Кинематика негіздерін қайталау

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы

Пән мұғалімі

Физика пәні мұғалімі А. Е. Сейілова

Тақырып

Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Кинематика негіздері бөлімін қайталау арқылы 9-сынып оқушыларының білімін, дағдыларын тексеру, пәнге қызығушылығы мен ынтасын арттыру.

Білімділік

Теориялық білімді практикамен ұштастыра отырып, білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық

Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білуге үйрету.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істеуге баулу; бір-бірінің білімін әділ бағалауға және өз жетістігіне қуана білуге тәрбиелеу.

Ресурстар мен ұйымдастыру

Көрнекіліктер

  • Карточкалар
  • Дербес компьютер
  • Мультимедиялық проектор
  • Электронды оқулық

Сабақ форматы

Сабақтың түрі
Қайталау сабағы
Сабақтың типі
Аралас
Әдіс-тәсіл
Сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс
Математика

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1 минут

Оқушылармен амандасу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру және назарларын сабаққа шоғырландыру.

II. Үй жұмысын тексеру

Тест

Үй жұмысы тест тапсырмалары арқылы тексеріледі.

1) Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық шама қалай аталады?

Дұрыс жауабы: B) Үдеу

2) Нүктенің шеңбер бойымен бір айналым жасауға кеткен уақыты қалай аталады?

Дұрыс жауабы: B) Айналу периоды