Мынау - қонақ бөлме
Сабақтың тақырыбы
Біздің үйіміз, пәтеріміз
Сабақтың мақсаты
- Балаларды өз пәтеріндегі бөлмелерді дұрыс атай білуге және мекенжайын айта білуге үйрету.
- Сөздік қорын байытып, тіл мәдениетін дамыту.
- Ұқыптылыққа және әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері
Көрнекіліктер
- Көп қабатты және жеке меншік үйлердің суреттері.
- Пәтер бөлмелерінің көрнекі суреттері.
Меңгерілетін сөздер
Сабақ бойы негізгі ұғымдар мен бөлме атаулары бекітіледі.
Назар
Терминдерді анық, дұрыс айтуға көңіл бөлу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме?
1, 2, 3 — топтың іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз — сабақты біз бастаймыз!
2) Өткен сабақты қайталау
Қызыл
красный
Жасыл
зеленый
Сары
желтый
3) Фонетикалық жаттығу
пә-пә-пә — пәтер
бөл-бөл-бөл — бөлме
қа-қа-қа — қабат
қо-қо-қо — қонақ
із-із-із — дәліз
4) Жаңа сабақ
Балалардың назарын көрнекіліктерге аударып, жаңа сөздермен таныстыру.
Пәтер
квартира
Балалар бөлмесі
детская
Ұйықтайтын бөлме
спальная
Көп қабатты үй
многоэтажный дом
Жуынатын бөлме
ванная
Ас үй
кухня
Дәліз
прихожая
Бөлме
комната
Қабат
этаж
Қонақ бөлме
зал
Мекенжайым
мой адрес
5) Сергіту сәті
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
6) Тіл дамыту
Сөйлем құрауға жаттықтыру.
Мен көп қабатты үйде тұрамын.
Мен төртінші қабатта тұрамын.
Біздің пәтеріміз үш бөлмелі.
Пәтерімізде:
- Қонақ бөлме бар.
- Балалар бөлмесі бар.
- Ұйықтайтын бөлме бар.
- Жуынатын бөлме бар.
- Ас үй бар.
- Дәліз бар.
7) Сөздік ойын: «Дұрыс па? Бұрыс па?»
Оқушы суретке қарап жауап береді, мұғалім дұрыс нұсқасын нақтылайды.
Сұрақ
— Мынау ас үй ме?
Жауап үлгісі
— Жоқ, дұрыс емес. Мынау — қонақ бөлме.
Осы үлгі бойынша басқа бөлмелерді де тексеруге болады.
Қорытынды
Жаңа сөздерді қайталап, бекіту.
Үй тапсырмасы: өз пәтерінің (немесе үйінің) суретін салып келу және бөлмелерін атап беру.