Күннің ішіндегі сөздерден сөйлем құра

Сабақ туралы

Тақырып
Сөйлем
Сабақтың типі
Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, сөзжұмбақ
Көрнекіліктер
Сызба, сөзжұмбақ, үлестірмелер, топтамалар
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, математика, бейнелеу

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушыларға сөйлем туралы жалпы түсінік беру; сөйлем түрлерін және тыныс белгілерін меңгерту.
  2. Өз ойын ашық жеткізуге, өзіндік жұмыс істеуге және сауатты жазуға дағдыландыру.
  3. Көркем жазуға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа қажетті құралдарды дайындау.

2) Психологиялық дайындық

Армысың, алтын күн!
Армысың, асыл жыр!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым бос.

3) Үй жұмысын тексеру

Тапсырма

218-жаттығу

Тақырып

«Әдепті бала — арлы бала» тақырыбына шығарма жазу

Қайталау сұрақтары

1) Мәтін дегеніміз не?

Мәтін — мағына жағынан өзара байланысты екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.

2) Мәтіннің қандай түрлері болады?

  • Әңгімелеу

    Сұрағы: не істеді?

  • Сипаттау

    Сұрағы: қандай? қай?

  • Пайымдау

    Сұрағы: неліктен?

4) Жаңа сабақ: «Сөйлем»

Кіріспе тапсырма: сөзжұмбақ

  1. Тілден ұшып, құлаққа қонады — сөз.
  2. Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін — көз.
  3. Мәтіннің бір түрі — пайымдау.
  4. 16 желтоқсан қандай мереке? — Тәуелсіздік күні.
  5. Мәтіннің бір түрі — әңгімелеу.
  6. Сөзі бар ізінде — қаламсап.

Шыққан сөз: Сөйлем. Демек, бүгінгі тақырыбымыз — сөйлем.

Негізгі сұрақтар

  • Сөйлем неден құралады?
  • Сөйлем дегеніміз не?
  • Сөйлемнің қандай түрлері бар?

Есте сақта

Сөйлемнің негізгі түрлері: хабарлы, сұраулы, лепті.

.

Хабарлы сөйлем

Бір нәрсе туралы хабарлау мақсатында айтылады. Соңына нүкте қойылады.

?

Сұраулы сөйлем

Жауап алу мақсатында айтылады. Соңына сұрау белгісі қойылады.

!

Лепті сөйлем

Адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді. Көтеріңкі дауыспен айтылады. Соңына леп белгісі қойылады.

Ойын: «Затты пайдаланып сөйлем құра»

Сұрақ: Қандай мереке жақындап келеді?

Жаңа жыл мерекесі жақындап қалды. Біз оны асыға күтеміз және бірге дайындаламыз. Би билеп, ән саламыз. Аяз атадан сыйлық аламыз.

5) Оқулықпен жұмыс (ауызша)

Оқулықтың 74-бетін ашып, 219-жаттығуға назар аударамыз. Сөздерді салыстырып оқыңдар.

Талқылау: Шекарашы деген кім?
Жауап: Шекараны күзететін адам.

6) Дәптермен жұмыс

Күні

Желтоқсанның жетісі

Жазба

Класс жұмысы

Тақырып

Сөйлем

Көркем жазу

Сс Сс

Сабыр түбі — сары алтын.

220-жаттығу (өз бетімен жұмыс)

Сөйлемдерді оқып, көшіріп жазу

Ажар кітапханаға барды.

Кітапханада адам көп екен.

Ол кітапханадан кітап алды.

7) Сергіту сәті

Би: «Қаражорға».

8) «Кім шапшаң?» тапсырмасы

Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу.

  1. Жасыл дөңгелекшелердегі сөздерден сөйлем құрау:
    Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр.
  2. Парақшалардағы сөздерден сөйлем құрау:
    Ақан шанамен сырғанайды.
  3. Төртбұрыш ішіндегі сөздерден сөйлем құрау:
    Шана төмен қарай сырғанай жөнелді.
  4. Күннің ішіндегі сөздерден сөйлем құрау:
    Ол абайсызда шанадан айырылып қалды.

9) Ребус шешу

Ребусты шешіп, шыққан сөзге байланысты шағын әңгіме құрастыру.

Шешуі

Суретшілер

Суретшілер көрмесі болды.

Суретшілер сурет салды.

10) Ойын: «Өз үйіне кіргіз»

Тапсырма мақсаты — сөйлемнің түрлерін және тиісті тыныс белгілерін сәйкестендіру: ., ?, !.

11) «Сөйлем ойла» тапсырмасы

  • Сөз

    Астана

    Астана — әсем қала.

  • Сөз

    Ту

    Қазақстан туы желбірейді.

  • Сөз

    Аю

    Сен аюды көрдің бе?

  • Сөз

    Астана

    Алақай, Астанаға барамын!

12) Үй тапсырмасы

Жаттығу

222-жаттығу

Қосымша

Ережені жаттау

13) Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау:

  • Өте жақсы қатысқандарға

    Аққала

  • Жақсы қатысқандарға

    Шырша

Сабақ аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет!