Сөйлемдерді оқып, біріккен сөздерді тап

Сабақтың мақсаты

  1. 1

    Біріккен сөздер туралы ұғыммен таныстыру және жаттығу жұмыстары арқылы меңгерту.

  2. 2

    Ойындар арқылы ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық пен ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

  3. 3

    Топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу және патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй жұмысын тексеру

Өткен сабақта танысқан күрделі сөздер тақырыбын сұрақтар арқылы пысықтау.

Күрделі сөздердің түрлері:

  • Біріккен сөз
  • Қос сөз
  • Тіркесті сөздер
  • Қысқарған сөз

III. Жаңа сабақ

Сұрақ

Суретте не бейнеленген?

Мысалдар:

  • Ақбөкен = ақ + бөкен
  • Тасбақа = тас + бақа
  • Аққу = ақ + қу

Бұл сөздер екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөздер. Демек, олар біріккен сөздер болып табылады.

Қорытынды

  • Кейбір сөздер екі түбірден құралады.
  • Екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады.
  • Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.

IV. Оқулықпен жұмыс

226-жаттығу

Сөздерді оқып, сөз құрамына талдаңыз. Әр сөз неше түбірден құралғанын анықтаңыз.

227-жаттығу

Сөйлемдерді оқып, біріккен сөздерді табыңыз. Біріккен сөз құрамындағы түбірлердің арасына (+) белгісін қойып жазыңыз.

V. Дәптермен жұмыс

228-жаттығу

Өлеңді көшіріп жазыңыз, біріккен сөздерді тауып астын сызыңыз және олардың қалай жасалғанын түсіндіріңіз.

229-жаттығу

Біріккен сөздерді жазу.

Ойын

«Жоғалған сөздерді тап»

Төмендегі бөлшектерден біріккен сөз құрастырыңыз:

мүйіз + бақан

суық + қазан

көл + торғай

жол + сүйек

алты + қу

жеті + бақа

бір + барыс

ақ + тұмсық

ақ + қарақшы

VI. Сабақты бекіту

Ойын: сұрақ-жауап

  1. 1 Күрделі сөз дегеніміз не?
  2. 2 Күрделі сөздің түрлері қандай?
  3. 3 Біріккен сөзге мысал келтіріңіз.
  4. 4 Біріккен сөз дегеніміз не?
  5. 5 Біріккен сөзден жасалған кісі аттарына мысал келтіріңіз.
  6. 6 Біріккен сөзден жасалған жер-су атауларына мысал келтіріңіз.
  7. 7 Біріккен сөзден жасалған аң-құс атауларына мысал келтіріңіз.

VII. Үйге тапсырма

Біріккен сөздерге байланысты ребустар дайындау.

Есте сақтайық

Анықтама

Біріккен сөз — екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөз.

Ереже

Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.