Таныс болыңыздар Балдырған арулар тобы

Наурыз

Сыныптан тыс сабақ: «Қош келдің, әз — Наурыз!»

Бұл сценарий — Наурыз мерекесіне арналған сыныптан тыс іс-шараның мазмұны: ән, шашу, топтық сайыстар, мәнерлеп оқу, ұлттық ойындар және бата.

Формат

Ән • Өлең • Сайыс • Ойын • Бата

Қатысушылар

Ұстаздар • Ата-аналар • Оқушылар

Негізгі ой

Дәстүрді ұлықтау, білімді көрсету

Ашылу салтанаты

Ән

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Той шашуға тойыңдар —

Бұдан кейін ойын бар.

(Шашу шашылады.)

Жүргізушінің құттықтауы

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Наурыз мерекесінде балалар өз білімдерін көрсетеді. Сарапшылар құрамы сайланып, сайыс басталады.

Топтармен танысу

«Балдырған арулар» тобы

Топ 1

Әні: «Наурыз думан»

«Сал-серілер» тобы

Топ 2

Әні: «Қазақтың байтақ елі»

Мәнерлеп оқу сайысы

1-оқушы

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Той дабылын қағып тұрған,

Мұнда думан қауым бар.

2-оқушы

Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып,

Қыс барады қиылып, жылап тұрып.

Шатырында үйлердің Наурыз жүр,

Ақпанның мұз пердесін лақтырып.

3-оқушы

Наурыз қайта оралды — аты да аңыз,

Сұраймыз алғыс та, ақы да біз.

Үй дастарқан, думанымыз — сахнамыз,

Ұлы мейрам — Наурызға шақырамыз!

4-оқушы

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп.

Шаруаның кенелген,

Мейрам ежелден.

Құтты болсын, Наурыз!

5-оқушы

Наурыз жырын жырлаймыз,

Онымен де тұрмаймыз.

Шыңдалып жеткен бұл күнге

Ел дәстүрін сыйлаймыз.

6-оқушы

Жаңғырар дәстүр-салтымның,

Көзделсін бұлақ жалғасы.

Қастерлі менің халқымның

Мерекесі — Наурыз, жыл басы.

7-оқушы

Түйе сеніп бойына

Қалған ұмыт жылдардан,

Жатпа қарап, мойыма,

Талма именіп ділмардан.

8-оқушы

Ашық болсаң қос қабақ,

Тас атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та —

Бүгін төрде бас қонақ.

Сайыстар мен тапсырмалар

Ұлттық би

Қатысушылар ұлттық биден өнер көрсетеді. Бағалау: ырғақ, сахна мәдениеті, үйлесім.

«Білгенге маржан» (сұрақтар)

  1. Дүниеде не қымбат?
  2. Қазақта әртүрлі қонақ болады. Олардың аттарын ата.
  3. Дүниеде не тәтті?
  4. Дүниеде не жетім?

«Қазақтың тыйым сөзі — тәрбие көзі»

Ырымдар мен тыйым сөздер сайысы

«Балдырған арулар» тобы

Үш тыйым сөз айтады.

Қосымша тапсырма

Қазақта киелі саналатын 7 және 3 сандарына қатысты ұғымдарды ата.

«Сал-серілер» тобы

Үш тыйым сөз айтады.

Қосымша тапсырма

«Үш арсыз» және «үш алыс» ұғымдарын айтып бер.

«Ойнайық та, ойлайық» (сұрақ-жауап)

Білім мен дәстүрді ұштастыру

«Балдырған арулар» тобы

  1. Сүттен жасалатын тағамдарды ата.
  2. Наурыз көже қалай дайындалады?
  3. Ұлттық тағамдарды атап шық.
  4. Қойды жасына қарай қалай атайды?

«Сал-серілер» тобы

  1. Ұлттық ойындарды ата.
  2. Қойды бағып, жаятын адамды қалай атайды?
  3. Түйе сүтінен не жасалады?
  4. Қазақтың жаңа жылы қашан?
  5. Қандай ұлттық ойын түрлерін білесің?

«Шынықсаң — шымыр боласың» (ұлттық ойындар)

  • Асық ату

    Ептілік пен дәлдік

  • Қол күрес

    Күш пен төзім

  • Арқан тарту

    Бірлік пен ұйымшылдық

Қорытынды бөлім: «Аталы ел — баталы ел»

Әр топ өздері жаттап келген баталарын айтады. Төменде «Сал-серілер» тобының батасы берілген.

«Сал-серілер» тобының батасы

Ниеттеріңіз ақ болсын,

Наурыздың ақша қарындай.

Бастарыңа бақ қонсын,

Шаштарыңның санындай.

Тыныш болсын даламыз,

Түгел болсын нуымыз.

Таза болсын ауамыз,

Тұнық болсын суымыз.

Әумин!