Тыңдамаған сөз жетім

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте! (педагогтармен жұмыс)

Жүргізуші сөзі: Қазақ тілі — саялаған нұр бағым,
Қазақ тілім — анам тілі ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,
Жан сырларым, тілегім, бар арманым.

Бүгінгі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты интеллектуалдық ойынға қош келдіңіздер. Біздің Республикамызда мемлекеттік тілді үйрену — барлық ұлт өкілдеріне ортақ мәселе. Ұлтымыздың мемлекеттілігін мәңгілікке айғақтайтын — тарих, ал тарихты мәңгілікке жеткізуші — кітап. Тілдің мәңгі ғұмыры да осы кітапта жатыр. Тәуелсіздікті ту еткен, табан жолынан таймайтын, қандай кезде де құбылмайтын құндылықтардың бірі — тіл.

Ойын форматы

Қатысушылар екі топқа бөлінеді: «Абай ауылы» және «Шоқан ауылы». Әр кезең сайын топ ұпайы асықтар арқылы белгіленіп отырады.

Кезеңдер

  1. I Кім білгір? — сұрақ-жауап.
  2. II Мақал — сөздің мәйегі — мақал-мәтелді аяқтау.
  3. III Кім тапқыр? — жұмбақтарды шешу (3 тілде).
  4. IV Жүйрік болсаң, шауып көр — сурет арқылы мақал құрастыру.
  5. V Шешендік сөз — көрініс көрсету.

I кезең: «Кім білгір?» — сұрақ-жауап

Бұл кезеңде жүргізуші сұрақ қояды. Қай топ бірінші болып жауап берсе, сол топтың жауабы қабылданады.

Сұрақтар мен жауаптар
1) «Тіл туралы» заң қашан қабылданды?
1989 жыл, 22 қыркүйек
2) Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды?
1991 жыл, 16 желтоқсан
3) Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасы қашан қабылданды?
1992 жыл, 4 маусым
4) Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
1995 жыл, 30 тамыз
5) Білім министрі кім?
Ерлан Сағадиев
6) Жердің нақты үлгісі қалай аталады?
Глобус

7) «Жеті жоқ»

  • Жерде өлшеуіш жоқ.
  • Аспанда тіреуіш жоқ.
  • Таста тамыр жоқ.
  • Аллада бауыр жоқ.
  • Тасбақада талақ жоқ.
  • Аққуда сүт жоқ.
  • Жылқыда өт жоқ.

8) «Жеті жетім»

  • Тыңдалмаған сөз жетім.
  • Киюсіз қалған бөз жетім.
  • Иесіз қалған жер жетім.
  • Басшысы жоқ ел жетім.
  • Аққу-қазсыз көл жетім.
  • Жерінен айырылған ел жетім.
  • Замандасы қалмаса — бәрінен де сол жетім.

9) «Бес дұшпан»

Өсек
Өтірік
Мақтаншақ
Еріншек
Мал шашпақ

10) Тіл туралы тақпақ

Әр тәрбиеші тіл туралы тақпақ айтады.

II кезең: «Мақал — сөздің мәйегі» — мақал-мәтелді аяқтау

Мақал-мәтел — бабадан қалған мұра. Ықыласымызды мәйекті сөзге бұрамыз. Қане, топтар, көңілмен тыңдап, жалғастырып айтыңыздар.

Жүргізуші орысша мақалдың бірінші жолын оқиды, ал топтар екінші бөлігін тауып жалғастырады:

  • Язык острее… бритвы.
  • Язык мой… враг мой.
  • Языком не спеши… спеши делом.
  • Слушай больше… а говори меньше.
  • Что на уме… то и на языке.
  • Тише едешь… дальше будешь.
  • Что посеешь… то и пожнёшь.
  • Лучше синица в руке… чем журавль в небе.
  • Друга на деньги… не купишь.
  • Никто за язык… не тянет.

III кезең: «Кім тапқыр?» — жұмбақтарды шешу (3 тілде)

Орыс тілін түсінемін, білемін,
Шет тілін де жаттап оқып жүремін.
Ата-бабам қастерлеген жанындай,
Ана тілім — менің нағыз жүрегім.

Бұл кезеңде жұмбақтың жауабы үш тілде айтылады: қазақша, орысша, ағылшынша.

1-жұмбақ

Сөзі дана, үні жоқ.
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң — шешен,
Ақылы асқан көсем.

Қазақша: Кітап
Орысша: Книга
Ағылшынша: Book

2-жұмбақ

Ойларыңды аңсаған,
Асыл сөзді ақ алаңға
Түсіруге шаршамаған,
Мен емеспін әманда.

Қазақша: Қалам
Орысша: Ручка
Ағылшынша: Pen

3-жұмбақ

Ұшымен қазық,
Төрт көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып.

Қазақша: Дәптер
Орысша: Тетрадь
Ағылшынша: Copybook

4-жұмбақ

Әкемнің тор тайы
Май жайлап су ішсе,
Тоқтамай жортады.

Қазақша: Көлік
Орысша: Машина
Ағылшынша: Car

5-жұмбақ

Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.

Қазақша: Алма
Орысша: Яблоко
Ағылшынша: Apple