Жерді тең екі жарты шарға бөлетін қандай сызық

Психологиялық дайындық

Ана, бала, қала, дала — айнала,
Шөбі жұпар, суы кәусар сай-сала.
Ай мен күн, жұлдыз, аспан, табиғат —
Бүкіл әлем, аманбысың, жамағат!

Қызығушылықты ояту

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Топ атаулары сабақ мазмұнымен байланыстырылып, кейінгі тапсырмаларда бағдар ретінде қолданылады.

I топ

ЖЕР

II топ

КҮН

III топ

АЙ

Еске түсіру және үй тапсырмасын тексеру

Негізгі ұғымдар

  • Жер — шар тәрізді дене.
  • Глобус — Жердің дәл үлгісі.

ЖЕР тобына

Қазақстан Республикасы қай материкте орналасқан?

КҮН тобына

Жердің шар тәріздес екендігіне қандай дәлелдер бар?

АЙ тобына

Глобустан немесе жарты шарлар картасынан материктер мен мұхиттарды тауып, ата.

Жаңа сабақ: глобустың градус торы

Бұл сабақта глобустағы негізгі бағыттар мен сызықтар таныстырылады: полюстер, экватор, параллельдер, меридиандар және олардың бірігіп құрайтын градус торы.

Ой қозғау: тәжірибе

  1. Глобустың бетіне бормен белгі қойып, глобусты білігінен бір айналдырыңдар. Не байқадыңдар?
  2. Глобус білігінің ұштары шығатын үстіңгі және астыңғы нүктелерін белгілеңдер. Не аңғардыңдар?

Түсіндіру: негізгі анықтамалар

Жер шарының жорамал білігі бетіне шығатын нүктелер полюстер деп аталады. Жер шарында екі полюс бар: солтүстік және оңтүстік. Жер өз білігінен айналғанда полюстер орнында қалады.

Полюстерден бірдей қашықтықта жүргізілген сызық — экватор (латынша «теңейткіш»). Экватор Жерді солтүстік және оңтүстік жарты шарға бөледі. Экватор ұзындығы шамамен 40 000 км.

Параллельдер

Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар параллельдер деп аталады (грекше «қатар жүруші»). Олар батыс–шығыс бағытын көрсетеді. Полюстерге қарай жақындаған сайын параллель шеңберлерінің ұзындығы қысқара береді.

Меридиандар

Солтүстік және оңтүстік полюстерді қосатын шеңбер тәрізді сызықтар меридиандар деп аталады (латынша «түскілік»). Меридиан солтүстік–оңтүстік бағытын көрсетеді. Жердің кез келген нүктесі арқылы сансыз көп меридиан жүргізуге болады.

Халықаралық келісім бойынша бастапқы меридиан Ұлыбританиядағы Лондон қаласының маңымен өтеді. Ол Жерді батыс және шығыс жарты шарларға бөледі.

Градус торы

Белгілі бір градус сайын жүргізілген параллельдер мен меридиандар глобустың бетін тор көздерге бөледі. Осы тор глобустың градус торы деп аталады.

Бекіту жұмыстары

Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді тізбектеп оқу.
  • Негізгі терминдерді дәптерге жазып, мағынасын айту.

Сөздікпен жұмыс

  • Экватор (латынша) — «теңейткіш».
  • Параллель (грекше) — «қатар жүруші».
  • Меридиан (латынша) — «түскілік».

Іздендіру тапсырмалары

ЖЕР тобы

Глобустан полюстерді, экваторды, параллель және меридиан сызықтарын тауып көрсет.

КҮН тобы

Меридиан және параллель сызықтарының неше градус сайын жүргізілетінін анықта.

АЙ тобы

Жарты шарлар картасынан полюстерді, экваторды, параллель және меридиан сызықтарын тауып көрсет.

Блиц-турнир

ЖЕР тобы

  1. Жер шарында неше полюс бар?
  2. Жер өз білігінен айналғанда полюстер айнала ма?
  3. Полюстер глобуста немесе жарты шарлар картасында қалай бейнеленеді?

АЙ тобы

  1. «Экватор» сөзі қандай мағына береді?
  2. Жерді тең екі жарты шарға бөлетін қандай сызық?
  3. Жер экваторының ұзындығы қанша километр?

КҮН тобы

  1. Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар қалай аталады?
  2. «Параллель» қандай мағынаны білдіреді?
  3. Параллельдер қандай бағытты көрсетеді?

Шығармашылық тапсырма

Әр топ өз атауына (Жер, Күн, Ай) байланысты шағын ой-толғау жазады.

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?
  • Нені үйрендің?
  • Шағын топта жұмыс істеген ұнай ма?

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Топтық жұмысқа қатысуы, жауаптарының дәлдігі және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.

Үйге тапсырма

  1. «Глобустың градус торы» тақырыбын оқу, негізгі ұғымдарды қайталау.
  2. Өздерің тұратын жердегі меридиан бағытын анықтау.

Автор туралы мәлімет

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №19 жалпы орта білім беретін мектеп.
Баспаева Гүлшат Мақсотқызы.