Оқушы белсенділігінің оянуы
Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі
Бала дамуының ең шарықтау шегі – тіл мен ойдың шығармашылығы (Л. С. Выготский).
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үдерісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді. Профессор Ж. Қараев ұсынған бұл технология оқушылардың өздігінен танып-білуін, ізденіс әрекеттерін меңгеруін талап етеді. Мұнда оқушы басты орында тұрады, ал өз бетінше білім алу белсенділігіне ерекше назар аударылады.
Технологияның құрылымы мен негізгі идеясы
Деңгейлеп-саралап оқытуда жұмыс міндетті түрде үш деңгейлік тапсырмалардан және қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Негізгі мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жіктеуге жол бермеу. Бұл жүйеде әр оқушы тапсырманы I деңгейден бастап орындайды.
Репродуктивтік деңгей
I деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. Барлық оқушы бұл деңгейдегі тапсырмаларды орындауға міндетті.
Алгоритмдік деңгей
Оқушы үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыра отырып, ойлау қабілетін жетілдіреді; күрделі материалды реттеп, жүйелеуге үйренеді.
Ізденіс (эвристикалық) деңгей
Білімді тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілмен орындалатын тапсырмалар орындалады. Оқушы материалды саналы түрде меңгеруі тиіс.
Шығармашылық деңгей
Оқушы өзіндік шығармашылық әлеуетін көрсетеді: шығарма, зерттеу, шығармашылық тапсырмалар арқылы біліктілік пен дағды қалыптасады және бағаланады.
Бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін оқушы өз білімін, білігі мен дағдысын жүйелі түрде толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының жеке мақсатына айналады.
Бағалау және рефлексия: рейтинг-ұпай жүйесінің мүмкіндігі
Деңгейлік тапсырмалар көбіне рейтинг-ұпай (балл жинау) тәсілімен бағаланады. Бұл тәсіл оқушыға сабақтан кейін де өз қателіктерін, қолданған әдістерін талдап, кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда көбірек ұпай жинау үшін оқушы оқытушыдан, жолдастарынан және қосымша материалдардан білім жинап, ізденісін күшейтеді.
Технологияның өзегі — білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеру, өздігінен ізденуін арттыру және шығармашылығын қалыптастыру. Әр білім алушы оқу материалын өз даму деңгейіне сай меңгеруі қажет.
Деңгейлік тапсырмалар: сабақ тиімділігін арттыру тетігі
Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Сабақтың ерекшелігін күшейтіп, тиімділігін арттыратын негізгі тәсілдердің бірі — оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру. Оларды өздік жұмыс, үлестірмелі материал, тест және үй тапсырмасы түрінде ұсынуға болады.
Әр тарау бойынша дұрыс құрастырылған деңгейлік тапсырмалар сапалы білімнің негізі бола алады: олар білім сапасының дамуын, логикалық ойлауды және дағдының қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Оқушыларға тиімділігі
-
Сыныптағы барлық оқушының деңгейлік тапсырмалар орындауы.
-
Білім көрсеткішінің нақты әрі сапалы болуы.
-
Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы.
-
Оқуға ынтаның және пәнге қызығушылықтың артуы.
-
Іздену дағдысының және ұстамдылықтың қалыптасуы.
-
Оқушы белсенділігінің оянуы.
-
Алға қойған мақсатқа жетуге дағдылануы, қиындықты жеңуге ұмтылуы.
-
Өздігінен жұмыс істеу дағдысының және жауапкершіліктің артуы.
-
Оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық қарым-қатынастың қалыптасуы.
Мұғалімдерге тиімділігі
-
Білім игерудің бірнеше деңгейін жүйелі түрде ұйымдастыру.
-
Сабақ үстінде оқушылардың әр деңгейде қатар жұмыс істеуі.
-
Білім дәрежесі ұқсас топтардың жұмыстарын тексерудің жеңілдеуі.
-
Оқушылар жұмысының әділ бағалануы.
-
Оқушы мен мұғалімнің шығармашылық белсенділігін дамыту.
-
Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты әрі жүйелі жұмыс жүргізу мүмкіндігі.
-
Олимпиадалық және шығармашылық жұмыс жеңімпаздарының артуы.
Іс-тәжірибедегі бағыт пен мақсат
Негізгі бағытым — қазақ тілі және кәсіптік қазақ тілі сабақтарында деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану. Мақсатым — оқушылардың шығармашылықпен іздене жұмыс істеу қабілетін нәтижелі дамыту.
Жетістікке жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын, ақыл-ой және еңбек дағдыларын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. Деңгейлік тапсырмаларды орындау дәрежесіне қарай баға қойылады, ал сабақ барысында сыныптағы барлық оқушының деңгейі айқындалады.
Бұл әдістің тағы бір артықшылығы — оқушы өзінің білім деңгейін және нені оқу керектігін анықтап, өз ізденісін дұрыс бағыттай алады. Себебі білім сапасы білім, біліктілік, дағды және тұлғаның қасиеттері мен қабілеттері арқылы бағаланады.
Сабақтағы жұмыс формалары
Сабақта оқушыларға өз ойын талдауға, айтуға, қорытындылауға мүмкіндік беру маңызды. Олар өздігінен еңбектенуге, шығармашылықпен ізденуге, қорытынды жасауға машықтанады. Тапсырма орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап, түзетуге жағдай жасау қажет.
Мұғалім білім деңгейі төмен оқушыларға қолдау көрсетіп, ал қабілетті оқушылармен тереңдетілген жұмыс ұйымдастырады. Тақырыпты толық меңгермеген оқушыларға қосымша сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар жүргізіледі.
Ұжыммен жұмыс
Ортақ мақсатқа жұмылдыру, талқылау мәдениетін дамыту.
Топпен жұмыс
Ынтымақтастық, өзара бағалау, пікір дәлелдеу.
Жеке оқушымен жұмыс
Жеке траектория, деңгейіне сай қолдау.
Дарынды оқушы дайындау
Күрделендірілген тапсырмалар, шығармашылық бағыт.
Қай технология қолданылса да, ол оқу материалын тиімді меңгеруге, оқытушы мен білім алушы арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қолайлы болуы тиіс. Қазіргі ізденімпаз оқытушының міндеті — оқушының белсенділігі мен іскерлігін дамыту. Осы тұрғыда өзіндік жұмысты және өздігінен білім алу үдерісін ұйымдастыру тәсілдерін заман талабына сай жетілдіру ерекше мәнге ие.
Деңгейлік тапсырмалар үлгісі: «Киіз үй»
Мәтін
Киіз үй негізгі төрт бөлшектен құралады: кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлар тал, қайың, терек сияқты ағаштардан жасалады. Ең қолайлысы — тал. Кереге, уық, шаңырақ, есікті шебер үйші жасайды. Үйшілер талды өзендер бойынан алады. Ол өзендер: Еділ, Жайық, Сырдария. Үйші киіз үйдің ағаштан жасалатын бөлшектерін көктемде бастап, күздің соңына дейін әзірлейді.
Киіз үйдің ағаш бөлшектерін жасау үшін үйшілер мор, тез, үскі сияқты ұлттық құрал-саймандарды пайдаланған. Кереге қанаттардан тұрады. Қанат сағанақтан құралады. Керегенің екі түрі болады: желкөз және торкөз. Желкөз қатты желге төзімді, ал торкөз жаңбырлы күндері су өткізбейді. Сағанақтар қиғаш орналасады.
Шаңырақ екі бөліктен тұрады: шеңбер және күлдіреуіш. Егер киіз үйдің басқа бөлшектері талдан жасалса, шаңырақ қайыңнан иіліп жасалады. Ол үшін қайыңды жаздың ортасында кесіп алады. Бұл кезде қайыңның шырыны мол болады, сондықтан оны кептірмей-ақ шеңбер иеді.
- Сағанақ
- жердь
- Қанат
- решетка
- Қиғаш
- по диагонали
- Шеңбер
- круг
I деңгей
- Мәтіннен зат есімдерді теріп, жекеше және көпше түрінде жазыңыз.
- Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
II деңгей
Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңыз:
- Сильный ветер, дождливые дни;
- большая сетка, массивная жердь, кожаная полоска, кожаный узелок;
- шестиканатная юрта, легкое дерево, не пропустит ветер.
III деңгей
Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
IV деңгей
Режиссер А. Қарсақбаев. «Даладағы қуғын» (С. Сейфуллин) бойынша 1-көріністі көріңіз.
-
Сөз тіркестерін жаттап алыңыз:
қонақ сыйлау шаңырақ сыйлау шаштың ағын сыйлау ақсақалды сыйлау қарияларды сыйлау ата-ананы сыйлау амандасу сәлемдесу
- «Шаңырақ сыйлау» көзқарасы тұрғысынан қонақтың іс-әрекетіне мінездеме беріңіз. Охарактеризуйте поведение гостя с точки зрения «шаңырақ сыйлау».
Тіл дамыту: тапсырмалар (А. Қарсақбаев, «Даладағы қуғын»)
«Погоня в степи». Төртінші көрініс (четвертый фрагмент).
I деңгей
Берілген етістіктердің болымсыз түрін құрыңыз (үлгі бойынша). Образуйте отрицательные формы данных глаголов по образцу.
- жасыру
- жасырмау
- үндеу
- __________
- сату
- __________
- асырау
- __________
- қорғау
- __________
- әурелеу
- __________
- санау
- __________
- айту
- __________
I деңгей (лексика)
Сын есімдерді есте сақтаңыз. Запомните прилагательные.
- қайырымды
- милостивый, любезный, добрый
- әділетті
- справедливый, правдивый
- әділ
- справедливый, честный
- әділет
- справедливость, честность
Оқыңыз, аударыңыз. Прочитайте и переведите: