Жазда ауа райы ыстық
Сабақ туралы мәлімет
- Пәні
- Қазақ тілі
- Сабақтың тақырыбы
- Жазғы демалыстағы саяхат
- Сабақтың түрі
- Саяхат сабақ
- Көрнекіліктер
- Интерактивтік тақта, таратпалар
Мақсаты
Жаңа тақырып бойынша түсінік беру арқылы оқушылардың білім деңгейін дамыту.
Міндеттері
- 1 Тақырып бойынша толық түсінік беру, алған білімді тиянақтау.
- 2 Сөздік қорды молайтып, ойлау қабілетін дамыту.
- 3 Топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа және бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
2 минутСабақты жағымды көңіл күймен бастау:
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
II. Үй тапсырмасын тексеру
4 минутСөздік диктант: мәтінді тыңдап, сауатты жазу.
Жазғы демалыс басталды. Оқушылар лагерьге кетті. Қасында үлкен көл бар. Көлдің жағасында кішкене қайық тұр. Балалар қайыққа мініп, серуендейді. Балалар көлге шомылады. Лагерь өте қызық. Балалар жақсы демалады.
III. Жаңа сабақ
Бүгінгі саяхатымызды облысымыздың мақтанышы — Қарқаралы ауданындағы Тасбұлақ демалыс үйіне бағыттаймыз. Ол жерге жету үшін бірнеше бекеттен өтіп, тапсырмаларды орындаймыз.
IV. Жаңа сөздер
саяхат — путешествие
демалыс — отдых
көңілді — весело
табиғат — природа
ауа райы — погода
қолшатыр — зонт
көзілдірік — очки
демалыс үйі — дом отдыха
Тапсырмалар мен бекеттер
1-тапсырма. Есте сақтау бекеті
2 минутБерілген сөздерді есте сақтаңдар, кейін дәптерге жазыңдар:
Нәтиже: бұл кедергіден өттіңдер.
2-тапсырма. Сәйкестендіру бекеті
5 минутӘр суреттің жанына мағыналас сөздерді орналастырыңдар:
- демалыс үйі
- орман
- күн
- сөмке
- автобус
- көзілдірік
- қолшатыр
Жарайсыңдар! Бұл бекеттен де сүрінбей өттіңдер.
Сергіту сәті
2 минутБейнеролик арқылы қимыл-қозғалыс жасау.
3-тапсырма. Таратпалар бекеті
Жұппен/топпен жұмыс: тақтаға шығып жауап беру, диалог құрау.
Таратпа 1
1-нұсқа (сұрақтар)
- Сен жазда қайда демаласың?
- Жаз айларын ата.
- Ең ыстық жыл мезгілі қайсы?
2-нұсқа (жауаптар)
- Ең ыстық жыл мезгілі — жаз.
- Ауылда атам мен әжемнің үйінде демаламын.
- Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.
Таратпа 2
1-нұсқа (сұрақтар)
- Қандай сусын түрлерін жақсы көресің?
- Жазда ауа райы қандай болады?
- Жаздық киімдерді ата.
2-нұсқа (жауаптар)
- Жеңсіз көйлек, жаздық бас киім.
- Шырын, газдалмаған су.
- Жазда ауа райы ыстық.
Таратпа 3
1-нұсқа (сұрақтар)
- Қазақстандағы ірі демалыс орындарын ата.
- Тауға саяхатқа шыққанда не істеуге болмайды?
- Саяхатқа керекті заттарды ата.
2-нұсқа (жауаптар)
- Сөмке, су, бас киім.
- Бурабай, Алакөл, Балқаш.
- Қоқыс тастамау, суды ластамау.
Жарайсыңдар! Осы бекеттен де сүрінбей өттіңдер.
4-тапсырма. Грамматикалық бекет (қаламмен жұмыс)
Етістік — заттың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: не істейді? не болды? не қылды?
Мысалдар: оқыды, жазды, демалды.
Құрамына қарай
Дара етістік
Бір ғана түбірден тұрады.
Мысалы: баста, аяқта.
Күрделі етістік
Кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жасалады.
Мысалы: келіп отыр, жазып тұр.
Өзін-өзі бағалау: «Бағдаршам» әдісі
- Жасыл — ереже түсінікті.
- Сары — түсінікті, бірақ мұғалімнің көмегі керек.
- Қызыл — ереже түсініксіз.
Егер сары немесе қызыл түс көп болса, келесі сабақта түзету (коррекция) сабағын өткіземіз.
Тапсырма: сөйлемді аяқта
- Мұғалім мектепте жұмыс істе...
- Мен ертең дүкенге бара...
- Ағам институтта жұмыс істе...
- Ертең атам Астанадан келе...
- Сен бүгін дүкеннен кітап сатып ала...
Қосымша: табиғат туралы қысқа бейне/фильм көру.
VI. Рефлексия
«Демалыс себеті» әдісі: стикерлер арқылы бүгінгі сабақтан алған әсер мен түсінікті қорытындылау.
Бүгінгі саяхат сабақта өз білімдеріңмен барлық кедергілерді жеңіп, ғажайып мекенге жеттіңдер!
VII. Үй жұмысы
Тапсырма
Сурет бойынша шағын әңгіме құрау.
Бағалау
Сабақтағы белсенділік пен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағаланады.