Шығармашылық жұмыс Топ ұраны

Сабақ жоспары

Төмендегі құрылым қатысушылардың қауіпсіз әрі белсенді қатысуына, шығармашылықпен ашылуына және ортақ тәжірибені талдауға мүмкіндік береді.

  1. 1. Сәлемдесу: «Шеңбер бойымен жалғасқан есім»

    Танысу
  2. 2. Сергіту: «Орын ауыстырайық»

    Қозғалыс, энергия
  3. 3. Топ ережелерін қабылдау

    Қауіпсіз орта
  4. 4. Шығармашылық таныстыру: бейдж дайындау

    Өзін таныту
  5. 5. Босаңсу ойыны: «Қозғалыстағы есім»

    Еркіндік
  6. 6. Топқа бөліну: пазл арқылы (3 топ)

    Командалық жұмыс
  7. 7. Шығармашылық жұмыс: «Топ ұраны»

    Идея, бірлік
  8. 8. Драматизация: «Кинофильм»

    Ынтымақтастық
  9. 9. Босаңсу ойыны: «Хор»

    Көңіл күй
  10. 10. Релаксация: «Алақандағы гүл»

    Тынығу
  11. 11. Шығармашылық жұмыс: «Ғажайып бақша» (коллаж)

    Ресурс
  12. 12. Босаңсу ойыны: «Қол тигіз»

    Шапшаңдық
  13. 13. Рефлексия: «Кері байланыс қалтасы»

    Ой қорыту
  14. 14. Қоштасу: «Қошемет сөз» ойыны

    Жылы тілек

Өтілу барысы (жүргізушіге арналған мәтін)

Тренинг — өмірде күтпеген жағдайлар туындағанда өзімізді еркін көрсетуге қорықпай, бір-бірімізбен ынтымақтаса әрекет ету жолдарын таба білсек және пайда болған қиындықтарды шеше алсақ, осының бәрі өз қалауымызға жақындай түсетініміздің бастауы.

1) Сәлемдесу: «Шеңбер бойымен жалғасқан есім»

Қатысушылар шеңберге тұрады. Допты бір-біріне бере отырып, әркім өз есімін және қызығушылықтарын (ұнататын іс-әрекетін) айтады.

2) Сергіту жаттығуы: «Орын ауыстырайық»

Ойын қозғалысқа, көңіл күйді көтеруге және бір-бірі туралы көбірек ақпарат алуға көмектеседі. Жүргізуші белгілі бір белгі бойынша «орын ауыстырамыз» дейді, сәйкес келетіндер орындарын ауыстырады.

Жеңіл нұсқа (күнделікті әдеттер)

  • Шалбар кигендер орын ауыстырады.
  • Алманы жақсы көретіндер орын ауыстырады.
  • Сағат тағатындар орын ауыстырады.
  • Гитарада ойнай алатындар орын ауыстырады.
  • Домбырада ойнай алатындар орын ауыстырады.
  • Түрік киносын көретіндер орын ауыстырады.
  • Қалжыңды сүйетіндер орын ауыстырады.

Күрделі нұсқа (кәсіби ерекшелік)

  • Бір мекемеде 5 жылдан бері жұмыс істейтіндер орын ауыстырады.
  • Қазір жаңа бағдарламамен жұмыс істеп жүргендер орын ауыстырады.
  • Өз пәнін және жұмысын жақсы көретіндер орын ауыстырады.
  • Педагогикалық өтілімі 10 жылға толғандар орын ауыстырады.
  • Бала кезінен мұғалім болуды армандағандар орын ауыстырады.
  • Байқау жүлдегерлері орын ауыстырады.
  • Зерттеу жұмысымен айналысатындар орын ауыстырады.

Қорытынды сұрақ

Ойын соңында: кім кімдерді несімен есте сақтап қалды? Қысқа ой бөлісу ұйымдастырылады.

3) Топ ережелерін қабылдау

Жүргізуші ережелерді ұсынады. Қатысушылар келіссе — алақандарын соғады, келіспесе — аяқтарын жерге топылдатады.

Ашық қарым-қатынас

Ойды мәдени түрде айту, тыңдай білу.

Белсенділік және әзіл

Жеңіл атмосфераны қолдау.

Бағалаусыз пікір

Сынға емес, түсінуге ұмтылу.

Ерікті қатысу

Шекараны сақтау, қысым жасамау.

«Осы күні және қазір» қағидасы

Назарды қазіргі сәттегі тәжірибеге бағыттау.

4) Шығармашылық таныстыру: бейдж дайындау

Қатысушыларға фломастерлер мен қарындаштар ұсынылады. Әркім өз «тренингтік есімін» жазып, бейдж-карта жасайды.

5) Босаңсу ойыны: «Қозғалыстағы есім»

Қатысушылар шеңберге тұрады. Әрқайсысы тренингтік есімін айтып, өз мінезіне сай қарапайым қимылды көрсетеді. Топ қимылды қайталап, қатысушыны қолдайды.

6) Топқа бөліну: пазл арқылы (3 топ)

Жүргізуші пазл бөлшектерін таратады. Қатысушылар бірігіп пазлды құрастырып, нәтижесінде 3 командаға бөлінеді.

7) Шығармашылық жұмыс: «Топ ұраны»

Әр топ өз командасының ұранын ойлап табады және қысқаша таныстырады.

8) Драматизация жаттығуы: «Кинофильм»

Қатысушылар «Шалқан» ертегісін берілген жанр бойынша сахналайды. Дайындыққа — 15 минут, қойылымға — 5 минут.

Талдау фокусы

Бірлесудің тиімділігі: бәрі іске асты ма, кім өзін қажет сезінді, кім шетте қалуға тырысты?

Америкалық

Қалжың мен қорқынышты фильм стилі.

Француздық

Романтикалық комедия стилі.

Итальяндық

Мафиялық және шытырман оқиға стилі.

9) Босаңсу ойыны: «Хор»

Топтар «В лесу родилась елочка» әнін берілген рөлге сай орындайды (әр топқа екі тапсырмадан беріледі). Жаттығу көңілді атмосферада өтеді, қысым болмайды және қатысушылардың еркін босаңсуына көмектеседі.

Рөлдік нұсқалар

  • Африкалық аборигендер
  • Үнді йогалары
  • Кавказдық тау халықтары
  • Бұғы өсіруші чукчалар
  • Үндістер тайпасы
  • Ағылшын джентльмендері

10) Релаксация: «Алақандағы гүл»

Қатысушылар жайланып отырып, көздерін жұмып, өздерін жасыл шалғында елестетеді (жай музыка қосылады).

Жасыл шалғынды, мейірімді әрі жылы күнді, құстардың әнін, судың сылдырын елестетіңіз. Сол сәтте кішкентай, сүйкімді, момын және бақытты бала пайда болады. Ол қайғының, сенімсіздіктің, көңілсіздіктің не екенін білмейді. Бұл — сіздің бала кезіңіз.

Бала сізге қол созады — сенгіш әрі мейірімді. Сіз де оған солай жауап бересіз. Қуанғыңыз, күлгіңіз келеді; өмірдің қиындықтарын бір сәтке ұмытқыңыз келеді; өзіңізді сенімді әрі бақытты сезінгіңіз келеді.

Сіз баланы қолыңызға алған кезде, ол алақаныңызда гүлге айналады. Бұл — балалық шақтың әдемі гүлі. Әркімнің гүлі әртүрлі: біреуде ол жұмбақ, біреуде түсінде жиі көрінеді, біреуде қарапайым белгісіз гүл, ал біреуде ашық әрі есте қаларлықтай. Бірақ бәрі де әдемі — бәрі де біздің балалық шағымыз.

Егер жаныңыз ауырса немесе қандай да бір сұраққа жауап таба алмасаңыз, балалық шағыңызды еске түсіріңіз. Өзімізді кішкентай, момын, бақытты бала ретінде сезіну — ішкі тірегімізді күшейтеді. Енді көздеріңізді ашыңыз. Қайту уақыты келді.

11) Шығармашылық жұмыс: «Ғажайып бақша» (коллаж)

Қатысушылар шеңберде отырады. Алдыңғы релаксацияда елестеткен «алақандағы гүлді» еске түсіреді: түсі қандай, жапырағы қандай, биік пе әлде аласа ма, ашық па әлде бәсең бе?

Нұсқаулық

  • Гүлді салып, жапырақтарына «бақытты болу жолдарын» жазыңыз.
  • Гүлді қиып дайындаңыз.
  • Ортаға ашық түсті мата немесе ватман төселеді — бұл «бақша алаңқайы».
  • Түйреуіш (немесе желім) арқылы гүлдерді «отырғызамыз».

Психологиялық мағынасы

  • Ішкі қобалжуды азайту, эмоцияны тану.
  • Өзіндік бағалауды нығайту және өзіне сенімділікті арттыру.
  • Өз ойын еркін айту, өз-өзіңмен болу, өзін әлемнің бір бөлігі ретінде сезіну.

Талдау

«Ғажайып бақшаны» тамашалап, әсермен бөліседі. Әр гүл әртүрлі, бәріне де күн мен күтім керек. Бұл алаңқай — педагог жанының гүлге толы екенін білдіретін символдық кеңістік.

12) Босаңсу ойыны: «Қол тигіз»

Жүргізуші «Сарыға дейін ғана қол тигіз!» жаттығуының шартын түсіндіреді: қатысушылар бөлме ішіндегі және киімдегі сары түсті тауып, оған қол тигізуі керек. Ойын шапшаң әрі көңілді өтуі маңызды.

13) Рефлексия: «Кері байланыс қалтасы»

Психолог қатысушыларға қысқаша жазба қалдыруды ұсынады: тілектер, қобалжу, ұнаған және ұнамаған тұстар. Жазбалар екі қалтаға салынады:

«Позитив (Ақиқат)» қалтасы

Эмоционалдық қолдау ретінде көрнекті жерге қойылады.

«Жағымсыз» қалтасы

Топтың қошеметімен сол жерде жойылады (символдық түрде «ауыр ойдан арылу»).

Соңында педагогтар өз қалауы бойынша жазғандары туралы ой бөліседі.

14) Қоштасу: «Біз достарға бақыт, қуаныш, мейірім тілейміз…»

Қорытынды бөлімде қатысушылар шеңберге тұрып, «Қошемет сөз» ойыны арқылы бір-біріне кезекпен ақ тілектерін айтады. Соңғы қатысушыдан кейін бәрі бірге:

«Біз достарға бақыт, қуаныш, мейірім тілейміз!»

Психолог баршаға сәттілік пен көтеріңкі көңіл күй тілейді.