Амалдардың орындалу реті

Сабақ туралы мәлімет

Өңір / аудан
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы
Мектеп
Тана мырза орта мектебі
Пән / сынып
Математика, 2-сынып
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Мұғалім
Данабаева Арай Жұмағазыевна, бастауыш сынып мұғалімі
Тақырып
Амалдардың орындалу реті. Жақшалар

Мақсаттар мен күтілетін нәтижелер

  • Жақшамен таныстыру және жақшаның ішіндегі амалдың алдымен орындалатынын түсіндіру.
  • Өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтауға жаттықтыру.
  • Өзара кері есептер құрастыру және шығаруды бекіту.
  • Уақыт бірліктерін қайталау және қолдану (тәулік, сағат).
  • Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру дағдыларын дамыту.
  • Есте сақтау қабілетін дамыту және уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, талдау, өзіндік жұмыс, топтық жұмыс.

Көрнекілік

Амалдар туралы плакат, электронды оқулық, слайд.

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа әзірлік (сұрақ-жауап)

  • Балалар, қазір қай мезгіл?
  • Күз мезгілі екенін қалай байқадыңдар?

Дұрыс, ендеше сабағымызды бастамас бұрын «сенбілік» жасап, жапырақтарды жинайық.

Топқа бөлу

Жапырақтардың түсі арқылы екі топқа бөліну.

Психологиялық дайындық

Екі топ смайликтер арқылы көңіл күйін білдіреді.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй жұмысы: 4-есеп.

Өткенді еске түсіру: «Ойлан, тап» ойыны (слайд).

Тапсырма

  • Өрнектерді түрлеріне қарай топтастыр.
  • Өзге өрнек бар ма?

Бүгін осы өрнектерді шығару жолымен танысамыз.

III. Жаңа сабақ

Электронды оқулық: тыңдау.

Болжау стратегиясы: «Амалдардың орындалу реті».

Сұрақтар

  1. Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады деп ойлайсың?
  2. Қандай тақырып төңірегінде өрбиді?
  3. Қандай негізгі мәселелер көтеріледі?

Оқулықпен жұмыс (№1): жазуларды салыстыру

Өрнек 1

(10 − 4) + 1

Өрнек 2

10 − (4 + 1)

Жақша туралы түсінік

Жақшаның ішіндегі амал алдымен орындалады.

Есіңе сақта!

  • ( ) түріндегі белгі жақша деп аталады.
  • Жақшаның ішіндегі амал алдымен орындалады.

Бірге айту, жаттау.

Түсінгендерін тексеру (№2)

а) Амалды орындау

Тізбектей тақтада орындау, кейін өзіндік жұмыс.

ә) Жақша қою

Теңдік тура болатындай етіп жақша қою.

4 − 1 + 2
(6 + 3) − 2
8 − (5 + 1)

Есеп шығару (№3): топтық жұмыс

13 − 10 = 3
10 + 3 = 13
13 − 3 = 10

Жауап: 3 жас үлкен.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары.

Уақыт бірліктері (№4): топтық жұмыс

Еске түсіру

1 тәулік = 24 сағат.

Есептеу үлгісі

20 + 24 + 4 = 48 сағат

Артық/кем жағдайларын салыстыру арқылы қорытындылау.

Ойын (№5)

39 40 41 42

Сандарды оқу, ретімен орналастыру және салыстыруға бағытталған қысқа ойын тапсырмасы.

IV. Сабақты қорыту

«Тұжырым» кестесі

Оқушылар бүгінгі сабақтағы негізгі ойларды кесте арқылы жинақтайды: жақша, амалдардың орындалу реті, мысалдар, қорытынды.