Түлкі бауырсақты жеп қоймақшы
Сауат ашу
Тақырыбы: Ц ц дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: Ц ц дыбысының әріп таңбасымен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту, сөздерді буынға бөлу, сөйлем құрастыру.
- Дамытушылық: Балалардың ойлау, қиялдау және түсіну қабілеттерін дамыту.
- Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, тазалыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Қажетті ресурстар
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
- Жеміс суреттері
Әдіс-тәсілдер
- Көрнекілік
- Ойын
- Ертегі элементтері
- Сұрақ-жауап
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың басында жылы атмосфера қалыптастыру және балаларды оқу әрекетіне жұмылдыру.
Сәлемдесу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен сіздерге,
Сәлем бердік біз.
Тренинг
«Жылулық шеңбері» арқылы бір-біріне жақсы тілек айту, көңіл күйді көтеру.
2) Қайталау
Өткенді еске түсіру және жаңа сабаққа көпір құру.
Сұрақ: Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем
Көктемде күн ұзарады, кейде адамдар әлсірей бастайды. Сондықтан дәруменге бай жемістерді еске түсіріп, суреттермен жұмыс жасаймыз.
Тапсырма
Жеміс суреттерін таңдап алып, артындағы әріптер арқылы сөздер мен сөйлемдер құрастыру.
3) Жаңа сабақ
Сюжеттік ойын арқылы жаңа дыбысты таныстыру: бүгін сыныпқа балалар күнделікті теледидардан көретін Саяхатшы Дара қонаққа келеді.
Дараға СМС келіп, досы Бауырсақпен бірге келе жатқанын айтады. Бірақ Бауырсақ қалың орманда адасып қалыпты. Балалар Дараға көмектесіп, Бауырсақты табуға келіседі.
Сұрақ
Дараға досын табуға көмектесеміз бе?
Сұрақ
Бауырсақты құтқарамыз ба?
Шешім
Әр аңның тапсырмасын орындап, Бауырсақты босатамыз.
1) Қоянның тапсырмасы
Суреттердің атауын атап шығу:
- Цемент
- Цирк
- Циркуль
- Цистерна
Талдау сұрақтары: Барлық сөзден қандай дыбыс естіліп тұр? Ц дыбысы қандай дыбыс? Неліктен? Ол қандай түспен белгіленеді?
2) Қасқырдың тапсырмасы
Ц ц әрпінің жазылуына назар аудару: әріпті ауада жазу.
Сұрақ: Әріп неше элементтен тұрады? 3
Дәптермен жұмыс
- Әріпті ауада жазу
- Бастырып жазу
- Үлгі бойынша көркем жазу
3) Аюдың тапсырмасы
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы шаршауды басу, назарды қайта шоғырландыру.
Ойын
«Циркке бардыңдар ма? Ол жақтан не көрдіңдер?» деген сұрақтар арқылы балалардың сөздік қорын кеңейту, акробатикалық қимылдарды орындап көру.
4) Түлкінің тапсырмасы
Түлкі Бауырсақты жеп қоймақ болады. Оны тоқтату үшін балалар «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен шағын көрініс сахналайды.
7) Қорытындылау
Балалар шеңберге тұрып, сабақта не үйренгенін еске түсіреді және бір-біріне қысқаша кері байланыс береді.
Біз Бауырсақты түрлі аңдардың тапсырмаларын орындау арқылы қорғап қалдық. Дара мен Бауырсақ балаларға алғыс айтып, арнайы сыйлықтары бар екенін хабарлайды.
Мадақтау