Өлеңге сатылай кешенді талдау
Сабақ тақырыбы
А. Құнанбаевтың табиғат лирикасы.
Сабақ мақсаты
Білімділік
- А. Құнанбаевтың табиғат туралы өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын меңгерту.
- Көркемдік ерекшеліктерін таныту.
- Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Дамытушылық
- Оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.
- Өз ойын жүйелі жеткізіп, көркем әрі еркін сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік
- Табиғаттағы тіршілік иелерінің әсемдігін тануға тәрбиелеу.
- Табиғатты қорғау, аялау құндылығын орнықтыру.
Көрнекілік, түрі және әдісі
Көрнекілігі
Ақынның портреті, өлеңдер жинағы, әндері, табиғатқа байланысты суреттер, кесте, сөзжұмбақ, презентациялар, кластер, флипчарт.
Сабақ түрі
Дамыта оқыту, ізденіс сабақ.
Сабақ әдісі
Сатылай кешенді талдау, мәнерлеп оқу, түсіндіру, талдау-жинақтау, топтық және ұжымдық жұмыс.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа бейімдеу.
- Сыныпта жұмыс атмосферасын қалыптастыру.
Үй тапсырмасын тексеру
Оқушының өз қалауы бойынша:
- Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
- Абай Құнанбаев туралы презентация.
- Кластер: «Абай кім?»
- Абайдың әнін орындау.
Топтық жұмыс құрылымы
Сынып 4 топқа бөлінеді. Әр топ белгілі бір өлең бойынша жұмыс істейді: мәнерлеп оқу, сатылай кешенді талдау, жыл мезгілдерінің белгілерін салыстыру.
1-топ: «Жазғытұры»
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Сатылай кешенді талдау жасау.
- Жыл мезгілдерінің белгілерін салыстыру.
2-топ: «Күз»
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Сатылай кешенді талдау жасау.
- Жыл мезгілдерінің белгілерін салыстыру.
3-топ: «Қыс»
- Өлеңді мәнерлеп жатқа оқу.
- Сатылай кешенді талдау жасау.
- Жыл мезгілдерінің белгілерін салыстыру.
4-топ: «Желсіз түнде жарық ай»
- Өлеңді мәнерлеп жатқа оқу.
- Сатылай кешенді талдау жасау.
- Жыл мезгілдерінің белгілерін салыстыру.
Жаңа сабақ: кіріспе ой
Бір туатын ғасырда… рабайда,
Мен ешкімді теңемем ұлы Абайға.Иран-Ғайып
Бүгін біз қазақтың жазба әдеби тілінің негізін қалаған, теңдесі жоқ ақын Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасын қарастырамыз.
Табиғат — адамның еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Табиғатты әлем ақындарының бәрі де жырлаған. Абай өлеңдерінде табиғат көрінісі адам тіршілігімен, мінезімен, көңіл күйімен сабақтасып, айрықша көркемдікпен беріледі.
Сұрақ-жауап
Абайдың табиғат лирикасына арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?
«Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай».
Бүгінгі талдау нысаны: «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдері.
Өлеңдерді мәнерлеп оқу
«Жазғытұры» (үзінді)
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Түйе боздап, қой қоздап — қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.
«Күз» (үзінді)
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес, бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай.
«Қыс» (үзінді)
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы — үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Сатылай кешенді талдау үлгісі («Жазғытұры»)
- Авторы
- А. Құнанбаев
- Тақырыбы
- Жазғытұры мезгіліне тән табиғат көрінісі
- Жанры
- Поэзия
- Идеясы
- Жыл мезгілінің жанға жайлылығын, еңбекке қолайлылығын дәріптеу
- Құрылымы
- 2 шумақ, 8 тармақ
- Өлшемі
- 3 бунақ, 11–12 буын
- Ұйқас түрі
- Қара өлең ұйқасы (а–а–б–а)
- Көркемдік тәсілдер
-
- Теңеу: «масатыдай», «ата-анадай»
- Кейіптеу: «ата-анадай елжірер күннің көзі»
- Сөздік жұмысы
-
- Жазғытұры — көктем.
- Сыз — ызғар, суық леп.
- Масаты — қымбат мата.
- Негізгі түйін, тәрбиелік мәні
- Өлең адамды табиғатпен бірге түлеп, еңбекке құлшына кірісуге үндейді; табиғаттың жаңаруын өмірдің жаңаруымен байланыстырады.