Мыс - тас ғасырының ескерткіштері

Сабақ тақырыбы

Мыс–тас ғасыры (энеолит)

Бұл сабақта оқушылар мыс–тас дәуірінің ерекшеліктерін, еңбек құралдарының жетілдірілуін және Қазақстан аумағындағы энеолит ескерткіштерін талдайды.

Білімдік мақсат

Оқушылардың зеректік қабілетін дамыта отырып, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру және металдан жасалған құралдарды игеру мыс–тас дәуірінен (энеолиттен) басталғанын түсіндіру.

Дамытушылық мақсат

Дүниетанымды кеңейту, тарихқа қызығушылықты арттыру, ойды жүйелеу және шығармашылық қабілетті дамыту.

Тәрбиелік мақсат

Өз мүмкіндігін тиімді пайдалана алатын, жауапкершілігі жоғары, зерделі тұлға қалыптастыру.

Сабақ түрі

Топтық жарыс сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Жинақтау
  • Ойлан тап
  • Сиқырлы сандықша
  • «Тарих әлемі» ойындары

Көрнекіліктер

  • Ежелгі адамдардың еңбек құралдары
  • Энеолиттік қыш ыдыстардың суреттері
  • Буклеттер
  • Карта

Сабақтың құрылымы

Сабақ кезеңдері анық жоспармен жүргізіледі: ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру, жаңа тақырыпты түсіндіру және қорытындылау.

Сабақ барысы

  1. I Ұйымдастыру кезеңі
  2. II Үй тапсырмасын сұрау
  3. III Жаңа сабақты түсіндіру

Жоспар 1

Мыс–тас ғасырының (энеолиттің) негізгі ерекшеліктері.

Жоспар 2

Еңбек құралдарының жетілдірілуі және тұрмыстағы өзгерістер.

Жоспар 3

Мыс–тас ғасыры ескерткіштері және Қазақстандағы маңызды тұрақтар.

Ұйымдастыру және топтарға бөлу

Уақыты: 5 минут

Топтық формат

I топ

Тапқырлар

II топ

Білгірлер

Жарыс кезеңдері

Әр кезеңде оқушылардың логикалық ойлауы, тарихи білімді қолдануы және жылдам шешім қабылдауы бағаланады.

1-кезең: Таныстыру

«Сәлем — сөздің анасы»: топ атауы мен ұранын таныстыру.

Өте жақсы

10 ұпай

Орташа

5 ұпай

2-кезең: Жинақтау

Адамның қалыптасу кезеңдерін ретімен орналастыру (слайд арқылы).

3-кезең: Ойлан тап

Суреттегі еңбек құралдарының атауын дәл табу (слайд арқылы).

4-кезең: Сиқырлы сандықша

Мұғалім сипаттама береді, оқушылар сандықшада жасырылған затты табады.

5-кезең: «Тарих әлемі»

Әріптердің артына жасырылған сұрақтарға жауап беру. Жауап сол әріптен басталады.

Мұғалімнің кіріспе нұсқауы

Карта арқылы алғашқы адамдар қоныстанған өңірлерді «аралап», әр «шатқалдан» өткен сайын тапсырмаларды орындаймыз.

«Сиқырлы сандықша»: тапсырмалар мен жауаптар

I топ: Есік қорғаны

1969

Жетісу өңіріндегі Есік қорғанынан археолог К. Ақышев тапқан жәдігер. Зерттеушілердің пікірінше, ол б.з.б. V–IV ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Бүгінде Қазақстан егемендігінің рәмізіне айналған.

Жауап

Алтын адам

II топ: Жазу папирусы

Немісше «түпнұсқа», ал грекше «жазу папирусы» ұғымымен байланыстырылатын зат. Әлемде алғаш рет Қытайда жасалған, кейін Ежелгі Грекияда кеңінен қолданылған. Б.з.б. V ғасырда өмір сүрген Геродот оның алғашқы кескінін жобалаған.

Жауап

Карта

I топ: Чоппер

Тас дәуірі өте ұзақ уақытқа созылды. Сол кезеңде адамдардың еңбек құралдарының басым бөлігі тастан жасалды. Ежелгі адамдар қатты тастан жасайтын, ғылымда чоппер деп аталатын құрал.

Жауап

Кескіш

II топ: Кейінгі палеолит қаруы

Б.з.б. 40–12 мыңжылдықтарды қамтитын кейінгі палеолитке тән құралдардың бірі. Ежелгі аңшылар мамонт, жүндес мүйізтұмсық, бизон, үңгір аюы және жолбарыс секілді аңдарды аулауда пайдаланған.

Жауап

Найза

«Тарих әлемі»: сұрақ-жауап

Төмендегі әріптердің әрқайсысының артында сұрақ бар. Дұрыс жауап сол әріптен басталады.

Т–А–Р–И–Х

Т — Өсімдіктердің тамыры мен құстардың жұмыртқаларын жинап қорек ету кәсібі
Терімшілік
А — Ертедегі адамдардың бірлесіп тамақ табуы және жабайы жануарлардан қорғануы
Адамдар тобыры
Р — Тас құрал жүзін ұсақ кертік-ойықтар арқылы өткірлеу әдісі
Ретушь әдісі
И — Сурет жазудың ерекше дамыған түрі
Иероглиф
Х — Қазақстандағы ең биік шың
Хантәңірі шыңы

Ә–Л–Е–М–І

Ә — Шығыстың ғұлама ғалымы
Әл-Фараби
Л — Қыран құстың бірі
Лашын
Е — Алғаш жыл санауды ойлап тапқан халық
Египеттіктер
М — Палеолит дәуірінде кең тараған жануар
Мамонттар
І — Қазақ халқының теріден тігілетін киімі
Ішік

Қорытынды

Екі топтың ұпайы есептеліп, жеңімпаз анықталады. Жеңген топ марапатталады.

Жаңа тақырып: энеолиттің мәні

Негізгі ой

Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы мыс–тас дәуірінен (энеолиттен) басталды.

Хронология

Бұл кезең шамамен б.з.б. 3000–1800 жылдар аралығын қамтиды.

Алғашқы металл

Табиғатта дайын күйінде кездескен металдар: алтын, күміс, мыс. Ең алғаш кең қолданылған металл — мыс.

Еңбек құралдарының дамуы

Адамдар даму барысында еңбек құралдарын үздіксіз жетілдіріп отырды. Адамның жасағаны мен тапқаны — еңбектің нәтижесі, яғни еңбек өнімі. Шамамен 5 мың жыл бұрын адамдар мысты өңдеуді үйрене бастады.

Қазақстандағы ерекше ескерткіш

Ботай тұрағы (Солтүстік Қазақстан)

Мерзімі

б.з.б. III–II мыңжылдықтар

Аумағы

15 гектар

Табылған тұрғын үйлер

158

Үй тапсырмасы

Кестені толтырыңыз:

  1. 1 Тас дәуірінің кезеңдері
  2. 2 Кезеңнің хронологиялық ауқымы
  3. 3 Жаңалықтары мен өнертабыстары

Кеңес

Әр кезеңнің басты белгісін 2–3 тірек сөзбен жазыңыз (мысалы: құрал, шаруашылық, қоныс).

Дереккөз

Оқулық, сыныптағы слайд материалдары және сабақтағы тапсырмаларға сүйеніңіз.

Тексеру өлшемі

Кестеде хронологияның дұрыстығы және «жаңалық–кезең» сәйкестігі бағаланады.