Қыс айын ата
Сабақтың тақырыбы
«Шырша жыры»
Сабақтың мақсаты
-
1-сыныпта танысқан Ә. Дүйсенбиевтің «Шырша жыры» өлеңін еске түсіріп, шырша туралы білімді кеңейту.
-
Ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорды молайту, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру; ойын арқылы сабаққа қызығушылықты арттыру.
-
Табиғатты аялауға және қорғауға, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа баулу.
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, оқыту, талдау, іздену
Көрнекілігі
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушыларға «Түйе мен тышқан» ертегісінің мазмұнын айтқызу.
Үй тапсырмасын қорытындылау: оқушылардың жақсы дайындалып келгенін атап өту.
Ойын: «Аққала жасау»
Қалған оқушылардың білімін тексеру үшін сұрақтарға жауап береміз:
- Ертеде адамдар әр жылды қалай атауды ұйғарды?
- Жыл басына нелер таласады?
- Тышқан қандай қулық жасайды?
- Бойына сеніп, жылдан құр қалған жануарды ата.
III. Жаңа сабақ: «Шырша жыры»
Әңгімелесу
- Аққаланың ортасынан қандай сөз шықты?
- Қоян.
- Қазір қандай мезгіл?
- Қыс.
- Қыс айларын ата.
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Қыста қандай өзгерістер болады?
- Қар жауады, боран соғады, аяз болады, су бетіне мұз қатады, т.б.
- Қысқы қандай қызықты ойындарды білесіңдер?
- Шанамен, шаңғымен, конькимен сырғанау; аққала жасау; қар атысу, т.б.
Маңызды дата
16 ЖЕЛТОҚСАН
Тәуелсіздік күні
Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Тәуелсіздік жолында көптеген аға-апаларымыз ерлік көрсетті, қаза тапқандар да болды. Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ — бұл тарихты құрметтеу біздің міндетіміз.
Сөзжұмбақ
Сабақты сөзжұмбақ шешуден бастайық:
- Қыс айын ата.
- Аяз атаның серігі кім?
- Соңғы жыл атауын ата.
- Жаңа жылдың көркі не?
- Жыл атауын ата.
- Жыл басын ата.
- Аяз атаның дорбасындағы зат?
Қорытынды сұрақ
Сөзжұмбақтың ортасынан қандай сөз шықты? — «Жаңа жыл».
Бұл — мерекенің атауы. Жаңа жылды біз 1 қаңтар күні қарсы аламыз.
Жаңа жылдық шыршаға дайындық
Жаңа жылдық шыршаға қонаққа Аяз ата мен Ақшақар келеді. Аяз ата құр қол келмейді: дорбасына көп сыйлық салып әкеледі. Сыйлық алу үшін біз тақпақтар мен өлеңдер айтамыз.
БҮГІНГІ ШЫҒАРМА
«Шырша жыры»
- Сөзін жазған
- Әнуарбек Дүйсенбиев
- Әнін жазған
- Латиф Хамиди
Бұл өлеңмен біз 1-сыныпта музыка сабағында танысқанбыз. Енді өлеңді қайта жаңғыртып, жаттап, Жаңа жылдық мерекеде Аяз атаға мәнерлеп айтып береміз.
Қорытынды
Келесі қадам: Ә. Дүйсенбиев пен Л. Хамидидің өмірбаянымен қысқаша танысып, «Шырша жыры» өлеңін оқып, талдап, жаттауға кірісеміз.
Ескерту: «Шырша жыры» мәтіні (жүктеу/берілуі) мұғалімнің дайындаған материалы бойынша ұсынылады.