Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт - тәуелсіздік алақанымызға қонды

Мерекелік іс-шара сценарийі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Егеменді болмай – ел болмас, Тәуелсіз болмай – жер болмас» атты мерекелік іс-шараның өткізілу сценарийі.

Медиа

Интерактивті тақтада бейнеролик көрсетіледі.

Формат

Екі жүргізуші, хор, би тобы, вокал және оқушылардың көркемсөзі.

Кіріспе сөз

Жүргізуші 1

Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар, азат ел. Көк байрағы, елтаңбасы, әнұраны бар Қазақ елі – егемен мемлекет, көпұлтты ел.

Жүргізуші 2

Под щедрым солнцем золотым,
Под ясным небом голубым
Мой герб и флаг в себя вобрали
Весь мир степной, родные дали,
Свободы дух и взор прямой.

Жүргізуші 1

Армысыздар, құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! Еліміздің Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі – ортақ жетістігіміз. Сондықтан бүгінгі «Егеменді болмай – ел болмас, Тәуелсіз болмай – жер болмас» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші 2

Добрый день, дорогие учителя, учащиеся и наши гости! Мы находимся в преддверии радостного события — праздника, объединяющего всех граждан нашего многонационального государства. Торжественный праздник, посвящённый Дню независимости Республики Казахстан, объявляется открытым.

Орындалады: Мемлекеттік Әнұран.

Көркемсөз және музыкалық нөмірлер

Төменде оқушылардың өлең жолдары мен жүргізушілердің мәтіндері редакцияланып, біріздендіріліп берілді.

Өлең: Тәуелсіздік туралы

Карина

Тәуелсіздік — бұл менің парасатым,
Күндестің де тілін тауып жарасатын.
Елдігіңді ерлігімен қорғайтын,
Қазақтың шығаратын Алаш атын.

Жанель

Свободен, величав и первоздан,
Звезде подобный средь земель и стран.
Кюй счастья ты наигрываешь звонко,
Родной мой лучезарный Казахстан!

Нөмір: Хор өнер көрсетеді.

Жүргізушілер сөзі: Тәуелсіздік — басты құндылық

Жүргізуші 1

Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт — тәуелсіздік — бүгін қолымызға қонды. Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Осы күнге бейбіт жолмен жетіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттері қатарына қостық. Тәуелсіздік жылдарында тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өттік.

Жүргізуші 2

В 1991 году Республика Казахстан объявила о своём суверенитете и стала независимым государством. Ежегодно 16 декабря отмечается День независимости Республики Казахстан. На просторах нашей республики — несметные богатства: редкие животные, растения и полезные ископаемые. В Казахстане есть прекрасные города, не уступающие по красоте городам Азии и Европы: Астана, Алматы и другие.

Күй: «Ерке сылқым» (Гүлжан және қыздар тобы).

Құттықтау сөз

Құттықтау сөз мектеп-гимназия директоры Әбдиева Айна Құрманқұлқызына беріледі.

Тәуелсіздіктің маңызы

Жүргізуші 1

Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тіліміз бен дінімізді қайта жаңғырттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүріміз жанданды.

Сания

16 желтоқсан — тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн — үміті боп елімнің,
Желбіресін көк туы — жерімнің нағыз көркі!

Мәңгі болсын, баянды болсын жылдарың!
Құтты болсын, мықты болсын тәуелсіздік тұғырың!

Нөмір: Би тобы өнер көрсетеді.

Тіл және рухани тірек

Жүргізуші 2

1989 жылы 22 қыркүйекте қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі.

Томирис

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала:
Әр адамда өз анасынан басқа да
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада
Болу керек құдіретті Төрт Ана.

Туған жері — түп қазығы, айбыны,
Туған тілі — сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы — тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.

Бейбарыс

Және туған тарихы — еске алуға қаншама,
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Төрт Анаға жағдай жасай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?

Диляра

Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл Төрт Ана — тағдырыңның тынысы,
Төрт Ана үшін болған күрес — күрестердің ұлысы!

Нөмір: Қазақша ән (вокал) — «Туған жер» (қыздар).

Заң және тіл тағдыры

Жүргізуші 2

1997 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданды.

Марал

Қуан, далам! Қуанатын күн бүгін.
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне
Енгендей боп — жаңа үміттің кіндігін.

Наргиз

Әрбір тілде сөйле — әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасауы керек мәңгілік!

Тарихи белестер

Өткенге көз салсақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.

Жүргізуші 1

1991 жылғы 1 желтоқсанда Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып сайланды.

Жүргізуші 2

В 1991 году 1 декабря Президентом Республики Казахстан был избран Н. А. Назарбаев.

Бейнематериал: «Небо моего детства» фильмінен үзінді.

Ән: «Жаса, Қазақстан!»

Қорытынды көркемсөз

Полина

Ата-бабам тұлпар мініп ойқастап,
Әрбір сөзі кесек-кесек ой тастап.
Тәуелсіз ел Президенті сайланды,
Қазағымның Нұрсұлтаны ел бастап.

Эльдар

Есть на свете немало богатых, загадочных стран.
А для нас центр мира — в бескрайних степях Казахстана.
На просторах твоих, как по замыслу мудрой природы,
Всё пропитано чистым и радостным духом свободы.