Жылан қалай дыбыс шығарады, бәріміз бірге айтайықшы
«С» дыбысымен сиқырлы орманға саяхат
Мақсат
«Ғажайып қорапша» ойыны арқылы балаларды «С» дыбысын сөз ішінде анық әрі дұрыс айтуға үйрету.
Түзете-дамытушылық міндеттер
- Артикуляциялық мүшелердің қозғалыс белсенділігін арттыру.
- Дұрыс тыныс алуды және фонематикалық есту қабілетін жетілдіру.
- Мозайка және дәнді-дақылдармен жұмыс арқылы қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік міндеттер
- Логопедтің нұсқауларын мұқият тыңдауға тәрбиелеу.
- Өзін-өзі дұрыс бағалауды қалыптастыру.
- Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын дамыту.
Сабақ барысы
Мотивациялық-қозғаушы кезең
Логопед: Сәлеметсіңдер ме? Көңіл-күйлерің қалай?
Логопед: Бүгін оқу іс-әрекетімізге көп қонақ келді. Олар сендердің дыбыстарды қалай айтатыныңды тыңдауға келіп отыр.
Логопед: Ендеше, белсенді қатысып, дыбыстарды дұрыс айта алатынымызды көрсетейік.
Ізденуші-ұйымдастырушы кезең
Логопед: Мен сендерге бір дыбысты жасырамын. Сол дыбыстың ненің дауысы екенін табу керек. Бәріміз мұқият тыңдайық: бұл ненің дыбысы?
Логопед: Дұрыс, бұл — жыланның дыбысы. Жылан қалай дыбыс шығарады? Бәріміз бірге айтайық.
Логопед: Балалар, қандай дыбыс естіліп тұр? Жарайсыңдар! Бүгін біз «С» дыбысын дұрыс әрі әдемі айтып үйренеміз.
Логопед: Алдымыздағы айнаға қарап «С» дыбысын айтып көрейік. «С» дыбысын айтқанда ерін, тіл, тіс қандай қалыпта болады?
Ескерту: «С» дыбысы созылмайды; кедергіге ұшырап барып айтылады. Ол — дауыссыз дыбыс, белгіленуі: көк текше.
Сұрақ: «С» дыбысы неге ұқсайды?