Абай ҚұнанбаевЕсекҚырық - елу қос бір жерденҚайтқан екен керуендер

Абай Құнанбаев

Есек
Қырық - елу қос бір жерден
Қайтқан екен керуендер.
Мал айдап барып әр елден
Сауда қылып жүргендер.

Алтын артқан бір есек
Соларменен келеді.
Ол жай жүрсе, жұрт та жай,
Ол желсе, жұрт желеді.

Тамам қостың байлары
Маңайынан кетпейді.
Қошемет қылып бәрлері
Шомын да жөндеп ерттейді.

Ортаға алып әлгіні
Бәрі бірдей сыйлайды.
Бірі сүйіп құлақтан,
Бірі жүнін сыйпайды.

Сылап - сыйпап, қадірлеп,
Беретұғын жем де артық.
Есер шіркін есіріп,
Болып алды тым тантық.

Көш бойы жұрт қасында,
Өзгеменен жұмыс жоқ.
Атты теуіп, адамды
Тістесе де сөгіс жоқ.

"Құдай аман сақта,— деп —
Жарда, суда!"— бата алған.
Еркелетіп ат қойып,
"Жаппарқұл мырза" аталған.

Алтын үсте жүргенде,
Сол қадірмен көп жүрген.
Өз ойында көк есек
Өзгеше тудым деп жүрген.

Алтынды бір күн бай алды,
Есектен жұрт та түңілді.
"Жаппарқұл" аты жоғалды,
Боқ тасуға жегілді.

Қарасаңшы бойыңа,
Ұзын құлақ қалпың ғой.
Жұрт ергені соңыңа —
Үстіндегі алтын ғой.



Ұқсас жұмыстар

Ұлы Жібек Жолы жайлы ақпарат
Көркемөнерпаз
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы
Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары
Ұлы жібек жолы сораптары
Ахмет Иассауи
Өлшем мәнді тұрақты сөз тіркестері
Ұлы Жібек Жолы туралы ақпарат
ХІХ ғасырдың екінші шерігінде крепостнойлық правоның әсеріне қарамастан
Сан есімнің (күрделі) сөзжасамы
Баланың мектепке келу мәселесі
ЖАЛАЙЫР ҚОСЫМҰЛЫ ҚАДЫРҒАЛИ
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету
Пайда, оның экономикалық мазмұны, түрлері және анықтау әдістері «Қостанай минералдары»
ТОЛЫБАЙҰЛЫ ОЛЖАБАЙ
Көшпелі қазақ өркениетіндегі отбасылық қатынастарды реттеу және әйел құқығының мәртебесі
ҚҰНАНБАЙҰЛЫ АБАЙ (ИБРАҺИМ)
Шетел мемлекеттері экономикасының мемлекеттік реттелуінің мәні мен әдістері
Қосарлама сөздердің семантикалық сипаты
Оңтүстік Корея Республикасының дамыған елдер қатарына қосылудағы мемлекеттік шараларының рөлі