Туған жердің жарық күнімен алысқа қарайсын

Тақырыбы: Туған жердің киесі

Мақсаты: жас ұрпақты отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу; туған жеріне, ата-мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға дұрыс бағыт беру. Өз ауылын қадірлеуге үйрету.

Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы — «Туған жердің киесі».

Кіріспе сөз

Туған жердің көгілдір аспаны сенің кеудең секілді. Сол аспанның төсінде түнде жарқырап тұрған жұлдыздар сенің көздерің секілді. Туған жердің жарық күнінде алысқа қарайсың.

Туған ел — кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталып, шексіз қияға ұласады. Оның жұпар иісті жусаны, кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғызаяқ жолдары — мұның бәрі сенің туған еліңді құрайды.

Оқушылардың өлең жолдары

1-оқушы

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер,

Батырлар дүрілдеп өткен жер.

Тұлпарлар дүбірлеп төккен жер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.

Сарылып сал-сері кеткен жер,

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер.

2-оқушы

Туған жер — ата-анаң,

Отаным деп атаған.

Отан — досың, туысың,

Отан — алтын босағаң.

3-оқушы

Сүйемін туған елімді,

Сүйемін туған жерімді.

Сүйемін тасың, ауаңды,

Сүйемін ауыл-даламды.

4-оқушы

Шақырады ойнасақ гүл даламыз,

Туған жерден нәр алып нұрланамыз.

Болашаққа көк тумен желбіреген,

Отанымның мақтанышы біз боламыз.

5-оқушы

Туған жер — алтын бесігім,

Тербеткен мені төсіңде.

Киелі сенің есімің,

Жүреді мәңгі есімде.

Түйін

Туған жерді сүю — өзіңді танудан басталады. Оның топырағын қастерлеу, табиғатын аялау, ауылдың қадірін білу — елге деген құрметтің айқын белгісі. Бүгінгі ойлар мен өлең жолдары әрқайсымыздың жүрегімізге туған жерге деген жауапкершілік пен сүйіспеншілікті терең сіңіруге қызмет етеді.