
  2. Оқушыларды түгендеу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушылар көршісіне «ауада сыйлық» жасап, бір-біріне жылы тілегін білдіреді (жаңа жылдық отшашу сыйлау идеясы).

Топқа біріктіру

  • 1-топ: «Ғасыр»
  • 2-топ: «Дәуір»
  • 3-топ: «Жыл»

Үй тапсырмасы

«Қазіргі заман және балаларға жасалған мүмкіндіктер» тақырыбындағы эсселер оқушылар арасында алмастырылып оқылады. Әр оқушы критерийге сәйкестігін бағалап, ең үздік эссені сынып алдында оқуға ұсынады.

Дескриптор

  • Эссе құрылымын сақтайды
  • Тақырып мазмұнын ашады
  • Көлем талаптарын сақтайды

ҚБ: өзара бағалау, мұғалім «жұлдызша» арқылы үздіктерді белгілейді.

Сабақтың ортасы

20 минут

Жаңа сабақ: «Миға шабуыл» (оқылым алды)

«Уақытты тиімді пайдалану» тақырыбында қысқа бейнеролик көрсетіледі. Сұрақтар арқылы сабақтың мазмұны ашылады.

Талқылау сұрақтары

  1. Абайдың «өзіңе есеп бер» деген ойін қалай түсінесің?
  2. Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек?
  3. Күн тәртібін қалай жоспарлауға болады?

№1 тапсырма — «Ойлан, жұптас, талқыла»

Мәтінді толық оқып шығыңдар. Топтық тапсырмалар:

1-топ

  • Мәтінге ат қойыңдар.
  • Мазмұнын қысқаша айтыңдар.

2-топ

  • Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңдар.
  • Сөздікті пайдаланып, сол сөздермен сөйлем құраңдар.

3-топ

  • «Алтындай қымбат уақытты бағалай білуді үйрендім» сөйлемінің мәнін түсіндіріңдер.
  • Мәтіндегі нақты ақпараттарды табыңдар.

Дескриптор

  • Мәтінге ат қойып, мазмұнын айтады.
  • Тірек сөздерді анықтап, сөздікпен жұмыс жасап, сөйлем құрайды.
  • Тұжырымның мәнін түсіндіріп, нақты ақпаратты табады.

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі.

Кері байланыс: «Алақан, үш саусақ, жұдырық».

№2 тапсырма — жеке жұмыс

Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмалар:

1-топ

Мәтіндегі түбір сөздерді тауып, екі сөйлем құраңдар.

2-топ

Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді тауып, екі сөйлем құраңдар.

3-топ

Мәтіндегі күрделі сөздерді тауып, екі сөйлем құраңдар.

Дескриптор

  • Түбір сөздерді табады және сөйлем құрайды.
  • Туынды сөздерді табады, сөйлем құрайды және тілдесімде қолданады.
  • Күрделі сөздерді табады, сөйлем құрайды және тілдесімде қолданады.

ҚБ: смайлик арқылы бағалау.

№3 тапсырма — топтық жұмыс

1-топ: «Қос диаграмма»

Елбасының балалық шағы туралы жазыңдар.

2-топ

Өз балалық шақтарың туралы жазыңдар. Ұқсастық пен айырмашылықты салыстырыңдар.

3-топ: жұптық диалог

«Уақытты тиімді пайдалану» тақырыбында диалог құрастырыңдар.

Диалогқа арналған сұрақтар

  • Уақытты тиімді өткізу деген не?
  • Сабаққа дайындалуға қанша уақыт кетеді?
  • Бос уақытыңда немен айналысқанды жақсы көресің?
  • Көңіліңнің қалауы кітап па, әлде ғаламтор ма?
  • Компьютерді шамадан тыс пайдаланасың ба?
  • Спорттың қай түрін ұнатасың?

Табыс критерийі

  • 1-топ: Елбасының балалық шағы туралы жаза алды.
  • 2-топ: Өз балалық шағы туралы жаза алды.
  • 3-топ: «Уақытты тиімді пайдалану» тақырыбында диалог құрастыра алды.

Мектеп және автор туралы мәлімет

Мектеп

С. Рахымов атындағы жалпы орта мектебі

Мұғалім

Жусупова Назима Карабаевна

Қосымша материалдар

  • «Уақыт алтыннан қымбат» презентациясы (слайд)
  • Сілтемелер арқылы берілетін материалдар