Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Білімділік
Оқушыны өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, сөздің қандай мағына беріп тұрғанын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық
Әр сөздің мағыналық қырларын танытып, тура және ауыспалы мағыналарын салыстыра ажыратуға үйрету.
Тәрбиелік
Дұрыс сөйлеуге, сөзді орынды қолдануға, тіл мәдениетін сақтауға баулу.
Сабақ әдістері
Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекіліктер
Плакат, қағаздар.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу, қатысымды тексеру, сыныпты сабаққа даярлау.
2) Үй тапсырмасын тексеру
38-жаттығу: талдау, сұрақтар арқылы қайталау.
Қайталау сұрақтары
- Лексика нені зерттейтін ғылым?
- Мысал келтір.
3) Жаңа сабақ: сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөздің затты немесе құбылысты нақты атап білдіретін бастапқы мағынасы тура мағына деп аталады. Тура мағына — әр заттың өзіне тән, негізгі мағынасы; сол арқылы біз зат пен құбылысты айқын ажыратамыз.
Тура мағынаға мысалдар
- Зат атауы: аспан, жер, бұлт
- Сын-сапа: биік, жылы, жақсы
- Қимыл-әрекет: бару, келу, оқу
Дегенмен сөздер әрдайым тура мағынада ғана қолданылмайды. Тура мағынаның негізінде туындап, көпшілікке түсінікті болып орныққан ауыспалы мағына да болады.
Көз
- бұлақтың көзі
- күннің көзі
- адамның, жануардың көзі (дене мүшесі)
Тіл
- орыс тілі
- ана тілі
- шет тілі
- тіл (дене мүшесі)
Өткір
- өткір пышақ
- өткір сөз
Жаттығулармен жұмыс
41-жаттығу (топтық жұмыс)
Тапсырма 3 топқа бөлініп орындалады: сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын анықтап, басқа сөздермен байланыстырып сөз тіркестерін құрау және сөйлем жасау.
I топ
бет, құлақ, қабырға
II топ
дүние, кілт, келу
III топ
ақ, өту, терең
42-жаттығу (ауызша)
Өлең жолдарынан ауыспалы мағынада қолданылған сөздер мен сөз тіркестерін табу.
Сөздің патшасы — сөз сарасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы,
Сөзбен былғанса сөз арасы.
Іші — алтын, сырты — күміс сөз жақсысы.
Сергіту: «Ұшты-ұшты» ойыны
Ойынды сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратуға бағыттап ойнаймыз. Мұғалім сөз тіркесін айтады, оқушылар қайсысы мағыналық тұрғыдан дұрыс қолданылғанын талқылайды.
«Ұшты-ұшты»
ұшақ ұшты, қағаз ұшты, кірпі ұшты, шүберек ұшты, құс ұшты, алма ұшты, жүрек ұшты, темір ұшты
«Жүгірді-жүгірді»
аққу жүгірді, бала жүгірді, қой жүгірді, сақина жүгірді, жастық жүгірді
«Жылады-жылады»
сәби жылады, дәптер жылады, кілем жылады, адам жылады, жапырақ жылады
Бекіту
Қорытынды сұрақ: сөздің тура мағынасы мен ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
Үй тапсырмасы
44-жаттығу: тура және ауыспалы мағыналы сөздерді бөліп жазу, сол сөздермен сөйлем құрастыру.
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың жұмысы бағаланады.