Топтар бойынша, жеке оқулықпен жұмыс
Сабақ туралы мәлімет
- Пәні / сыныбы
- Математика, 3-сынып
- Сабақтың тақырыбы
- Тіктөртбұрыш пен шаршының периметрі және ауданы
- Сабақтың түрі
- Сайыс сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Топтық және жеке жұмыс
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға тіктөртбұрыш пен шаршының периметрі және ауданы туралы түсінік беру; оларды есептерде қолдануға үйрету.
Күтілетін нәтиже
- Тіктөртбұрыш пен шаршының периметрі мен ауданын табуды үйренеді.
- Топта бірлесе жұмыс жасап, бірін-бірі оқыту дағдыларын дамытады.
- Өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік алып, пікірін дәлелдеуге үйренеді.
- Отансүйгіштік пен патриоттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеленеді.
- Жағымсыз әдеттерден аулақ болып, ізгілікке ұмтылу көзқарасын қалыптастырады.
Негізгі идея
Оқушылардың сабақты өз бетінше меңгеруі, топта бірлесе жұмыс жасауы, және бірін-бірі үйретуге машықтануы.
Оқудың өзара байланыстары
Ресурстар
-
Көрнекілік және материалдар
Түрлі түсті қағаздар, маркерлер
-
Бағалау
Ашық бағалау журналы, смайликтер
-
Жалпы құралдар
Оқу құралдары және қосымша қажеттіліктер
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру: топқа бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Шашу» ойыны ұйымдастырылады. Ел көлемінде және ауданымызда тойланып жатқан мерейтойларға байланысты шашу ретінде таратылған тәттілердің түстері арқылы оқушылар 2 топқа бөлінеді.
2) Үй тапсырмасын тексеру (білу, түсіну)
Оқулық бойынша үйге берілген 7-есеп дәптерде орындалуы бойынша тексеріледі.
7-есеп: теңдеулерді шешу
- 12 : x = 6
- x · 10 = 30
- x · 100 = 900
- 9 · x = 45
- 50 · x = 400
- 72 : x = 8
3) Жаңа сабақ (талдау, қолдану)
-
1
Күнделікті өмірден жағдаят келтіріп, тақырыпты ашу және түсіндіру.
-
2
1-есептің «б» бөлімі бойынша тапсырманы топтарға бөліп беру. Постер арқылы қорғау.
-
3
Топтық жұмыс және жеке оқулықпен жұмыс жүргізу.
-
4
Сергіту сәті: «Қара жорға» биін орындау.