Мемлекеттік рәміздер тарихы
Жезқазған қаласы, №10 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Досмағанбетова Жұмакүл Абсаматовна
Сабақ тақырыбы
Мемлекеттік рәміздер тарихы. Жай сөйлемнің түрлері (8-сынып)
Сабақтың мақсаты
Мемлекеттік рәміздер туралы мәлімет бере отырып, оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамытуға жағдай жасау және жай сөйлемнің түрлерін қайталау.
Сабақтың міндеттері
- Мемлекеттік рәміздердің тарихы туралы мағлұмат алады.
- Тақырып бойынша топпен, жұппен және жеке жұмыс жасай алады.
- Ойларын нақты әрі жүйелі жеткізе біледі.
- Жай сөйлемнің түрлерін ажырата алады.
I. Қызығушылықты ояту
Ой қозғауСұрақ 1
Қазақстан қандай мемлекет?
Сұрақ 2
Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Сұрақ 3
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білесің бе?
II. Мағынаны тану
Түртіп алу1) Сөздікпен жұмыс
Сөздерді оқып, мағынасын анықтаңдар және жаттығыңдар.
| Қазақша | Орысша |
|---|---|
| Рәміз | символ |
| қолдану | применять |
| мән | значение |
| ең алғаш | впервые |
| пайда болу | появиться |
| адалдық | справедливость |
| тазалық | честность |
| билік | власть |
| шекара | граница |
| шексіз | бескрайний |
Мәтінмен жұмыс
«Мемлекеттік рәміздер тарихы» тақырыбындағы мәтінді оқып, белгілеу жүйесін қолданыңдар және орыс тіліне аударыңдар.
Белгілеу жүйесі (INSERT)
- V— білемін
- -— білмеймін
- +— жаңа мәлімет
- ?— тереңірек білгім келеді
Оқушы жұмысы тыңдалып, қысқаша талқыланады.
«Жұптас — талқыла — ортаға сал»
121-тапсырмаОқушылар жұптасып, берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударады. Сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрайды немесе сурет салады.
Берілген сөз тіркестері
- ең алғаш
- көне ту
- латын тілі
- геральдика ілімі
- зерттейді
- туымыздың түсі
- көк түсті
- жоғары баға берген
- күн бейнесі
- ұшқан қыран
- ою-өрнек
Жұптардың пікірлері тыңдалады.
2) ДЖИКСО-1
Топтық жұмыс1-топ
-
Сөйлемді дұрыс құрастырыңдар:
Әрбір адамның міндеті — мемлекеттік рәміздерді сыйлау.
-
Сөйлемнің түрін анықтаңдар:
Айтылу мақсатына қарай — хабарлы сөйлем.
-
Сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар:
Әрбір адамның міндеті мемлекеттік рәміздерді сыйлау ма?
2-топ
-
Тудың пайда болу тарихын баяндаңдар.
-
Көп нүктенің орнына бастауыш қойып жазыңдар:
Ту — ертеден келе жатқан мемлекеттік белгі.
3-топ
-
Геральдика деген не? Оның негізін салушы кім?
-
Лепті сөйлемді хабарлы сөйлемге айналдырыңдар:
Туымыз төбемізде желбірей береді.
4-топ
-
Біздің туымызда не бейнеленген?
-
Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
-
Сөйлемді хабарлы және бұйрықты сөйлемге айналдырыңдар.
Топтардың пікірлері тыңдалып, қорытындыланады.
III. Ойтолғаныс
БекітуОйтолғау
Мемлекеттік рәміздер — еліміздің қасиетті белгілері. Олар тәуелсіздігімізді, бірлігімізді және ұлттық құндылықтарымызды танытады.
Тест тапсырмалары
1) Ұлттық ою-өрнек қайда бейнеленген?
- a) Әнұран
- ә) Елтаңба
- б) Ту
2) Шұғылалы күн қайда орналасқан?
- a) Тудың ортасында
- ә) Елтаңбада
- б) Тудың сабында
3) Шәкен Ниязбеков қай рәміздің авторы?
- a) Ту
- ә) Елтаңба
- б) Әнұран
Кері байланыс: оқушылар кері байланыс парағын толтырады.
Үй тапсырмасы
- «Мемлекеттік рәміздер тарихы» тақырыбы бойынша іздену жұмысы.
- «Қазақстан» өлеңін жаттау.
- 1, 2, 5-тапсырмалар: сөйлем түрін анықтау және салыстыру.