Операциялық жүйелерді баптауды орындау

Күні: 23.11.2012 Сынып: 8 Сабақ түрі: практикалық Типі: жаңа білім + дағды қалыптастыру

§5.3. Операциялық жүйелерді баптау

Сабақтың мақсаты (білімділік)

Windows операциялық жүйесінің маңызын түсіндіру; ядро, драйвер, интерфейс ұғымдарын кеңейту; операциялық жүйені баптау арқылы оқушының практикалық жұмыс деңгейін анықтау.

Сабақтың мақсаты (дамытушылық)

Білімге құштарлықты және жұмыс істеу қабілетін арттыру; компьютер жұмысы туралы түсінікті тереңдету; икем-дағдыны қалыптастыру және ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың мақсаты (тәрбиелік)

Жауапкершілікке, іскерлікке, тиянақтылыққа және ұйымдаса жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндірмелі
  • Көрсете отырып түсіндіру

Көрнекілік және құрал-жабдық

  • Слайдтар, қосымша мәліметтер
  • Оқулық, дәптер, интерактивті тақта, ноутбуктер
  • Пәнаралық байланыс: орыс және ағылшын тілдері

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1Амандасу, оқушыларды түгелдеу.
  2. 2Сабаққа әзірлікті бақылау.
  3. 3Сабақтың мақсатымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. 1.Операциялық жүйе дегеніміз не?
  2. 2.Операциялық жүйенің міндеттері қандай?
  3. 3.Операциялық жүйенің бөліктері қандай?
  4. 4.Операциялық жүйенің қандай түрлерін білесіңдер?

III. Ой қозғау

Талқылау сұрақтары

  1. 1.Жұмыс үстелінің көрінісін қалай өзгертуге болады?
  2. 2.«Баптау» ұғымын қалай түсінесіңдер?

Негізгі түсінік

Кез келген компьютерде операциялық жүйенің сипаттамаларын өзгертуге болады. Пайдаланушының таңдауы бойынша параметрлерді өзгерту операциялық жүйені баптау деп аталады.

Баптау шартты түрде үш топқа бөлінеді: бума терезесінің параметрлері, негізгі мәзір мен тапсырмалар тақтасы, және басқару тақтасы арқылы жүйені жалпы баптау.

IV. Мағынаны тану: ОЖ-ні баптау тәсілдері

1-топ: Бума (папка) терезесінің параметрлері

Түр → Параметрлер

Бұл баптаулар Түр → Параметрлер командасы арқылы орындалады. Нәтижесінде екі немесе үш қосымша беті бар диалогтік терезе ашылады.

  • «Бума» бетінде бір бумадан екіншісіне өту режімін таңдауға болады.
  • «Қарап шығу» бетінде жасырын файлдарды көрсету/жасыру, сондай-ақ файлдың толық адресін көрсету жалаушаларын қосу/өшіру параметрлері бар.

2-топ: Негізгі мәзір және Тапсырмалар тақтасы

Баптау → Қасиеттер

Негізгі мәзірді және Тапсырмалар тақтасын баптау контекстік мәзір арқылы орындалады: Баптау → Тапсырмалар тақтасы → Қасиеттер. Бұл командалар екі қосымша беті бар бір диалогтік терезені ашады.

«Жалпы» бетінде жиі кездесетін параметрлер

  • Экранды автоматты түрде өшіру
  • Сағатты бейнелеу
  • Қысқартылған мәзірді пайдалану және басқа параметрлер

3-топ: Жүйені жалпы баптау (Басқару тақтасы)

Control Panel

Жүйені жалпы баптау Басқару тақтасы арқылы орындалады. Бұл жерде әртүрлі бөлімдер мен белгілер орналасады: Экран, Шрифтер, Күні мен уақыты, Пернетақта, Тышқан және т.б.

Кез келген белгішені екі рет шертсеңіз, нақты баптау мақсатына сәйкес диалогтік терезе ашылады. Параметрлерді енгізгеннен кейін OK немесе Болдырмау (Отмена) батырмасын басу қажет.

V. Практикалық жұмыс

Оқулықтағы §5.3 тапсырмасын орындау: операциялық жүйелерді баптау әрекеттерін практикада көрсету.

  • Бума параметрлерін өзгерту (көрініс, жасырын файлдар және т.б.)
  • Тапсырмалар тақтасының параметрлерін баптау (сағат, мәзір түрі және т.б.)
  • Басқару тақтасы арқылы жүйелік баптауларды қарау

VI. Сергіту сәті: Үш тілдегі терминдер

Қазақ → Орыс → Ағылшын тілдеріндегі баламаларын табу, сөздікпен жұмыс істеу дағдысын дамыту.

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Ақпарат Информация Information
Терезе Окно Window
Тышқан Мышка Mouse
Бос орын Пробел Space
Сақтау Сохранить Save
Ашу Открыть Open
Баспаға беру Печать Print
Менің компьютерім Мой компьютер My computer

VII. Сабақты бекіту: деңгейлік сұрақтар

«5» деңгейі

  1. 1)Операциялық жүйені шартты түрде баптаудың түрлері қандай?
  2. 2)Сағатты бейнелеу және мәзірді қысқарту баптаудың қай түріне жатады?

«4» деңгейі

  1. 1)Басқару тақтасында қандай белгілерді баптауға болады?
  2. 2)Баптау үшін қандай командалар жүйесін орындаймыз?

«3» деңгейі

  1. 1)Кез келген белгішені екі рет шерткенде не пайда болады?
  2. 2)Параметрлерді енгізгеннен кейін қандай батырманы басу қажет?

VIII. Қорытынды: Операциялық жүйелердің даму кезеңдері

Операциялық жүйелер компьютермен бірге дамып, жылдан-жылға қолдануға ыңғайлы болып жетілдіріліп келеді. Төменде негізгі тарихи кезеңдер қысқаша берілген.

1965–1975: Алғашқы операциялық жүйелердің қалыптасуы

Жаңа буын компьютерлері мен мини-компьютерлердің таралуы мультипрограммалық, көпмақсатты және файлдық жүйемен тиімді жұмыс істейтін ОЖ-ге сұраныс тудырды. Алғашқылардың бірі — UNIX.

1981–1985: DOS тұқымдастарының кең таралуы

Microsoft — MS-DOS, IBM — PC DOS, Novell — Novell DOS жүйелерін шығарды. Нұсқалар үнемі жаңартылып, мүмкіндіктері кеңейтілді (MS-DOS 1.0, 1.1, 2.0, 3.1 және т.б.).

1985–1994: GUI және жаңа архитектуралар

  • 1985 (қараша): Microsoft Windows 1.0
  • 1987 (сәуір): IBM OS/2 іске қосылды
  • 1987 (қараша): Windows 2.0
  • 1990 (мамыр): Windows 3.0
  • 1992 (сәуір): Windows 3.1
  • 1993 (сәуір): Windows NT
  • 1994 (наурыз): UNIX негізінде Linux 1.0

1995–2001: Жаппай қолдану және интернет дәуірі

  • 1995 (тамыз): Windows 95 — интерфейс пен мүмкіндіктері арқылы нарықта ерекше орын алды
  • 1996 (шілде): Windows NT 4.0 — желілермен жұмысқа бағытталды
  • 1998 (шілде): Windows 98 — интернет және мультимедиа мүмкіндіктеріне басымдық берілді
  • 2000: Windows 2000 (Win-NT), Windows Me (Millennium Edition) — қорғаныс және тұрақтылық жақсарды
  • 2001: Windows XP — қауіпсіз, сенімді әрі жылдам; Home Edition және Professional нұсқалары

2005: Windows Vista (бета)

2005 жылдың маусым айында Windows Vista операциялық жүйесінің бета-нұсқасы таныстырылды.

IX. Үй тапсырмасы

Міндетті

  1. 1)§5.3 «Операциялық жүйелерді баптау» тақырыбын оқу.

Қосымша

  1. 2)Информатика пәніне қатысты терминдердің үш тілдегі (қазақ-орыс-ағылшын) аудармасын жинақтап келу.