Дуадақ қандай құс

Сабақтың тақырыбы

Тақырып

«Дуадақ» (46-сабақ)

Пәні: Әдебиеттік оқу

Пәнаралық байланыс

  • Дүниетану
  • Салауаттану

Сабақтың форматы

Әдісі

Сұрақ-жауап

Түрі

Аралас

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Мәтінді түсініп оқыту, құстардың тіршілігі туралы ұғым қалыптастыру.

Тәрбиелік

Құстарға қамқор болуға, табиғатты аялауға және қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Құстардың тіршілігіне қызығушылықты арттыру, бақылау мен ой қорыту дағдыларын дамыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру.
  • Терезеден табиғатты бақылап, көктем көрінісін сипаттау.

II. Өткен сабақты қайталау

Қайталау тапсырмалары

  • Мәтін бойынша түсінігін айту.
  • Сұрақ қою арқылы білімін бекіту.

Сергіту сәті (тыныс алу)

Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу:

«Алақанымызды жылытайық» — алақанымыз жылыну үшін алақанға ұзақ үрлейміз.

III. Жаңа сабақ

Кіріспе тапсырмалар

  • Суреттегі құстардың атын атау.
  • Осы құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу (тауып жазу тапсырмасымен).
  • Өз өңірімізде мекендейтін құстардың тіршілігі туралы айту.
  • «Құстар» сөзін топтастыру (кластер құрастыру).

Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқушыларға кезектестіріп оқыту.
  • Оқиға желісін жалғастыра отырып, мазмұнын айту.
  • Мәтінді іштей оқу.

Сергіту сәті (есте сақтау)

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Қалбайдың іс-әрекетіне баға бер.

2. Сен оның орнында болсаң, не істер едің?

3. Дуадақ қандай жерді мекен етеді?

4. Дуадақ қандай құс?

5. Дуадақтың мінезі барлық құстарға тән бе?

Тіл дамыту: жаңылтпаш

Ала қарға қарға қонды,
Қара қарға қарға қонды.

Тапсырма: жаңылмай, анық және жылдам айту.

IV. Сабақты бекіту

1. Дуадақтың балапанына араша түсу үшін жасаған әрекетін немен теңестірер едің?

2. «Аспан айналып жерге түскендей» деген тіркесті қалай түсінесің?

3. «Қыс — қысаң, жаз — жазық» мақалының мағынасын түсіндір.

V. Үй тапсырмасы

1. Мәтінді түсініп оқу.

2. «Құсқа қамқорлық» тақырыбына шығарма жазу.

VI. Бағалау

Оқушылардың мәтінді түсінуі, сұрақтарға жауап беруі, белсенділігі және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.