Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Сабақтың ұраны

Сабақтың тақырыбы

Математика (5-сынып): ондық бөлшекті натурал санға көбейту.

Сабақтың ұраны

Намысымды қамшылап, өзімді-өзім тексерсем, білімдегі биігім асқар тауға жетеді.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Ондық бөлшекті натурал санға көбейтіп, үтірді дұрыс қоюды үйрету.

Дамытушылық

Сын тұрғысынан ойлау қабілетін, білімге құштарлық пен қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік

Өзін-өзі тексеру, өз білім деңгейін өзгелермен салыстыра білу дағдысын қалыптастыру.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Оқушының бағалау парақтары
  • Математикалық диктант тапсырмалары
  • Бағалау үлгісі
  • Ереже құрастыруға арналған карточкалар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты, ұраны, ерекшелігі және жұмыс тәртібі түсіндіріледі.

2) Үй жұмысын тексеру

Оқушылардың үй тапсырмасы тексеріліп, қателер бойынша қысқаша кері байланыс беріледі.

3) Үй жұмысын қорытындылау (сұрақтар)

  1. 1 Үй жұмысында қандай амалдар орындадыңдар?
  2. 2 Ондық бөлшектерді қосу үшін не істейміз?
  3. 3 Ондық бөлшектерді азайту үшін не істейміз?

4) Математикалық диктант (жаңа тақырыпқа кіріспе)

Төмендегі сөзбен берілген ондық бөлшектерді сан түрінде жазыңдар:

1. Нөл бүтін жүзден бес — 0,05

2. Екі бүтін мыңнан бір — 2,001

3. Он жеті бүтін жүзден отыз алты — 17,36

4. Отыз бес бүтін оннан екі — 35,2

5) Жаңа тақырып: ондық бөлшекті натурал санға көбейту

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:

  1. 1 Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейтеміз.
  2. 2 Шыққан көбейтіндіде оң жақтан үтірді бөлеміз: ондық бөлшекте үтірден кейін неше цифр болса, көбейтіндіден де оң жақтан сонша цифр санап, үтір қоямыз.

Мысал 1

4,23 × 5 = 21,15

Үтірден кейін 2 цифр бар, демек көбейтіндіде де оң жақтан екі цифрдан кейін үтір қоямыз.

Мысал 2

0,009 × 7 = 0,063

Үтірден кейін 3 цифр бар, демек көбейтіндіде де оң жақтан үш цифрдан кейін үтір қоямыз.

6) Дербес жағдайлар: 10, 100, 1000, ...-ға көбейту

Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 және т.б. разряд бірліктеріне көбейту үшін үтірді разряд бірлігіндегі нөлдер санына сәйкес оңға қарай жылжытамыз.

  • 7,465 × 10 = 74,65
  • 7,465 × 100 = 746,5
  • 7,465 × 1000 = 7465
  • 7,465 × 10000 = 74650

7) Қасиеттері

Ондық бөлшекті натурал санға көбейткенде көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттері орындалады.

Ауыстырымдылық

2,81 × 3 = 3 × 2,81

Терімділік

(3 × 2,5) × 4 = 3 × (2,5 × 4)

Үлестірімділік

(6,3 + 2) × 5 = 6,3 × 5 + 2 × 5

8) Бекіту (кітаппен жұмыс)

№1080 (1, 3, 5, 7)

  • 1) 6,3 × 7 = 44,1
  • 2) 9,6 × 8 = 76,8
  • 5) 8,31 × 14 = 116,34
  • 9) 2,15 × 12 = 25,8
  • 7) 9,03 × 17 = 153,51

№1081 (2, 4, 6, 8)

  • 2) 13,7 × 10 = 137
  • 4) 7,549 × 100 = 754,9
  • 6) 8,071 × 100 = 807,1
  • 8) 12,7 × 1000 = 12700

9) «Кім алғыр?» ойыны

Ойды шапшаңдататын сұрақтар мен жұмбақтар:

  1. 1. Егер тырна бір аяғымен тұрса, 3 кг болады. Ал екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша болады?

  2. 2. Бұл құралды әдебиет мұғалімі ешқашан қажет етпейді. Ал математика мұғалімі бесінші сыныптан бастап қолынан тастамайды. Өлшеп-өлшеп алып, түр-түрге бөледі. Бетіндегі белгілерді ауырып, қызуың көтерілгенде анаң да, дәрігер де қайта-қайта айтады. Бұл не?

  3. 3. Ұшақ Астанадан Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсіндіруге болады?

  4. 4. Электр пойызы шығыстан батысқа қарай сағатына 60 км жылдамдықпен жүріп келеді. Сол бағытта жел де соғып тұр, бірақ оның жылдамдығы сағатына 50 км. Жел пойыздың түтінін қай жаққа айдайды?

  5. 5. Ойымды жалғастыр: «Жеті жұрттың тілін біл, ...»

  6. 6. Жұмбақ: «Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар.»

  7. 7. Көңілді санау: «Дүкеннен мен сабын алдым, оның және қабын алдым. Екі дәптер, бір қарындаш, тіс ысқышты тағы алдым. Есептеші сонда бәрі — қанша болды қолда бары?»

10) Үй жұмысы

  • №1080 (2, 4, 6, 8)
  • №1081 (1, 3, 5, 7, 9)

11) Бағалау және мадақтау

Оқушының жұмысы бағалау парағы арқылы жинақталып, қорытынды баға қойылады.

12) Қорытындылау

Бағалау үлгісі

  • 5 10 және одан көп ұпай/тапсырма
  • 4 7–9 аралығы
  • 3 4–6 аралығы

Бағалау парағы (бөлімдер)

  • Үй жұмысы
  • Математикалық диктант
  • Жаңа тақырыпқа қатысуы
  • Кітаппен жұмыс
  • «Кім алғыр?» ойыны
  • Қорытынды

Бүгінгі сабақта ондық бөлшекті натурал санға көбейту ережесін меңгеріп, үтірді дұрыс қою тәсілін мысалдар арқылы бекіттік.