Білім беру саласы: танымҰйымдастырылған оқу іс - әрекеті: қарапайым математикаТақырыбы
Сабақ туралы мәлімет
Білім беру саласы
Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Қарапайым математика
Тақырыбы
1 саны мен цифры
Мақсаты
- 1 санымен таныстыру және білімдерін бекіту.
- Шығармашылыққа баулу.
- Достыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, сағат, ақша.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Оқу іс-әрекетінің барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақты «Шаттық шеңбері» арқылы бастаймын.
Табиғат — біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
II. Қызығушылықты ояту: ертегімен байланыс
Сұрақ-жауап: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мынау ненің суреті?» (Мысық.)
«Бұл кейіпкерді қай ертегіден білеміз?» («Мақта қыз бен мысық».)
Бүгін бізге сол мысық қонаққа келді. Ол жай келмеген: Мақта қыздан құйрығын қайта алу үшін көмектесуімізді сұрайды. «Көмектесеміз бе?» — Иә!
Ертегі қалай басталатынын еске түсіреміз: балаларға қысқаша айтып бергіземін.
III. Жаңа сабаққа кіріспе: 1 саны
«Тақтаға қарайықшы. Нені көріп тұрсыңдар?» — Суреттерді.
«Ненің суреттері?» — Балапан, машина, доп.
«Олар нешеу?» — 1.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: 1 саны мен цифры.
IV. Ертегі желісі бойынша тапсырмалар
«Ең бірінші мысық кімге жолығатын еді?» — Сиырға. Әрі қарай әр кейіпкер бізге бір тапсырмадан береді.
Сиырдың тапсырмасы
Жаңа сабақ: 1 санын таныстыру, цифрын көрсету, мағынасын түсіндіру.
Талдың тапсырмасы
«Кім жылдам?» Үлестірмелі қағазбен жұмыс: 1 доптаяғы бар баланы белгілеу.
Қыздардың тапсырмасы
Сергіту сәті: қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы сергіп алу.
Дүкеншінің тапсырмасы
«Бос орынды толтыр»: сандар қатары мен берілген тапсырмалардағы жетіспейтін орынды толықтыру.
Тауықтың тапсырмасы
«Кімнің үйі?» Суреттер бойынша сәйкестендіру: жануарларды өз үйлерімен байланыстыру.