Сиырдың сүті
Сабақтың тақырыбы
Төрт түлік
Түрі
Қайталау сабағы
Әдісі
Сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, салыстыру, ізденушілік, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Көрнекілігі
Компьютер, интерактивті тақта
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Оқушылардың төрт түлік туралы түсініктерін кеңейту; әр малдың ерекшелігі мен пайдасына қатысты білімдерін тексеру; ізденушілік қызығушылықтарын арттыру. Төрт түлікке байланысты мақал-мәтелдер, әңгімелер мен тақпақтар айтқыза отырып, білімдерін толықтыру.
2) Дамытушылық
Сөйлеу шеберлігін, ой-өрісін дамыту; шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
3) Тәрбиелік
Төрт түлік малды қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Жарқырап күн ашылды,
Айнала нұр шашылды.
Қайырлы күн, біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбектену.
Бүгінгі қайталау сабағымыздың тақырыбы — төрт түлік. Оқушылар төрт топқа бөлініп, әртүрлі тапсырмалар орындайды.
Ой шақыру
- Төрт түлікке нелер жатады?
- Олардың төлдерін атаңдар.
I топ
Ботақандар
II топ
Құлыншақтар
III топ
Бұзауқандар
IV топ
Қошақандар
II. Зерде бөлімі
Әр топ басшысы өз түлігіне қатысты ерекшеліктері мен маңызы туралы толық мағлұмат береді.
III. «Бәйге» кезеңі
Әр топқа 3 сұрақтан беріледі.
1) «Ботақандар» тобы
- Түйе жасына қарай қалай аталады?
- Түйенің сүті қалай аталады?
- Түйенің жүнінен нелер жасалады?
2) «Құлыншақтар» тобы
- Жылқы жасына қарай қалай аталады?
- Жылқының сүті қалай аталады?
- Жүйрік аттарды қалай атайды?
3) «Бұзауқандар» тобы
- Сиырдың сүтінен жасалатын тағамдарды ата.
- Сиыр етінен жасалатын тағамдарды ата.
- Сиырды жасына қарай қалай атайды?
4) «Қошақандар» тобы
- Қойды жасына қарай қалай атайды?
- Қойдың жүнінен нелер дайындалады?
- Қойдың терісінен нелер дайындалады?
IV. «Жорға» кезеңі
а) Поэзия минуты
Төрт түлік туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу.
ә) Мақал-мәтелдердің жалғасын табу
- Мал өсірсең қой өсір, ...
- Қойдың сүті қорғасын, ...
- Сиырлының үйі — айран, ...
- Нар жолында ...
- Сиырдың сүті ...
- Малды бақсаң, сиыр бақ ...
- Жылқы — малдың патшасы, ...
- Ер қанаты — ...
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымыздан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Биік болып өседі.
Күн бұлттанды,
Найзағай шатырлады.
Жаңбыр жауды,
Кемпірқосақ ашылды.
V. «Сыр сандық» бөлімі
Оқушылардың шығармашылығын шыңдауға бағытталған тапсырмалар.
1-топ
Эссе жазу: «Төрт түліктің пайдасы».
2-топ
Венн диаграммасы: түйе мен жылқының ерекшеліктерін салыстыру.
3-топ
Жұмбақты аяқтау:
- Туа салып жүріп кеткен ...
- Кішкентай ғана бойы бар ...
4-топ
Өлең құрастыру.
Қорытынды бөлім
VI. Қойылым
«Төрт түліктің айтысы».
Ән: «Төрт түлік».
VII. Бекіту
Сабақ бойынша оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау, қорытынды жасау.
Үй тапсырмасы
«Еркін жазу» стратегиясы бойынша ой-толғаныс жазу.