Ұстаз қандай қасиетті сөз

Қызылорда облысы · Қазалы ауданы · Майдакөл ауылы

№98 орта мектеп мұғалімі Изтлеуова Замзагүл ұсынған мерекелік сценарий.

Сахна мерекеге сай безендірілген. Дыбыс күшейткіш аппаратурадан ұстаздар туралы әндер ойнап тұрады. Сахна ашылғанда жүргізушілер шығады.

Ұстаз – ұлы тұлға

1-жүргізуші

Жақсылық атаулыға жаршы жандар,
Жамандық атаулыға қарсы жандар.
Баланы сусындатып өсіруге,
Білімнің бұлақ көзін аршығандар!

2-жүргізуші

Мөлдір бұлақ сылдырлаған суымен,
Ормандарың шулап жатыр нуымен.
Ал баланың тәрбиесін беретін,
Құттықтаймыз, ұстаздар мерекесі күнімен!

Сәлемдесу

1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ағайын!

2-жүргізуші: Бармысыздар, құрметті ұстаздар!

Негізгі ой

Ұстаз қандай қасиетті сөз! Ол — әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі — ұстаз.

Құттықтау

2-жүргізуші: Ұстаз деген сөз қазақ баласы үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» деген сөз көбіне «ана тәрбиесін алған» ұғымымен үндесіп жатады.

1–2-жүргізушілер: Олай болса, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын!

Ұстаз еңбегінің мәні

Ұстаз — ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие береді, жақсы қасиеттерді бойға дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар көрсетеді. Сондықтан ұстаз әрдайым қасиетті тұлға.

Ән

«Қазақстаным алға»

1-жүргізуші

Ұстаздар, қандай ғажап халықсыздар,
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

2-жүргізуші

Ұстаздық — қызық та, бейнеті көп мамандық. Ұстаз оқушыларды «білсем, үйренсем, көрсем» деген ұмтылысқа тәрбиелейді. «Ұстаз» деген есім — уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған, шәкірттеріне үйретуден жалықпаған еңбекқор жанды еске түсіреді.

Көркем сөз

«Ұстаздарыма арнау» өлеңі

Ұстаз туралы ой

Ұстаз болу — жүректің батырлығы,
Ұстаз болу — сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу — мінездің күншуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.

Ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың барын мақтан етеміз. Әрине, ұстаз жүгі — ауыр. Ұстаздың әсерлі үнімен, асықпай, мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық-әкелік мейірімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.

Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей қателігін сездіре білу — нағыз шеберлік. Ендеше ұстаздар қауымын құттықтау үшін мектеп директорына сөз кезегін береміз.

Ән

«Мақтанышым — туған ел»

1-жүргізуші

Ұстаздар — тыншымайтын еңбеккерлер,
Жемісті жерге екпеген, елге еккендер.
Зердесін болашақтың зерлеткендер.

2-жүргізуші

О, ұстаздар, басымды ием сіздерге — күллі әлемнің Мұғалімдер күнінде. Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз сая тапсын Ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде.

Бүгінгі мерекеде жүрегі қуаныш пен мейірімге толы ұлағатты ұстаздар қауымын құттықтау үшін кәсіподақ ұйымының төрағасына сөз береміз.

Ән

«Еркем-ай»

1-жүргізуші

Бар тәлімін беріп елдің жанына,
Бір кездері қырауланар шашы да.
Ұстаз адам ұстаз болып қалады,
Қол соқтырып заман менен ғасырға.

2-жүргізуші

Айта берсек, ұстазға тіл жетпеген,
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?
Айтыңдаршы, адам бар ма өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?

Ән

«Маралдым»

Қорытынды тілек

Құрметті ұстаздар, сіздерге мықты денсаулық пен баянды бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз. Әрдайым ел игілігі үшін еңбек етіп, егемен еліміздің ертеңі болатын өрелі өренді өсіріп-тәрбиелеп, ұяларыңыздан ұшыра беріңіздер.

2-жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет. Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын, ағайын!

1–2-жүргізушілер: Аяулы ұстаздар, сіздердің алдарыңызда әрқашан бас иеміз!

Ән

«Ауылым»