Жайылма сөйлем, мысал

Сабақ тақырыбы

Атаулы сөйлем Аралас сабақ СТО әдіс-тәсілдері

Бұл сабақта оқушылар атаулы сөйлемнің мәнін түсініп, теориялық білімін тәжірибемен ұштастырады. Тапсырмалар топтық жұмыс пен ауызша сұрақ-жауап арқылы жүргізіледі.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Атаулы сөйлемді түсіндіру, теориялық білімді практикамен ұштастыру.

  • Дамытушылық

    Ізденімпаздық пен тапқырлықты дамыту, шығармашылыққа баулу, ойды нақты әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

  • Тәрбиелік

    Адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру және ресурстар

Көрнекілігі
Тірек сызбалар, үлестірмелі қағаздар, слайдтар.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, тарих.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсіл
СТО әдіс-тәсілдері.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты сабаққа шоғырландыру және топтық жұмысқа даярлау.

  • Оқушылардың қатысуын анықтау.
  • Сыныптың дайындығын тексеру.
  • Сыныпты топтарға бөлу.
  • Топ басшыларын сайлау.

II. Бекіту және қайталау

Алдыңғы білімді еске түсіру және сөйлем түрлерін ажырату.

1) 83-жаттығу

Толымсыз сөйлемдерді толымды сөйлемге айналдыру.

2) «Кім жүйрік?» ауызша кезеңі

Үш топтың әрқайсысына 3 сұрақтан қойылады.

I топ

  1. Сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
  2. Жайылма сөйлем деген не? Мысал келтір.
  3. Толымды сөйлем деген не? Мысал келтір.

II топ

  1. Жақты сөйлем деген не? Мысал келтір.
  2. Жалаң сөйлем деген не? Мысал келтір.
  3. Оқшау сөз: түрлері, тыныс белгілері және мысал.

III топ

  1. Жай сөйлем және оның түрлері.
  2. Жақсыз сөйлем деген не? Мысал келтір.
  3. Толымсыз сөйлемнің жасалу жолдары.

III. Жаңа сабақ: атаулы сөйлем

Тақырып пен мақсатты таныстыру, негізгі ұғымдарды болжау арқылы жаңа білімге шығу.

Тақырып пен мақсатты хабарлау

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен күтілетін нәтижелері түсіндіріледі: атаулы сөйлемді танып, оның ерекшелігін анықтау және қолдану.

Терминдермен болжау

Заттың атауы Жай сөйлем

Берілген тірек ұғымдар арқылы оқушылар жаңа тақырыптың мағынасын өз болжамымен анықтап, талқылауға қатысады.