Сөйлем құрау
Сабақ тақырыбы
Қазақ тілі (4-сынып): Көмектес септік.
Сабақ түрі
Қайталау сабағы.
Көрнекіліктер
- Кесте
- Суреттер
- Қималы карточкалар
Әдіс-тәсілдер
- Жұптық жұмыс
- Топтық жұмыс
- Өзіндік жұмыс
Мақсаты мен міндеттері
Оқушылардың зат есім туралы түсінігін кеңейту және көмектес септік жайлы білімін қалыптастыру.
Білімділік
- Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
- Зат есім туралы түсініктерін кеңейту.
- Көмектес септік туралы түсінік беру.
Дамытушылық
- Сөз таптарын ажырата білу қабілетін дамыту.
- Сөз таптарының сұрақтарын білу және қолдану.
- Белсенділікті арттыру.
Тәрбиелік
- Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
- Ұйымшылдыққа баулу.
Сабақ барысы
1) Ой шақыру
Берілген сөздерді септеп жазыңдар:
- 1 1-қатар: әнші
- 2 2-қатар: қобыз
- 3 3-қатар: домбыра
2) Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тапсырмаларды тексеру, қателермен жұмыс, қысқа қорытынды жасау.
3) Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру
Каллиграфиялық минут
Көмектес септіктегі сөздер істің қай құралмен істелгенін және істің бірлесіп орындалғанын білдіреді.
Мақал арқылы түсіндіру
Оқу – инемен құдық қазғандай.
Сурет бойынша жұмыс
Тірек сөздер: ине, су, от. Жалғауларды дұрыс қосып, көмектес септікте қолдану.
Ой толғау
- Сумен ойнама — батарсың.
- Отпен ойнама — күйерсің.
2-тапсырма: жатқа жазу және талдау
Берілген сөйлемдерді жатқа жазып, көмектес септіктегі сөздерді тауып, сөйлемдегі қызметін талдау.
4) Оқулықпен жұмыс
- Ережені оқу.
- Мағынасын түсіну.
- Есте сақтау.
5) Топтық жұмыс
Ауызша тапсырма: мәтінді оқу, көмектес септіктегі сөздерді табу (мысалы: сумен, материкпен), мағынасын түсіндіру.
Сөздік жұмыс
Архипелаг аумағында өсетін өсімдіктер — тундралық типтегі өсімдіктер: қортық қайыңдар, қортық талдар, мүктер мен қыналар.
Дәлелдеу үлгісі
- Бұл көмектес септіктегі сөз, өйткені сөйлемде ... мүше болып тұр.
- Ол кіммен? / немен? сұрақтарына жауап береді.
6) Жаттығулар және ойын элементтері
82-жаттығу
Адасқан сөздерді өз орнына қойып, сөйлем құрау және талдау.
89-жаттығу
Берілген тапсырма бойынша әңгіме құрастыру.
87-жаттығу
Жатқа жазу, көмектес септік жалғауларын табу және түсіндіру.
Шығармашылық жұмыс
Сөздерді көмектес септікке қойып, сөйлем құраңдар:
- еңбек
- су
- Ораз
- кітап
Ребус шешу (жұппен жұмыс). Шешуі: пойыз, жол, рельс.
«Күйші» тақырыбы бойынша сұрақтар
- Күйші деген кім?
- Қандай күйшілерді білесіңдер?
- Құрманғазы туралы не білесіңдер?
- Құрманғазының шәкірті кім?
- Құрманғазының күйлерін атаңдар.
«Ұйқасын тап» ойыны және 91-жаттығу
Ойын арқылы ұйқас сөздерді табу және 91-жаттығуды орындау (мысалы: шымшық, бұлақ).
Жаңа білімді бекіту
Тест тапсырмалары
-
1) Көмектес септігінің жалғауын тап.
- A) -ға, -ге, -қа, -ке
- Ә) -мен, -бен, -пен
- Б) -ның, -нің, -тың, -тің
-
2) Кіммен? Немен? сұрақтарына жауап беретін септік.
- A) атау септік
- Ә) барыс септік
- Б) көмектес септік
-
3) Көмектес септікте тұрған сөзді тап.
Үйдің қабырғасын балшықпен сыладым.
- A) үйдің
- Ә) қабырғасын
- Б) балшықпен
-
4) Көмектес септіктегі сөз қай сөзбен байланысып тұр?
Әсем ағашты арамен кесті.
- A) Әсем
- Ә) кесті
- Б) ағашты
-
5) Көмектес септіктегі сөздер сөйлемде қандай мүше болады?
- A) тұрлаулы мүше
- Ә) тұрлаусыз мүше
Үйге тапсырма
Оқулықтағы көмектес септікке қатысты жаттығуларды орындау, ережені қайталау және көмектес септіктегі сөздері бар 3 сөйлем құрастыру.