Центрлік бұрыш
Сынып математигі сайысы
Бұл сайыс оқушылардың математикалық білімін жүйелеуге, ойлау жылдамдығын арттыруға және өз білімін еркін көрсетуіне мүмкіндік беретін шығармашылық-танымдық шара ретінде ұйымдастырылады.
Мақсаты
Білімділік
Сайыс шартына сүйене отырып, оқушылардың жалпы білімін жетілдіру.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін және есте сақтау қасиетін дамыту; тез шешім қабылдай білуге баулу; өз білімін көрсете алу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Пәнге қызығушылықты арттыру; ізденімпаздыққа және өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Барысы
Сынып оқушыларына төмендегі 5 іріктеу сұрағы қойылады. Осы сұрақтарға жауап берген оқушылар сайыс кезеңдеріне қатысуға мүмкіндік алады.
- Үшбұрыш дегеніміз не?
- Санның кубы дегеніміз не?
- Параллель түзулер дегеніміз не?
- Көпмүше дегеніміз не?
- Шеңбер дегеніміз не?
Осы 5 сұраққа жауап берген оқушылар ортаға шақырылады. Олар — сайысқа қатысушылар, яғни сайыскерлер.
Сайыс кезеңдері
-
I. Жедел сұрақтар
-
II. Алгебраға саяхат
-
III. Геометриялық ұғымдар
-
IV. Математикалық аукцион
-
V. Формулалар әлемі
-
VI. Қорытынды
Ескерту: алғашқы екі турдан кейін ұпайы ең аз бір оқушы ойыннан шығарылады.
I. Жедел сұрақтар
Бұл кезеңде 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
| № | Сұрақ | Жауап |
|---|---|---|
| 1 | Санның 0 дәрежесі | 1 |
| 2 | Теріс санның тақ дәрежесі | теріс сан |
| 3 | y = x² функциясының графигі | парабола |
| 4 | Санның 1 дәрежесі | сол санның өзіне тең |
| 5 | Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің тәсілдері нешеу? | 3 |
| 6 | 90°-тан үлкен бұрыш | доғал |
| 7 | Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырға | гипотенуза |
| 8 | Үшбұрыштар теңдігінің неше белгісі бар? | 3 |
| 9 | Хорда дегеніміз не? | шеңбер бойындағы кез келген екі нүктені қосатын кесінді |
| 10 | Шеңбердің екі радиусының арасындағы бұрыш | центрлік бұрыш |
II. Алгебраға саяхат
Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.
1) Өрнекті дәреже түріне келтіріңіз: a³ · a⁴ · a⁶
- A) a¹³
- B) a¹²
- C) a⁷²
2) Ұқсас мүшелерін біріктіріңіз: 5x − 7xy + 4xy
- A) −2xy
- B) 5x − 3xy
- C) 5x − 11xy
3) Көбейткіштерге жіктеңдер: 18pq³ − 9q⁴
- A) 9p(q³ − 9)
- B) 9pq(2q − q³)
- C) 9q³(2p − q)
4) Көпмүше түріне келтіріңдер: (m + 4)²
- A) m² + 8m + 16
- B) m² − 8m + 16
- C) m² + 16m + 8
5) Бөлшекті қысқартыңдар: 33y³ / 11xy
- A) xy
- B) 3y² / x
- C) 3xy²
Бұл кезеңнен кейін ұпайы ең аз бір оқушымен қоштасамыз.
III. Геометриялық ұғымдар
-
1) Геометрияның негізгі ұғымдары
Нүкте, түзу, жазықтық.
-
2) Бұрыштың биссектрисасы деген не?
Бұрыштың төбесінен шығып, оны тең екі бөлікке бөлетін сәуле.
-
3) Үшбұрыштың периметрі деген не?
Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.
-
4) Қабырғаларының ұзындықтарына байланысты үшбұрыш түрлері
Әр түрлі қабырғалы, тең бүйірлі, тең қабырғалы.
-
5) Тікбұрышты үшбұрышта тік бұрыш жасайтын қабырғалар қалай аталады?
Катеттер.
-
6) Түзу мен шеңбердің өзара орналасу жағдайлары нешеу?
3.
Бұл кезеңнен кейін ұпайы ең аз бір оқушы ойыннан шығарылады.
IV. Математикалық аукцион
Ереже: кім көп ұпай тіксе, сұрақ соған «сатылады». Егер жауап бере алмаса, қарсыласына жауап беруге мүмкіндік беріледі.
- Екі өрнектің қосындысының квадраты неге тең?
- Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?
- Көпмүшені көпмүшеге қалай көбейтеміз?
- Графигі кубтық парабола болатын функция?
- Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы?
- Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі болатын түзу қалай аталады?
- Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер дегеніміз не?
- 20 + 21 − 21
Бұл кезеңнен кейін де ұпайы ең аз бір оқушы ойыннан шығарылады.
V. Формулалар әлемі
Ең көп ұпай жинаған екі оқушы өздері білетін формулаларды жазып, сарапшыларға тапсырады.
VI. Қорытынды
Сарапшылар ұпайларды қорытындылап, «Сынып математигін» анықтайды.
Жеңімпаздар мен қатысушылар марапатталады.