Гүлдер туралы
Сабақтың мақсаты
- 10 санынан азайту тәсілімен таныстыру.
- Қосу кестесі туралы білімдерін бекіту, есеп шығару дағдыларын дамыту; сәйкес теңдіктер мен теңсіздіктерді жазу және оқуды меңгерту.
- Шығармашылық қабілеттерін арттыру, логикалық ойлауын дамыту.
- Саналылыққа, сыпайылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Плакаттар, кеспе қағаздар, жанглер суреті, сандар жазылған доптар, слайдтар.
Сабақтың түрі
Интеграциялық сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Талдау–жинақтау, сұрақ–жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану, математика, музыка.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру және кіріспе
Өзін-өзі тану сабағында адам бойында 5 асыл және 5 жаман қасиет болатынын білдік. Демек, біз 10 қасиеттің ішінен 5 асылды бойымызға дарытып, 5 жаманнан аулақ болуға ұмтыламыз.
Математикада бүгін 10 саны төңірегінде жұмыс жасаймыз: тақырыбымыз — 10 санынан азайту. Сабақ барысында 10 көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуға байланысты есептер шығарып, түрлі тапсырмалар орындаймыз.
Бүгін — наурыздың 1-і, көктемнің алғашқы күні. Табиғат оянып, ағаштар бүршік атып, жапырақ жаяды. Осы көріністі еске түсіріп, бұтақтағы жапырақтардың сыңарын табу сияқты шағын назар аударту жұмысын жүргіземіз.
2) Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс: 84-бет. 1-мысалды қарастырамыз.
Талқылау сұрақтары: берілген өрнек — қосудың компоненттері ме, әлде азайтудың компоненттері ме? Нені табамыз?
Мысалды тақтада орындап, айырманың мәнін табамыз.
3) Көрнекілікпен жұмыс: «Жанглер» ойыны
Тақтадағы сурет бойынша «жанглерге көмектесейік»: берілген доптардағы сандар арқылы өрнек құрастырамыз.
Қосу (2 өрнек)
Қорытынды: қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен, қосынды өзгермейді.
Компоненттер: қосылғыш, қосылғыш, қосынды.
Азайту (2 өрнек)
Қорытынды: қосу мен азайту — бір-біріне кері амалдар.
4) Дәптермен жұмыс және өзін-өзі бағалау
Дәптерлерімізді ашып, 1-мысалды орнымызда орындаймыз.
Өзін-өзі бағалау тапсырмалары
Тақтадағы жауаптармен салыстырып, өзімізді бағалаймыз.
5) Мәтінді есеп: талдау және шығару
3-есепті іштей оқимыз. Бір оқушы есепті дауыстап оқиды, кейін талдау жасаймыз.
Талдау сұрақтары
- Есеп не туралы? — Гүлдер туралы.
- Не белгілі? — Барлығы 10 гүл, оның 3-еуі қызыл.
- Не белгісіз? — Ақ гүлдердің саны.
- Қалай табамыз? — Азайту амалы арқылы.
Шешуі
10 − 3 = 7
Жауабы
7 ақ гүл бар.
6) Логикалық тапсырмалар (жұмбақ-есептер)
Тал басында тізіліп
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп —
Жапырақтың нешеуі?
Жауабы: 4
Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
Жауабы: 7
Алшаға кеп күнара
Қонушы еді бір ара.
Бүгін тоғыз туысын
Ертіп келді бұл ара.
Сонда бүгін алшаға
Келіп қонды қанша ара?
Жауабы: 10
Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Бір үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек?
Жауабы: 6
7) Топтық жұмыс
Әр топқа тапсырма: азайтуға қатысты 2 өрнек құрастырып, азайтқыштың астын сызыңдар.
I топ
II топ
III топ
8) Кеспе қағазбен жұмыс
9) Танымдық жұмыс
Бос орынға қойылатын тиісті фигураны тауып, заңдылықты түсіндіреміз.
Тапсырма: үлгі қатарын қарап, жетіспейтін фигураны анықта.
10) Сабақты қорыту, бағалау және үй тапсырмасы
Қорыту сұрағы: не үйрендік? — 10 санынан азайтуды, қосу мен азайтудың байланысын қайталадық.
Бағалау: оқушыларды мадақтап, ауызша бағалау жүргізіледі.
Үйге тапсырма
Оқулық: 81-бет, № 2.