Қызғалдақ пен қарасораның мінезін құлықтарына топтау

Сабақ тақырыбы: «Қызғалдақ пен қарасора»

Пән

Ана тілі (2-сынып)

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Автор

Сансызбай Сарғасқаев

Сабақтың мақсаты

1) Мәтінмен жұмыс

«Қызғалдақ пен қарасора» мысалын оқытып, мазмұнын оқушылардың өз бетімен талқылауына жағдай жасау. Жеке жұмыстар орындату.

2) Танымдық дағдылар

Ойлау қабілеті мен есте сақтау дағдыларын дамыту, сөздік қорын молайту. Мәнерлеп сөйлеуге, ойын дұрыс әрі еркін жеткізуге үйрету.

3) Тәрбиелік бағыт

Жақсылық пен жамандықты, әдептілік пен әдепсіздікті, мақтаншақтық пен қарапайымдылықты ажырата білуге тәрбиелеу. Еліне пайда келтіруге, қоршаған ортаға қамқор болуға баулу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

  • Талдау–жинақтау
  • Сұрақ-жауап
  • «5 жолды өлең»
  • Эссе жазу
  • Топтастыру
  • Салыстыра сипаттау
  • Ой қозғау, ой түрту
  • «Галереяға саяхат»

Көрнекіліктер

  • Қызғалдақ пен қарасораның суреттері
  • Ұран сөздер
  • Топтау қағазы, салыстыру парағы
  • Қосымша иллюстрациялар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Топтарға бөлу, мақсатпен таныстыру.

II. Өткенді пысықтау және үй тапсырмасын тексеру

А) «Суретті галерея»

Әр топ суретке сүйене отырып сөйлейді. «Тиін мен түлкі» мысалын сурет арқылы мазмұндайды.

Ә) Мәнерлеп оқу

Әр топтан бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.

Б) Үй тапсырмасын қорытындылау

Мысалдың негізгі ойын қысқа әрі нұсқа түйіндейміз:

  • Адамға қулықтан гөрі ақылдылық қажет.
  • Көп қулықтан гөрі бір ақыл өмірді сақтап қалуы мүмкін.
  • Мақтаншақ болмау, қарапайым болу маңызды.

III. Жаңа тақырып

Кіріспе

Тақырып: «Қызғалдақ пен қарасора». Оқушылар топпен жұмыс істей отырып, мәтіннің тақырыбы мен мазмұнын ашады.

Қызығушылықты ояту (сұрақтар)

1-топ

Көре алмаушылық пен мақтаншақтық дегеніміз не?

2-топ

Тек өз басы үшін өмір сүру дегеніміз не?

3-топ

Кеңпейілділік пен адамгершілік дегеніміз не?

4-топ

Өзгеге қуаныш сыйлау, өзгелер үшін өмір сүру дегеніміз не?

Жаңа тақырыппен жұмыс

I) Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді 4 бөлімге бөлу.
  • Әр топ өз бөлігін оқып шығады.
  • Талқылау парағына 4 маңызды ойды жазу және дәптерден оқып беру.
  • Топ ішінде кезекпен оқу, мазмұнын нақтылау.

II) Сұрақтармен жұмыс

Мәтін мазмұны бойынша бағыттаушы сұрақтарға жауап беру, дәлел келтіру, пікір айту.

III) Топтастыру

Қызғалдақ пен қарасораның мінез-құлқын салыстырып, топтау. Әр топ топтау парағын тақтаға іліп, қорғап шығады.

Ой толғаныс (шығармашылық жұмыстар)

1-топ

RAFFT: хат жазу

  • R — роль: қызғалдақ
  • A — аудитория: балалар
  • F — форма: хат
  • T — тақырып: табиғатты қорғау

2-топ

«5 жолды өлең»

  1. Не?
  2. Қандай?
  3. Не істейді?
  4. Төрт сөзден тұратын сөйлем
  5. Синонимін (баламасын) табу

3-топ

Эссе

«Қызғалдақ пен қарасора», жақсылық пен жамандық, ақпейілділік пен көре алмаушылық туралы ойтолғау жазу.

4-топ

Сезімнен туған өлең

Қызғалдақ немесе қарасора туралы шағын өлең шығару.

Жеке жұмыс

Тест тапсырмалары

  1. 1) «Түлкі мен тиін» мәтіні қай түрге жатады?

    а) мысал    ә) аңыз әңгіме    б) ертегі

  2. 2) «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім?

    а) Ыбырай    ә) Абай    б) Жамбыл

  3. 3) Е. Өтетілеуовтің «Тұйғын» әңгімесінде кейіпкер спорттың қай түрімен айналысады?

    а) бокс    ә) күрес    б) веложарыс

  4. 4) Жігіттің жақсы неше белгісі бар?

    а) 1    ә) 2    б) 3

  5. 5) Бүгінгі жаңа тақырыптағы қай кейіпкер ұнады?

    • • Не?
    • • Несімен?
    • • Өз ойың.

Сабақты қорытындылау

  • Оқушылардың жауаптарын жинақтау, негізгі ойды бекіту.
  • Бағалау.
  • Үй тапсырмасын беру.