Маңыздысы - мақсат жолында тоқтап қалмау

Конфуций ілімінің мәні

Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций ілімінің ерекшелігі — адамгершілік мәселелерін бірінші орынға қоюында. Ол өз көзқарасын адамның қадір-қасиетіне, кісілік тұлғаны қалыптастыруға бағыттады. Конфуций: «Адам тумысынан жаман болып тумайды; оны жақсы да, жаман да ететін — өскен ортасы», — дейді. Ендеше, оның пәлсапалық ойларына назар аударайық.

Оқу үшін ыңғайлы формат

Төмендегі қағидалар қысқа әрі нұсқа берілген. Әр тармақ — ойлануға, күнделікті мінез бен таңдауды таразылауға арналған.

Конфуцийдің 30 қағидасы

  1. 1

    Егер патша ақ пейілін адамгершілік істерімен дәлелдемесе, халық оған сенбейді. Ал халық сенімін ақтамаған патшаға адамдар бағынбайды.

  2. 2

    Данышпан патшалық құрғанда, барлық жерде бейбітшілік орнайды. Данышпандық — адамдар алдындағы парызды шынайы адалдықпен орындау.

  3. 3

    Білім шыңына үш жол апарады:

    • Ойлау жолы — игі әрі қайырымдылық жол.
    • Еліктеу — ең жеңіл жол.
    • Тәжірибе — ең құдіретті әрі абыройлы жол.
  4. 4

    Егер біреудің тірі жүргенін көре алмасаң, онда сен жеңілгенсің.

  5. 5

    Елде тазалық пен әділеттілік болса, іс-қимылың еркін болады. Ал әділетсіздік тамыр жайған елде еркін жүргеніңмен, аузыңа ие болғаның дұрыс.

  6. 6

    Біреуден кек алғың келсе, оған да, өзіңе де ор қаз.

  7. 7

    Ақиқатында өмір сүру жеңіл, бірақ біз оны өзіміз күрделендіріп жібереміз.

  8. 8

    Ұстамсыздық — ұлы істі құрбан етеді.

  9. 9

    Қайырымды адам өзіне талап қояды, ал мәдениеті төмен адам өзгеге талап қояды.

  10. 10

    Үш нәрсені қайта оралту мүмкін емес: уақыт, сөз, мүмкіндік. Сондықтан уақытты жоғалтпа, сөзіңді әрдайым таразылап айт, мүмкіндігіңді жіберіп алма.

  11. 11

    Ақыл-кеңес санаға біртіндеп жиналады, бірақ біз оны қажетімізге жаратпай, шөміштеп шашамыз.

  12. 12

    Аздап болса да мейірімді бола түссең, өмірде ақымақтықты да аз жасайсың.

  13. 13

    Бұрын адамдар өзін жетілдіру үшін ілім алатын, ал қазіргілер жұртты таңқалдыру үшін білім алады.

  14. 14

    Әр адамда сұлулық бар, бірақ оны кез келген адам көре бермейді.

  15. 15

    Егер сені артыңнан біреу сөз етсе, демек сен алда келе жатырсың.

  16. 16

    Өмір сынағынан ешқашан сүрінбеген адам ұлы емес; құлап, қайта тұрған адам мықты.

  17. 17

    Мақсатыңа жету қиындыққа айналса, еңсең түспесін: мақсатты емес, соған апарар жоспарыңды қайта құр.

  18. 18

    Кейде енді қайталамау үшін де қателесуге тура келеді.

  19. 19

    Өмірде өкінудің қажеті жоқ: одан қорытынды шығар да, әрі қарай жүр.

  20. 20

    Мақсатқа жылдам жету маңызды емес. Ең маңыздысы — мақсат жолында тоқтап қалмау.

  21. 21

    Егер біреу сені өкпелеткісі келсе, алдымен соның өзіне ауыр тиеді.

  22. 22

    Мың шақырымдық жол алғашқы қадамнан басталады.

  23. 23

    Таңертең шындықты естіп, кешке өлуге де болады.

  24. 24

    Сөз дұрыс болсын, ал әрекет айқын болсын.

  25. 25

    Қылмыстың ең ауыры — жүрексіздік.

  26. 26

    Үнсіздік — ұлы дос: ол саған ешқашан опасыздық жасамайды.

  27. 27

    Біз өзімізге де, өз жүрегімізге де сенеміз, бірақ екеуіне де толық сенуге болмайды. Есте сақта: адамды тану оңай емес.

  28. 28

    Билеуші — билеуші, бағынышты — бағынышты, әке — әке, ал ұл — ұл болғаны жөн.

  29. 29

    Жолдары бөлек адамдар жоспарды бірге құрмайды.

  30. 30

    Мен өзімнен күніне үш рет сұраймын:

    • Адамдар үшін адал қызмет еттім бе?
    • Мінез-құлқым жұртқа жайлы ма?
    • Достарыммен қарым-қатынаста адалмын ба?
    • Маған үйреткенді қайталап, өзіме өнеге алып жүрмін бе?

Ой түю

Бұл қағидалар адамды бір ғана нәрсеге жетелейді: өз мінезіңді түзеп, сөзің мен ісіңді сәйкестендіру. Қоғамдағы тәртіп те, жеке бақыт та көбіне осы екі арнаның тоғысқан жерінен басталады.

Өзіңе қойылатын қысқа сұрақ

Бүгін мен қандай бір сөзімді әрекетіммен дәлелдедім?