Құрама есептің түрін дұрыс анықтап, оған кері есептер құрастыру тапсырмаларын орындату

Сабақтың міндеттері

  • Құрама есептің түрін дұрыс анықтап, соған сәйкес кері есептер құрастыру тапсырмаларын орындау.

  • Оқушылардың логикалық ойлауын және есептеу қабілеттерін дамыту, тиянақты жауап беруге дағдыландыру.

  • Тапқырлыққа, жылдам ойлауға және ойын қорытындылай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Мақсаттық бағыттау

1) Психологиялық ахуал

(Слайд) Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,
Білімнің шыңына біз шарықтаймыз!

II. Білімнің өзектілігін анықтау

1) Үй тапсырмасын тексеру

Дәптерде орындалған тапсырмалар тексеріліп, оқушылардың дәптерлері жиналады.

2) Сабақтың кіріспе ой-түйіні

«Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» дегендей, ұятқа қалмауға тырысайық. Бүгінгі сабағымыз ерекше форматта өтеді: біз бас қаламыз — Астанаға саяхат жасаймыз.

3) Саяхатқа дайындық: «поезд» ойыны

Қандай көлікпен жетуге болады? Ендеше тепловозға вагондар тіркеп, саяхатқа аттанайық.

Ауызша есеп: вагон-карточкалардың артында жазылған мысалдарды шығару.

Талқылау сұрақтары

  • Поезбен жүру үшін әр жолаушыда тасымалдау құқығын растайтын не болуы тиіс?
  • Билет құны қанша теңге? Кім біледі?
  • Бұл сабақта билетті сұраққа дұрыс жауап беру арқылы «иемденеміз».

4) «Билет алу» үшін сұрақтар

Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы әр оқушы «жол билетін» алады:

  1. 1. Есеп неше бөлімнен тұрады?
  2. 2. Сол жағы әріпті өрнек, оң жағы сан немесе санды өрнек болатын жазу қалай аталады?
  3. 3. Кесінді деген не? Ол ненің көмегімен сызылады?
  4. 4. Фигуралардың периметрі қалай табылады?
  5. 5. Математикалық амалдарды ата.
  6. 6. Қосу амалымен жазылған өрнек қалай аталады?
  7. 7. Азайту амалымен жазылған өрнек қалай аталады?
  8. 8. Сан, амал және әріпті қолданып жасалған жазу қалай аталады?
  9. 9. 5 ондық және 7 бірліктен тұратын санды ата.
  10. 10. Ең үлкен бір таңбалы санды ата.
  11. 11. Ең кіші екі таңбалы санды ата.
  12. 12. Оңнан солға қарай да, солдан оңға қарай да оқысаң, өзгермейтін сан қалай аталады? Мысал келтір.
  13. 13. Жай есептерді ата.
  14. 14. Құрама есептер неше амалмен шығарылады?
  15. 15. Негізгі геометриялық фигураларды ата.
  16. 16. Бұрыш түрлерін ата.
  17. 17. Шаршының қасиетін айт.
  18. 18. Тіктөртбұрыштың қасиетін айт.
  19. 19. 0 саны натурал сандар қатарына жата ма? Неліктен?

Қорытынды бағдар

Осы дайындық бөлімінен кейін біз құрама есептің құрылымын талдап, сол есепке кері есептер құрастыру жолдарын меңгереміз және оларды шығару арқылы білімімізді бекітеміз.